Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік ­­­‒ қазағымның арманы! Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биылғы жыл ‒



бет1/4
Дата25.06.2018
өлшемі0,49 Mb.
#44194
түріСабақ
  1   2   3   4
Астана қаласы

48 мектеп-лицейдің



бастауыш сынып мұғалімі

Әбіш Гаухар Темірханқызы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік ­­­‒ қазағымның арманы!

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биылғы жыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы екенін түсіндіру. Еліміздің бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру өз елінің тарихын танып білуге үйрету. Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Тәуелсіздік ел бақыты» тақырыбында слайдтар, қазақ елі рәміздерінің суреттері, карта, мақал-мәтелдер сайысы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

Біздің бағдарламада:

1.Отан туралы ой-пікір.

2. Тәуелсіздік деген не?

«Тәуелсіз Қазақстан» әдеби-музыкалық қойылымы.

3. Мақал-мәтелдер сайысы.

3. Оқушылар шығармашылығы.

4. Оқушылардың өз тілек лебіздерін жазуы.

«Отан» деген сөздің мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіреді.

Отан дегеніміз әр адамның туып өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.

Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің ғасырлар бойы ғұмыр кешіп, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, туған шаңырағы, яғни отбасымен, ағайын-туысымен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы.



Мұғалім: Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде «Отан» деген ыстық сезім тұрады. «Отансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық.

І-ші кезеңде сұрақ-жауап айдарына кезек берейік.

1. Қазақстан мемлекеті өзінің тәуелсіздігін қашан жариялады?

2. Біз қай Республикада тұрамыз?

3. Қазақстанның тұңғыш Президенті кім?

4. Қазақстанның рәміздерін атаңыз?

5. Қазақ тілі қандай тіл?



1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.

Данасы мен батыры көп қазақпын,

Көрген талай қияметін азаптың.

Аршындаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсін, тәуелсіздік, азат күн!



2-жүргізуші:

Әлемдегі кез келген ұлт үшін ең үлкен байлық, ол тәуелсіздік. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Бұл халықтың аңсап күткен, тынбай еңбекпен жеткен жетістігі.

Өзіңдікі Елің де,

Өзіңдікі Жерің де

Өзіңді өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төрінде, - дегендей, «Тәуелсіздік қазағымның арманы!» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.

Балалар, тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?

Өз алдына еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай, ішкі-сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды тәуелсіз мемлекет дейміз.



1-оқушы:

1986 жыл 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.



Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш тәуелсіз ел дүниеге келді.

Ән: «Тәуелсіздік күні»




Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет