Сабақтың тақырыбы Тағам құрамындағы қоректік заттар №4 практикалық жұмыс Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау



Дата08.04.2020
өлшемі128,66 Kb.
#61972
түріСабақ
Байланысты:
0013779d-e42eb249


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: №38 Сұлутөр орта

7.4A Адам ағзасындағы химиялық элементтер мектебі

Күні: Мұғалімнің аты – жөні: Ыдырыс А.Н. Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Тағам құрамындағы қоректік заттар

№4 практикалық жұмыс”Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.5.1.1 -тағам өнімдерін химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну;

7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білу және анықтай алу



Сабақтың мақсаты


Барлық білім алушылар

Тағам құрамындағы қоректік заттарды зерттейді, түсіндіре алады



Бағалау критерийі

Тағам құрамындағы қоректік заттарды практикалық жұмыс арқылы пайдалана алады.

Тамақ құрамындағы қоректік заттарды қолдана алады.

Қоректік заттар туралы қортынды жасай алады


Тілдік мақсаттар

Білім алушылардың тілдік дағдыларын, ойлау әрекеттерін жақсарту мақсатында пәнге қатысты лексика мен терминология ұсындым.

Тағам өнімдері, қоректік заттар, химиялық қосылыстар.



Диалогқа /жазылымға қажетті тіркестер

Тағам құрамындағы қоректік заттарға мыналар жатады..........

Көмірсулар, бұл .........

Ақуыз, бұл.......

Дәрумендер, бұл.........

Майлар,бұл..........



Құндылықтарға баулу

Еліміз денсаулық сақтау мен салауатты өмір салтын ұстанатын зайырлы және жоғары руханиатты ел.

Пәнаралық байланыс

Биология,жаратылыстану

Алдыңғы білім

6.4.2.8. Ағзалардың бөліп шығару өнімдерін сипаттау.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

Сәлемдесу, білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру, білім алушылардың сабаққа дайындығына назар аудару, оларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Шаттық шеңберін жасай отырып, білім алушылар 2 топқа бөлініп отырады. Әр топтан топ басшы сайланып, бағалау парақтары таратылады.

  1. Көмірсулар тобы

  2. Ақуыздар тобы

Үй тапсырмасын пысықтау үшін өткен тақырып бойынша білім алушылардан«Ой қозғау» әдісімен химиялық диктант аламын. (жеке жұмыс - ЖЖ): (Бұл жерде білім алушылардың жазылым,оқылым, есте сақтау дағдылары дамиды.)


  1. Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір .....................................қабілетін көрсетеді.

  2. Заттардың құрамын ...... арқылы өрнектеп, оның ....................... жазуға болады

  3. Заттың .............. арқылы оның ...........табылады

  4. Егер заттың формуласының алдына сан қойылса ол ................ деп аталады.

  5. Индекс элемент таңбасының ...........көрсетіледі.

Тапсырма жеке оқушыларға беріліп, өзара парақ немесе дәптер алмасу арқылы дұрысталады. Дұрыс жауап интербелсенді тақтада көрсетіледі. Дұрыс орындаған оқушыларға "жұлдызша" беріледі.
Өткен сабақты пысықтап болған соң, спиральді тәсіл бойынша оқушыларға тағамның құрамындағы қоректік заттар туралы әңгіме қозғап біртіндеп жаңа тақырыпқа көшемін.



Сабақтың ортасы

Білу және түсіну деңгейі

(топтық жұмыс- ТЖ):

Практикалық жұмыс

(Бұл тапсырма білім алушылардың оқылым, айтылым және тыңдалым дағдыларының қалыптасуына көмектеседі)



Бірінші топқа арналған тапсырма:

А.Биурет реакциясы-нәруызды анықтау.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар:

Мыс сульфаты ерітіндісі,натрий гидроксиді,жұмыртқа нәруызы,сынауық,штатив

Жұмыс барысы:

1.Жұмыртқа нәруызын сумен араластырыңдар

2.2 мл нәруызды сынауыққа құйыңдар

3.Тамшуыр көмегімен 2мл натрий гидроксидін және 5тамшы 1%-дық мыс сульфатын қосыңдар



Екінші топқа арналған тапсырма:

Майды анықтау тестісі

Реактивтер мен құрал-жабдықтар:

Күнбағыс тұқымдары немесе грек жаңғағы,сүлгі немесе ақ қағаз

Жұмыс барысы:

1.Күнбағыс тұқымдарын немесе грек жаңғағын сүзгі қағазға салыңдар

2.Қасықпен тұқымды басып,жаншыңдар

3.Бақылау жүргізіңдер




Не істедім?

Не байқадым?

Қорытынды










Дескриптор

1.Заттарды толық дәлелмен анықтайды

2.Заттарды анықтайды

3.Заттарды жартылай анықтайды

4.Қауіпсіздік техникасының ережелерін толық біледі

Сөздік бағалау (ауызша кері байланыс)

Мұғалім білім алушыны жаттығуларды жақсы орындағаны үшін мақтайды, осылайша ауызша кері байланыс орнатады. Осыған орай білім алушы берілген материалды немесе мағлұматты сәтті ұққандары жайлы түсінуіне болады. Мұғалім білім алушыға тапсырманы орындағандағы қателерін көрсетеді. Ол оның жұмысына ешқандай белгі қоймайды, бірақ оны бағалайды. Нәтижесінде білім алушылар жетістікке жетулері үшін одан әрі биік нәтижелерге жетуі керек деп ұйғарады.


2-тапсырма(жеке жұмыс - ЖЖ):бұл Блум таксономиясының қолдану сатысына жатқызылады. Себебі білім алушылар алған білімдерін одан әрі дамыта түседі, яғни қолданады.( Бұл жерде білім алушылардың жазылым,оқылым, есте сақтау дағдылары дамиды. )

Кестемен жұмыс.



Адам ағзасына қажет тағамдық өнімдерді химиялық заттардың жиынтығына байланысты жіктеңіз: грек жаңғағы, шемішке майы, сиыр еті, жұмыртқа, картоп, айран, нан, күріш, қияр, апельсин, зәйтүн майы, алма, сары май, печенье.

Тағам аты

Құрамындағы

Ақуыз

Көмірсу

Майлар

Дәрумендер

грек жаңғағы













шемішке майы













сиыр еті













жұмыртқа













картоп













айран













нан













күріш













қияр













апельсин













зәйтүн майы













алма













сары май













печенье













Дескриптор: Білім алушы

- адам ағзасына қажет тағамдық өнімдерді химиялық заттардың жиынтығына байланысты жіктейді;

- кестеге ақуызды жіктейді;

- кестеге көмірсуды жіктейді;

- кестеге майды жіктейді;

- кестеге дәруменді жіктейді..



Бағалау. «Бірін-бірі бағалау»

Білім алушы тапсырма жауабын экранда берілген жауаппен тексереді. Дұрыс жауаптарын белгілегеннен кейін дескрипторлары экранда көрсетіліп, білім алушы өздерінің нені білмейтіні туралы біледі, бірін-бірі бағалайды.


3-тапсырма. (топтық жұмыс- ТЖ):

(Бұл тапсырма білім алушылардың оқылым, айтылым және тыңдалым дағдыларының қалыптасуына көмектеседі)

Тағам құрамындағы қоректік заттарға мысал келтіріп, оны өмірмен байланыстырыңыз.

Дескриптор:

-тағамның құрамындағы қоректік заттарды өмірмен байланыстырып түсіндіре алады;

-тағамның құрамындағы қоректік заттарды адам өміріндегі маңызын түсінеді;



Химия 7 сынып

Оспанова М.Қ



Сабақтың соңы

Бағалау

Үй тапсырмасы

Білім алушыларға рефлексия

«Тазалық» ойыны

Білім алушыларға бір парақ беріледі. Онда мына суреттер салынған:




1.


2.




3.








- Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.
«Басбармақ» әдісі, өзін-өзі бағлау

Тағам құрамындағы қоректік заттар. Тқырыптың соңындағы сұрақтарға жауап беру.





Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Мен оқушыларды мадақтау арқылы қолдау көрсетіледі.



Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз

Адам ағзасындағы көмірсуардың әсерін зерттеу.



Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Дескрипторлар арқылы бағалау.



Денсаулық және қауіпсіздік техикасын сақтау

Техника қауіпсіздік ережесін сақтау ескертіледі.










Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы бағалау:

1:

2:

Сабақтың бұданда жақсы өтүіне не оң ықпал етер еді (оқу мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері\қиыншылықтары тұралы нені анықтадым , келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет