СабақТЫҢ тақырыбы: тасымал. ӨЗ астанам- өз ордам



Дата31.01.2018
өлшемі66,29 Kb.
#36315
түріСабақ
ОҚО Шардара ауданы "Алатау" батыр ауылы

№ 3 «Қазақстан» бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейсенова Базаркүл Кондыбаевна



АНА ТІЛІ 1 СЫНЫП.

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ТАСЫМАЛ. ӨЗ АСТАНАМ- ӨЗ ОРДАМ.



Сабақтың мақсаты: Тасымал жайлы түсінік беру. Н. Айтовтың «Өз Астанам- өз ордам" өлеңінің мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

         Тасымал жайлы оқушыларға білім беріп, сөздердің тасымалдану жолдарын меңгерту. Астана жайлы білімін кеңейту.

         Астана қаласымен таныстыру арқылы оқушылардың дүниетанымын, тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Мәнерлі оқуға жетелеу. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру. 

         Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жерді құрметтеуге, әсемдікке, сұлулық сырын ұғынуға тәрбиелеу. Ән айтуға баулу.


Сабақтың түрі: дамыта оқыту сабағы

Сабақтың моделі: ИОТ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, пікірлесу, тауып айту, ми шабуылы, ой өрбіту, оза шаба оқыту, түйіндеу, ширату, «Өз позицияңды ұстан» стратегиялары, ойын жаттығулар.

Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта топтамасы, слайдтар, бағалау белгілері, суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: Ι. Ұйымдастыру: Әнұранды орындау

ΙΙ. Үй жұмысы: Мұғалім:

- Балалар, Әнұран еліміздің несіне жатады?

- Ел рәміздерін атап жіберіңдерші.

- Әнұран авторлары кімдер?

- Ендеше, үйге берілген Ө.Ақыпбекұлының «Әнұран» өлеңін жатқа айтып берейік.

 - Автор жайлы не естеріңде қалды?



Ақыпбекұлы Өтепберген (8.10. 1950 жылы Алматы облысы, Қапал ауданы, Ақсу ауылында туған) - акын. 

    1973 - 1985 жылдары "Қапал еңбеккерлері" газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1985- 1995 ж. "Қазақ әдебиеті", "Жалын", "Денсаулық", "Жанашыр", "Халық конгресі" басылымдарында аға тілші болып жұмыс істеген.

Ескерту: сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларға «Бәйтерек» белгісін беріп отырамын. Белгілерді санау арқылы бағаланасыңдар: 5 белгі- «5», 4 белгі- «4», 3,2 белгі- «3», 1 н/се еш белгі жоқ - «2»

ΙΙΙ. Жаңа сабақ:  

- Тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы қай қала?

- Қазақстан картасынан тауып беріңдерші.

-Ендеше, бүгін Н.Айтовтың «Өз Астанам- өз ордам» өлеңін оқимыз.

1.Автормен таныстыру:

   Айтов Несіпбек Тұрысбекұлы (22.9.1950 жылы туған, ҚХР, Шынжаң өлкесі, Шәуешек ауданы, Теректі- Қақпатас елді мекенінде туған) - ақын. 

    ҚазҰУ-ды бітір­ген (1974). 1967 - 69 ж. Семей облысы, Шұбартау ауданы, "Жаңа өмір" газетін­де әдеби қызметкер. 1974 - 84 ж. "Балдырған" журналында бөлім меңгерушісі, 1984- 85 ж. "Жалын" баспасында редактор. 1997 - 2001 ж. "Қазақ әдебиеті" газетін­де сын бөлімінің, "Жұлдыз" журна­лында поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 

2. Мәтінмен жұмыс:

*  Мұғалімнің үлгі оқуы

*  Түсініксіз сөздермен жұмыс: Өркен- өскін, шыбық, бұтақ (өркендеу- даму, өсу, үлкею)

Орда сөзіне түсінік: 14-15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік- экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың халқы – қыпшақтар.

         Бір шумақтан хормен оқыта отырып, мәтін мәнін ашу мақсатында талдау жұмысын жүргізу

         

         Мәтінді тізбектей оқушыларға оқыту.

         Сергіту сәті: «Қазақстан- туған жерім» әнін хормен айту.

Мұғалім:

Тақтаға бәріміз қарайық, 


Мұқият назар салайық. 
Бас қаламыз –Астана жайлы 
Білімімізді толықтырып алайық. 
Қосымша деректер:

Тарихы: Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді

1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді

Қаланың атауы қазақша елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. 

Тұрғындары: Астанада 808 429 адам тұрады (1 қараша 2013). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Осы тенденция сақталса қала халқының саны бірнеше жылда миллионға жетеді. Қазақстанның Алматы қаласынан кейінгі тағы бір миллионер қаласы тіркеледі. 

       Қалаға көрік берер жерлері:

         Сулы-Жасыл бульвар — Астана орталығындағы жаңа көше

         Ақ-Орда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы

         Бәйтерек — Астананың басты символы  (биіктігі 97 метр, 1997 жылы көшірілуіне байланысты)

         Тәуелсіздік Сарайы — мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады

         Бейбітшілік пен келісім сарайы — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат

         Хан-Шатыр — Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы

    Астана Есіл өзенінің бойында, Сарыарқа жерінде орналасқан . Есіл өзенінің бойында "Интерконтиненталь” қонақ үйі,  жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында бес жұлдызды "Алатау” қонақ үйі салынды. Бәйтерек – Астананы құс ұшатын биіктіктен көрсетеді. Шардың ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оң қолының таңбасы бар үшбұрышты күміс бойтұмар орналасқан. Ал «Думан» ойын - сауық орталығында әлемде теңдесі жоқ, ішінде акула, сегіз аяқ, жайын, скат, қылышбалық, бекіре сияқты неше түрлі балықтар жүзіп жүрген мұхиттық аквариум. Кешенде «Джунгли» аттракционы, интерактивті ойындар зонасы, аквапарк бар. Қалада Ұлттық академиялық кітапхана, оқу орындары бой көтерді (мұғалім слайдтан көрсете отырып баяндайды).

Астана қаласының панорамасы



Мүғалім:
«Астана» сөзінің тасымалдану жолдарын сұрау.

- Сөздің тасымалдануы неге байланысты болады?  
- Ал , буын саны неге байланысты болады?
- Астана сөзі жазып келе жатқан жолға сыймаса, не істеу керек?

- Ал, енді Астана сөзін тасымалдап көрейік

- Неше жолмен тасымалдаймыз? (1)Ас-тана, 2) Аста-на) 

Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды: 
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, күрт, жұрт т.б. 
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия т.б. 
3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А.Құнанбаев, М.Әуезов, С.Торайғыров, Г. Дулатова т.б. 
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11- сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз, 
70 км, 52 кг, 120 г т.б. 
5. Бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ  т.б. 

Тапсырма: 1) Тасымалданбайтын сөздерді тап (ауызша)

Отан деген- атамекен

Отан деген- туған жер.

Отан- ана,

Отан- үлкен.

Қазақстан- туған ел.

              (Ермек Өтетілеуұлы)

2)      Үлгіге қарап, бағандарға орналастыр:



Үй тапсырмасы.

Сабақты қорыту:

Бағалау.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет