Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – тәтті ұғым таңдайдағы. Сабақтың мақсаты



Дата04.05.2017
өлшемі83,9 Kb.
#15652
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – тәтті ұғым таңдайдағы.
Сабақтың мақсаты:
а) Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде азаттыққа ұмтылған қайсарлығы туралы түсінік беру.

ә) Оқушыларды Отанын, туған жерін, халқын қорғауға, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, патриоттық рухта тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның рәміздері, үнтаспа, үн қағаздар, желтоқсан

құрбандарының суреттері.


Сабақтың барысы:

Қош келдіңіздер, қадірлі оқушылар, мұғалімдер. Бүгін біз «Тәуелсіздік – тәтті ұғым таңдайдағы» атты сыныптан тыс сағатымызды Тәуелсіздік күніне және Желтоқсан оқиғасына арнаймыз.


Желтоқсан. 1986-шы жыл. Алматы қаласы. Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Кеңес Одағы халықтарының санасын толитарлық ұйқыдан оятты. Бүгін оған ешкім күдік келтірмейді. Жас демократия әлі қатая қоймаған сол аумалы-төкпелі кезеңде Орталық өз дегенін істеді.

Республика басшыларында өздері тағайындады. Халықтар жағдайында сол жақтан шешіп жатты. Империялық осы саясатқа наразылық білдірген қазақтың өрімдей 2,5 мың ұл-қыздары сол кезде орталық алаңға шыққан еді.

События на площади в Алмате – это выступление студенческой молодежи. Его уроки должны извлечь для себя активисты Казахстана, воспитатели молодежи. Нурлан Сегизбаев писал: Казахстанская молодежь вышла на площадь без каких бы то не было националистических мыслей и лозунгов. Она наивно верила, что может мирно высказать свое мнение, хотела отстоять демократическое право казахского народа, самому выбирать первого руководителя страны.
Жас өрімдей қазақтың ұл-қыздарының,

Торғайдай шыбын жандарын.

Қызыл жағалы ОМОН-дар келіп таптады,

Оларды ешкім жауапқа тартпады.


Темір, сойыл, күрек алып,

Мәскеуден бата алып.

Ешкімнен іркілмейді,

Еш жерге тіркелейді.

Ата – ананның көзінің қарасы мен ағындай,

Талай жастар жер астынан табылды-ай.

Халық үшін жанын салған ағалар,

Зұлымдықтың шашы талай ағарар.


Алматының алаңына бар студенттер жиналды,

Ақсақалы қазағымның амал таппай қиналды.

1986 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған халық

жастары наразылық білдіріп шеруге шықты.


Олар: «Тәуелсіздік керек», «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Өз елінің тәуелсіздігін аңсап шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деп кінә тағылды.
Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.


Сол күндері алаңға шыққан сан мыңдаған жастардың бәрі де қаһармандар еді. Өрімдей өреңдердің ішінде төрт боздақ бақилық болды. Олар: Ербол Сыпатаев, Сәбира Мухамеджанова, Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков.
- Ерболдың суретін көрсетіп, оның өмірі туралы айтады,
О, сұмдық заман – ай,

Көп зұлымдық жасалды.

Жағымпаздар жалтақтап,

Шаш ал десе, бас алды.

Талай боздақ елі үшін,

Қара жерге көмілді ...


Сабираның суретін көрсетіп, оның өмірі туралы айтады
Желтоқсан желі ызғарлы неткен ызғарлы,

Алып кетті ол қаншама сұлу қыздарды.

Суығы әлі жүректе жатыр сең болып,

Ұмыта алмаймыз сол күнгі тастай мұзқарды.


Сол күні айтшы, неше бір қыршын тек кетті,

Қаншама ана, қариялар жас төкті.

Ләззат Асанованың суретін көрсетіп, оның өмірі туралы айтады.
Есінде елдің, қаралы күн есінде,

16 – желтоқсан күні бесінде.

Сұлу Сәбира мен қайран пәк Ләззат,

Көздерін жұмды–ау жылай да, жылай шіркін–ай.

Өмірге олар ғашық еді ғой, неге өлді....,

Деген сұрақтар мазалайды ғой көп елді....


Қайрат Рысқұлбеков туралы айтып, суретін көрсетеді.

Атам десең, атыңдар! (Қ. Рысқұлбеков)


Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен қайсарлығымен көзге түскен қыршын жас Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Указом Президента Н.А. Назарбаева за гражданский подвиг, во имя свободы и независимости республики, присвоена высшая степень отличия – звание «Халық қаһарманы» с вручением знака особого отличия – «Золотой звезды» - Рыскулбекову Кайрату – бывшему студенту Алматинского архитектурно – строительного института.
«Жүрегімде желтоқсан» (өлең).
1996 жылы 18 қыркүйек күні Алматыдағы Желтоқсан және Сәтбаев көшелерінің қиылысында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолыңда

Жеңіл шықтың, бас имедің, қасардың,

Сойыл таяқ ойнаса да жанында

Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,

Күйініштен ауырады жүрегім,

Естігенде желтоқсанның ызғарын....


Қайсар ұлдың жан сыры.

Бұл дүниеде ең зор бақыт еркіндік екен ғой, кім білсін адамның бостандығы бір күнгі қапастығы бар ғұмырдан әлде қайда қымбат екенін енді білгендеймін. Осы түрмеде біздің күнімізді адам түгілі итіне бермесін. Арман құдық па, алдыңа қара артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұмда қойып кет, белді шеш те кешіп өт.


Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өркендер ақталады.

Ер намысын қорғасын сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.


Желтоқсан оқиғасының құрбанына айналған қыршын жастарды және осы күнге дейін оның озбырлығына жан азабын тартып жүргендерді құрметтеп осы жерде отырған оқушы, ұстаздарды 1 минут үнсіз тұруын сұраймын.

Прошу всех сидящих учащихся и учителей встать и почтить минутой молчания память погибших участников декабрьских событии 1986 года.


Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім!

Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім!

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» - көрініс.
16 – желтоқсан – тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жанында қалған күн.

Жасай берсін ұлы ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы – нағыз көркі жерімнің!

Мәңгілік болсын, баянды болсын ғұмырың!

Құтты болсын, мықты болсын тәуелсіздік ғұмырың

Біз қазақпыз,

Есігі ашық, төрі кең.

Жылап өттік, жылдар өмір өрінен,

Жетер енді, желпінейік, қарайық,

Мына өмірге иегердің көзімен.
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш тәуелсіз ел дүниеге келді.
«Тәуелсіздік достығымыз» - өлең.
16 декабря 1991 года был принят Конституционный закон РК «О государственной независимости РК». В результате чего была провозлашена независимость Республики Казахстан.

Пусть будет так всегда – спокойно, мирно.

Мы будем жить в соглсаии как живем,

Для всех людей, живущих в этом мире.

День Независисмости будет ярким днем.
1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңба, Әнұраны туралы Заңға қол қойды.
Рәмізім – елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім - әнұраны, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.


«Елтаңбасы елімнің» (өлең).

Елтаңбаны көрсетіп айтады.


«Қазақстан Туы» (өлең).
Ту туралы айтып, көрсетеді.
2006 жылы 6 қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Нұрсұлтан Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалғанда, әнұран тұрып тыңдалады.


«Әнұран» (өлең).
1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. Ал, 2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
Ұлттық теңгем – қазағымның байлығы,

Ұлылығы ұлтымның – күн мен айы.

Елімнің берекесі – байлығы артып,

Қазақ елін танысын Ұлттық теңгем арқылы.


1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
Ата Заңым – Алтын Заңым ардағым,

Аялаған ел, халқының арманы.

Ар – ұлты, мақтанышы қазақтың,

Әділеттің адал жолын қорғадың.


Мой Казахстан!

Моя страна.

Мой край степной,

Моя отчизма.


Өзіңдікі – Елің де,

Өзіңдікі – жерін де,

Өзіңдікі өзін еткен Бақ –

Тәуелсіздік төрінде.

Асқар тау да – сенікі,

Бақша, бау да – сенікі,

Қалтықсыз дос пенен

Қатал жау да – сенікі.


Орыс, ұйғыр, неміс те,

Үнін қосып жеңіске.

Жұдырықтай жұмылды,

Келешегі кең іске.

Өзіңдікі – таудың да,

От пен ауа, суың да.

Жаса Қазақстаным,

Белді бекем буын да.


Ұраның да – жасасын,

Құраның да – жасасын!

Қасиет – кие дарыған,

Ұланың да жасасын!


Казахстан – это имя страны

Казахстан – это имя весны

Казахстан – это имя свободы

Казахстан – это солнечный свет

Казахстан – это крылья побед

Казахстан – это крылья народа


Тәуелсіздік бізге онай келе қойған жоқ. Қайрат, Ләззат, Сәбира сынды жас қыршындарымыздың арқасында тәуелсіздік бізге ата тарихымызды, ата тілімізді тұрғызғаны үшін бағалы.

Олай болса, тәуелсіздік үшін жандарын пида еткендердің ерліктерін бағалай білу – біздің борышымыз.

Бүгін біз желтоқсан оқиғасын және құрбандарын еске алдық. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді болып дүниежүзіне танылуда.

Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті.



Сол жастардың аңсаған тәуелсіздігі келді. Тәуелсіздік өркендеп өсіп, Қазақстан дүние жүзіне белгілі болды.
Каталог: uploads -> doc -> 03f6
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03f6 -> №11 Тақырып Ар – намыс керек адамға Құндылық
03f6 -> Қош келдіңіздер!
03f6 -> Сабақ Пән: қазақ тілі Тақырып: Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан.Ұлттық аспаптар. Кірме сөздер. Пән мұғалімі: Жамантаева Сәуле Ғабделмәлікқызы Сынып: 7
03f6 -> Сабақ : С. Мұратбеков. «Қылау» әңгімесі 6
03f6 -> Сабақтың тақырыбы: Батыс Еуропа елдері. Пәні: География Оқытушы: Ангсатова А. Т. Тобы: шб-11
03f6 -> Сабақтың тақырыбы: Адам мəдениет жасаушысы Жалпы мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет