Сабақтың тақырыбы: Табиғат байлығы



Дата23.05.2017
өлшемі118,05 Kb.
#16606
түріСабақ
Сайфиддинова Б.,

№109 жалпы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

ОҚО, Шымкент қаласы

Сабақтың тақырыбы: Табиғат байлығы

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға табиғат байлығы, ресурс ұғымы, оның түрлері, маңызы жайлы білім беру.

Дамытушылығы: Табиғаттағы таралған ресурстарды сызба-суреттер арқылы көрсетіп, оқушылардың көру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелігі: Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, халық педагогикасы қағидаларын пайдаланып экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақты өткізу формасы: Топтық

Сабақтың әдістері: Түсіндіру, әңгімелеу, ой қозғау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: Биология, бейнелеу, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша әдебиеттер, интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, Қазақстанның физикалық картасы, электронды оқулық.


Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Жасырын сұрақтар»

ә) «Сурет жұмбақ»

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

ІV. Жаңа сабақ

«Ой қозғау стратегиясы»

а) баяндау (сурет, сызбалар, слайд арқылы баяндау)

ә) картамен жұмыс;

б) дәптермен жұмыс

V. Жаңа сабақты бекіту.

Сөзжұмбақ «Ресурс»

VI. Қорытындылау

VII. Бағалау

VIII. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу;

ә) сыныпты екі топқа бөлу

«Нұр», «Тамшы»

б) оқушылардың назарларын сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Мұғалім: Балалар, үйге қандай тасырма берілді?

Балалар: Адамның табиғаттағы алатын орны.

(Үй тапсырмасы ойын түрінде сұралады. Ойынның шарттарымен мұғалім таныстырады).

«Кім тапқыр?» ойыны. Екі топқа сұрақ қойылады.

1-кезең. «Жасырын сұрақтар»



  1. Табиғат адамды неге тәрбиелейді?

  2. Табиғат көріністері салынған суреттерді қалай атаймыз?

  3. Табиғаттың ғылымдық маңызы қандай?

  4. Табиғатың адам үшін тәрбиелік маңызы қандай?

  5. Табиғат жайлы өлең жазған қандай ақын-жазушыларымызды білесіңдер?

  6. Адам үшін табиғаттың сауықтыру маңызы қандай?

  7. Табиғаттың өндірістік және экономикалық маңызы.

2-кезең. «Сурет жұмбақ»

  1. Үй жануарлары адамдарға не береді?

  2. Үй жануарларының адамзатқа қандай пайдасы бар?

(бұл сұраққа жауап беруге түрлі түсті сызықтар көмектеседі)

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

Үй тапсырмасы. Шыңғыс Айтматовтың мына сөзімен қорытындыланды: «Адам табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол бізге тәуелді».

Жаңа сабаққа дайындалу

«Ой қозғау стратегиясы»

«Табиғат байлығы» дегенді қалай түсінесіздер?

ІV. Жаңа сабақ

Жоспары: Табиғат ресурстары



  1. Сарқылатын ресурс

  • Қалпына келетін ресурс

  • Қалпына келмейтін ресурстар

  1. Сарқылмайтын ресурс

а) Баяндау (сүрет, сызбалар, слайд арқылы баяндау)

ә) Картамен жұмыс

б) Дәптермен жұмыс (конспект)

Табиғат пен қоғам бүтін нәрсенің екі бөлігі. Табиғат ресурстарын пайдалана отырып, оның сарқылатын деңгейін анықтап, оны қорғау жолдарын дер кезінде қолға алуымыз керек.

а) Ресурс дегеніміз – адамға қажет деген нәрсенің барлығы. Француз тілінен аударсақ «нәрсе», «қор» деген мағынаны білдіреді.
Табиғат ресурстар –

Су,


Жер,

Ауа,


Жануарлар дүниесі,

Топырақ, Пайдалы қазбалар,

Жел,

Өсімдік
Осы ассоциация экранға шығады. Жер бетіндегі қалпына келетін өсімдіктер мен жануарлар биоресурсының суреттері экраннан көрсетіледі.



ә) Картамен жұмыс. «Қазақстанның физикалық картасы». Қазба байлықтарды көрсету.

б) Дәптермен жұмыс. Оқушыларға сызбалар конспект түрінде дәптерлеріне жазылады.



Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз бір дем алайық.

Күн ұйықтайды.


Күн оянады.
Жел соқты.
Жаңбыр жауды.
Бұлт шатырлады.
Күн ашылды.
Жел басылды.
V. Жаңа сабақты бекіту.

  • 2 топқа бірдей сұрақтар қойылады.

  1. Ресурс дегеніміз не?

  2. Ресурстардың қандай түрлерін білесіңдер?

  3. Табиғи ресурстар нешеге бөлінеді?

  4. Сарқылатын ресурстарға қандай ресурстар жатады?

  5. Сарқылмайтын ресурстар нешеге бөлінеді және оған қандай ресурстар жатады?

  6. Өсімдіктер мен жануарлар қай ресурс түрлеріне жатады?

  • Сөзжұмбақ «Ресурс»

  • Ребус






Сұрақтары:



  1. Жердің құнарлы қабаты (Топырақ)

  2. Қазіргі заманғы қандай диірмендері атмосфераға және қоршаған ортаға зиянын тигізбейді? (Жел диірмен)

  3. «Ресурс» сөзінің француз тілінен аударғандағы мағынасы. (Нәрсе)

  4. Әр түрлі газдардың қосындысы. (Ауа)

  5. Қалпына келмейтін ресурсқа жататын пайдалы қазбалар (Көмір)

  6. Жер бетінде ең күрделі проблемаға айналған сарқылмайтын ресурс түрі. (Су)

VI. Қорытындылау

Жеңген топтың ұпай сандарын санап, жеңген топты мадақтау.

VII. Бағалау

Әр топтағы белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма



  1. Оқулықтағы 55-тақырыпты оқып келу;

  2. «Табиғатты қорғау» тақырыбына эссе жазып келу.

Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет