Сабақтың тақырыбы: Тетікбөлшектерді бұрандаманың және ұстастырманың көмегімен бекіту Пәні: Сызу



Дата17.06.2018
өлшемі25,85 Kb.
#42398
түріСабақ
Маңғыстау техникалық колледжі

Сабақтың тақырыбы:

Тетікбөлшектерді бұрандаманың және ұстастырманың көмегімен бекіту

Пәні: Сызу

Оқытушы: А.Адайбаева

2017ж.

Тетікбөлшектерді бұрандаманың және ұстастырманың көмегімен бекіту
Адам байлығының ең тамашасы –білім.

Әбу-р-Райхан әл Бируни
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерді бекіту тетікбөлшектерімен таныстыру және олардың өлшемдерін анықтап, сызбаларын салуды үйрету.

Дамытушылық: Студенттердің логикалық ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Студенттерді тиянақтылыққа,ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, белсенділікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты слайдтар, интеракативті тақта, бекіту тетікбөлшектері: бұрандама, ұстастырма, сомын,тығырық.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Студенттермен амандасу, оларды түгендеп сабаққа бейімдеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген сызбаны тексеру.

Сұрақ-жауап арқылы дайындықтарын қарау.

1.Бұранда дегеніміз не?

2.Бұранданың қандай түрлері болады?(Студенттер слайдтағы тірек сызбаны толтырулары керек.)

III. Ой қозғау.

Сұрақтар:

1.Тетікбөлшектер дегеніміз не?

2.Бекіту дегеніміз не?



III.Жаңа сабақ. Интерактивті тақтадағы тірек сызбаның көмегімен бекіту тетікбөлшектері туралы мағлұмат беру.Бекіту тетікбөлшектеріне жататын бұрандамаға, ұстастырмаға,сомынға,тығырыққа жеке-жеке тоқталып, олардың түрлерін, атқаратын қызметтерін түсіндіру.

Венн диаграммасы арқылы бұрандама мен ұстастырманың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына тоқталу.

Слайдта бейнеленген бұрандама мен ұстастырманың көмегімен біріктіріліп тұрған тетікбөлшектің сызбасын түсіндіру.Тұрақты қатынастарды пайдалана отырып, бұрандаманың,сомынның,тығырықтың өлшемдерін табуды және сызбаларын салуды үйрету.

IV.Жаңа сабақты пысықтау.

Өтілген тақырыпқа байланысты сөзжұмбақты шешу.




 

 

 

 

 

Б

 е

к 

 і

 т

 у

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ұ

 с

 т

 а

 с

 т

 ы

 р

м 

 а

 

 т

 ы

 ғ

 ы

р

ы 

қ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 с

 ы

 з

 б

а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 с

 о

 м

ы 

н

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 т

 ү

 й

 і

 н

д

 е

 с

 у

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 п

а

р 

а 

 л

л 

 е

л 

 ь

 

 

 

 

 и

 з

 о

м

е 

 т

р 

 и

 я

 

 

 

 

 

 

 

 

 п

а

р 

а 

б 

о 

 л

а 

 

 

 

Сөзжұмбақтың сұрақтары:


1.Бұйымдарды бекіту үшін қолданылатын тетікбөлшектер қалай аталады?( бекіту)

2. Екі ұшында да бұрандалары бар цилиндр тәрізді сырық не деп аталалады?(ұстастырма)

3. Дөңгелек және ортасында дөңгелек тесігі бар,сақина тәрізді тетікбөлшек қалай аталады?

(тығырық)

4.Нәрсенің кескінінен және оны жасауға тиісті басқа да мәліметтерден тұратын құжатты қалай атаймыз? (сызба)

5. Ортасында бұрандалы тесігі бар,бұрандама мен ұстастырманың ұштарына бұрау үшін жасалған тетікбөлшек қалай аталады? (сомын)

6. а сызығынан в сызығына үшінші с сызығының көмегімен біртіндеп өту қалай аталады?

(түйіндеу)

7. Егер түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесі болмаса, олар қалай орналасады? (параллель)

8. Қазақшаға аударғанда «бірдей өлшем» мағынасын беретін, аксонометрияның бір түрі болып

табылатын проекця қалай аталады? (изометрия)

9. Тұйықталмаған қисық сызық лекаль қисықтарының қайсысына жатады? (парабола)



IV.Жаңа сабақты меңгерту.
1.Жаңа сабақты меңгерту мақсатында студенттерге практикалық тапсырма беріледі.Студенттер

бүгінгі сабақта өтілген сомынның өлшемдерін анықтау керек.Ол үшін тұрақты

қатынастарды пайдаланады.Сомынның номинал диаметрін d=25мм деп алып, оның сызбасын салады.

2.Студенттерге «Ғажайып шаршы» ойыны ойнатылады.Интерактивті тақтада іші әріптермен

толтырылған шаршы болады.Сол шаршының ішінен студенттер бүгінгі сабақта танысқан

сөздерді табу керек.



т

с

ұ

қ

п

а

б

а

р

б

ы

а

у

ы

ө

ь

ұ

г

т

е

ғ

ч

т

с

х

и

р

п

ы

к

ы

ц

ь

п

қ

ь

а

и

з

і

р

д

ь

а

ұ

р

н

ә

д

т

ы

о

у

і

ғ

и

д

і

а

у

қ

э

в

е

в

м

а

н

н

а

ж

ж

п

п

с

о

м

ы

н

ү

б

ұ

р

а

н

д

а


ж

ү

а

ұ

с

т

а

с

т

ы

р

м

а

3.Студенттердің бекіту тетікбөлшектерінің шартты белгілерінің оқылуын қаншалықты есте сақтағандықтарын байқау үшін студенттерге «Сиқырлы кесте» ойыны ойнатылады.





Атауы

Шартты түрде

белгіленуі



Номинал

диаметрі


Метрикалық

қадамы


Ұзындығы

Мемлекеттік

стандарт номері



Бұрандама

М12х1,5х60

МЕСТ 7798-70



12мм

1,5мм

60мм

МЕСТ 7798-70

Ұстастырма

М16х1,5х120х5,8

МЕСТ 22032-76



16мм

1,5мм

120мм

МЕСТ 22032-76

Сомын

М12х1,25

МЕСТ 5915-70



12мм

1,25мм


-

МЕСТ 5915-70

Тығырық

10 МЕСТ 11371-78

10мм

-

-

МЕСТ 11371-78


VI. Бекіту жұмыстары.

Студенттерге өтілген тақырып бойынша бекіту сұрақтары қойылады.

1. Сырық тәрізді басы деп аталатын жағына қарама-қарсы ұшында бұрандасы бар тетік бөлшек қалай аталады. (бұрандама)

2. Бекіту тетікбөлшектеріне нелер жатады? (Бұрандама,ұстастырма,тығырық,сомын)

3.Екі ұшында да бұрандалары бар цилиндр тәрізді сырық не деп аталалады?(ұстастырма)

4.Ортасында бұрандалы тесігі бар,бұрандама мен ұстастырманың ұштарына бұрау үшін жасалған тетікбөлшек қалай аталады? (сомын)

5.Дөңгелек және ортасында дөңгелек тесігі бар,сақина тәрізді тетікбөлшек қалай аталады?(тығырық)

6. Сомынның қандай түрлері болады?(Сомынның алты жақты призма, төрт жақты призма,

цилиндр, шаршы және дөңгелек тәрізді түрлері болады.)

7.Ұстастырма қандай бөліктерден тұрады?(Ұстастырма сұқпа ұшынан және қыспа ұшынан тұрады.)

8. H=0.7d қатынасы бойынша бұрандаманың қандай өлшемі аныұталады?(бұрандаманың басының биіктігі)

9. D=D2 =2d қатынасы бойынша нені анықтаймыз?(сомынды сырттай сызатын шеңбердің диаметрін,

бұрандаманың басын сырттай сызатын шеңбердің диаметрін)

10. l0= 1.5d қатынасы бойынша нені анықтаймыз?(бұрандаманың бұрандалы ұшының ұзындығын)


VII. Қорытынды. Сабақты қорытындылау.
VIII.Бағалау.
IX. Үйге тапсырма:

Номинал диаметрі d= 30мм, біріктірілетін тетікбөлшектердің қалыңдықтары а1 =20мм, а2 =15мм, болатын бұрандаманың сызбасын орындап келу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет