Сабақтың тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»



Дата06.07.2018
өлшемі64 Kb.
#48085
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып,оны күтіп-баптауға,аялауға,оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар туралы білімдерін

толықтыру,құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасау-

ға тәрбиелеу.Тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту.Балаларды

табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білім дерін толық ұғымға жетілдіру.



Барысы:Көңілді әуен ойнайды,сол кезде ортаға

Көрнекіліктер: құстар бейнеленген суреттер,құстар жайлы мақал-мәтелдер

«Жүргізуші» кіреді.

Жүргізуші: Келді көктем қоңыр салқын желімен,

Келді көктем нұрын шашқан күнімен.

Келді көктем қызыл,жасыл гүлімен,

Келді көктем әдемі құс үнімен,-дей отырып,

Бүгінгі сайысымызыға түсетін топтарымызбен таныстырып өтейік

«Көгершін» ттобы

«Құстар-қанатты достар»

«Қанатты достар»

«Қыран»

«Құс жанашырлары\»

Жүргізуші: Келесі кезекте әділқазыларымызбен танысайық

Бүгінгі сайысымыздың бөлімдері

1. Командалар өздерін таныстырып өтеді(атын,ұранын айтады) Эмблема байқауы (тақырыпқа сай болу керек)

2.Кім көп біледі деп аталады (Мақал-мәтелдердің жалғастыру)

3.Құстардың (атын үш тілде білу: қазақша, орысша,латынша), құстардың аяғын , құстардың дауысын,құстардың ұясын, жұмыртқаларын анықтау

4. «Құстар біздің досымыз» атты фото суреттер байқауы(15х20 фото рамкаға салынуы керек)

5.Байқау «Құстар үйі» (Жұмысты дайындап алып келіп құрастырып беру -10 мин)

6.Газеттер байқауы

7.Қорытынды

Жүргізуші: Балалар ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске түсірейікші, ол үшін мен сендерге құстарға байланысты жұмбақ жасырамын.

Шарлап келіп даланы,

Үйіме,үйін салады. (Қарлығаш)
Су бетін сүзіп,

Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу)


Түнде жортады,

Жарықтан қорқады. (Жарқанат)


Тақылдатып,мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді,зиянкесті тазалар. (Тоқылдақ)

Жүргізуші: Біздер жаңа құстар туралы біраз жұмбақтар шештік.Енді сайысымызды бастайық

. 1-бөлім-Командалар өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер

Командалар сөз кезегі өздеріңізде.

Жүргізуші: ән:

2.Жүргізуші : Кім көп біледі (Мақал-мәтелдердің жалғастыру)

1)Күндіз бүркіт алса,түнде үкі алады

2)Құс жеткен жеріне қонады

3) Көліне қарай қазы



Заманына қарай сазы

4) Шабан үйрек бұрын ұшар.

5) Қаз тойғанына семірмейді

Орғанына семіреді

6) Қайырсыз сұңқардан



Қайырлы тұрымтай артық

7) Қара құс басып жейді



Сұңқар шашып жейді

8) Баба бүркіт барлап ұшады



Бала бүркіт парлап ұшады.

9) Сауысқан тоты боламын деп



Жүрісінен жаңылыпты

10) Бір қарлығаш келгенімен жаз болмайды



Бір сауысқан келгенімен қыс болмайды.

11) Жапалаққа күннен түн жарық

12)Ісің оңға басарда

Қарға салсаң қаз ілер

Іс қырсыққа шабарда

Сұңқар салсаң,аз ілер

13) Аспандағы сұңқардан



Қолдағы тұрымтай артық

14) Көлдің құты кетсе



Құтаны үш күн бұрын кетер

15) Алса құсым



Алмаса –желпіуішім

16) Қаз келсе жаз келер,қарға келсе қатқақ келер

17) Соқыр тауыққа бәрі бидай.

3.Жүргізуші: Құстардың (атын үш тілде білу,қазақша орысша,латынша) құстардың аяғын,құстардың дауысын, құстардың ұясын,жұмыртқаларын анықтау

№ 1-құс/ Торғай-воробей-спәрәу

№ 2-құс/қарға-ворона-мәгпи

№3 –құс/қараторғай-скворец-стаалиң

№ 4-құс/ақтұмсықты қарға-галка-доо

№5-құс тоқылдақ-дятель-удпекі

№6-құс көкшымшық-синица-томитит

№7-құс/бұлбұл-соловей-найтиңдейа

№8 құс/қарлығаш-ласточка-суолләу

№9 құс/қаз-гусь-гууз

№10 құс үйрек/утка-дак

Оқушылар құстар туралы өз өлеңдерін оқиды.



Жүргізуші: Ғажайып сәт: ән: «Ақ көгершін»

Келіп көктем құстары,

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.

4.Жүргізуші: «Құстар үйі» Яғни бұнда командалар өздерінің алып к елген құстар үйін таныстырады 1-болып «Көгершін» тобы

(Командалар таныстырады)



5.Жүргізуші: Газеттер байқауы. (командалар өздерінің құстар туралы газеттерін таныстырады)

6. Жүргізуші: Викториналық сұрақтар:

  1. Басында тарағы бар ,бірақ шашыңды тарай алмайсың . (Әтеш)

  2. Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? (Қарлығаш)

  3. Қай құс өзінің атын қайталайды? (көкек)

  4. Қандай құс хат тасушы атанған?(көгершін)

  5. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)

  6. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

  7. Құстың негізгі мекені? (Ұя)

  8. Ең ірі құс (тұйеқұс)

  9. Ең әдемі құс (жұмақ құсы)

  10. Ең тыныш құс (ақ бас)

  11. Суыққа ең төзімді құс (пингвидер)

  12. Жер бетіңдегі ең алып құс (африкалық тұйеқұс)

  13. Ең күлгіш құс (кукабара)

  14. Ең жыртқыш құс (кеа)

  15. Ең салмағы ауыр құс (казуар)

  16. Ең сирек құс (калифорния)

  17. Ең ұсақ құс(колибралар)

Жүргізуші: Қорытынды (Әділқазылар алқасы)

Көктем мезгілінде айналаның бәрі әсем гүлге толы,ағаштардың бұтақтары бүршік атып,ауа-райы күрт өзгеріп,дала жайнай түседі.Елімізде,жерімізде, әрқашанда бейбітшілік орнап,тыныш заман болсын.Олай болса бүгінгі сайысымызды мынандай өлең шумақтарымен аяқтағым еліп тұр.

Көктем келді,құс келді,

Ойнаймыз біз саз илеп.

Біздің көлге түстенді,

Былтыр кеткен қаз-үйрек.

Былтыр кеткен қаз-үйрек.

Алақай-ау,балақай,

Қандай жақсы көктемгі-ай!

Гүлге оранды далалар,

Келді ауылға көп торғай.

Келді ауылға көп торғай.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Облыстық «Ивушка» балалар туберкулез санаторийі



 


Тақырыбы:

Тобы:І


Өткізген :Жумагельдина.К.Ш.

Орал қаласы – 2016 ж.


МЕНІҢ АРМАНЫМ

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Оқушының аты-жөні:------------------------------------------------------------------------
Каталог: uploads -> 2018 -> post02
post02 -> СҚО, Есіл ауданы «Горное негізгі мектебі» кмм мусина Динара Муратовна
post02 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан барысы мультфильм негізінде Сабақ негізделген оқу мақсаттары
post02 -> Бастауыш сынып мұғалімі: Байтлеуова Ж. Ш. Астана қаласы №84 мектеп-лицейі «Толағай» зияткерлік сайысы Мақсаты
post02 -> Армысыңдар, бүгін жиналған қауым!
post02 -> Тақырыбы: «Great Britain» «Ұлы Британия» Апталықтың ашылуы. Мақсаты
post02 -> «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №4 орта мектебі» мм
post02 -> Ұлыстың ұлы күні
post02 -> Дипломдық жұмыс Мамандығы: 5В011900- шет тілі: Екі шетел тілі Қазақстан Республикасы Алматы, 2017
post02 -> Сабақ тақырыбы: І. Есенберлин өмірі мен шығармашылығы
post02 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру. Сабақ нәтижесі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет