Сабақтың тақырыбы: «Тігін ісі» кәсібі «Шебер қолдар байқауы»



Дата08.09.2017
өлшемі84,87 Kb.
#31913
түріСабақ
ОҚО, Сайрам аудан

Оқу-өндірістік комбинат коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

Тайлиева Сауле Назарбайқызы

Технология пәні мұғалімі

Сыныбы – 9-10-11


Сабақтың тақырыбы: «Тігін ісі» кәсібі

«Шебер қолдар байқауы»
Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың ізгі қасиеттерін инабаттылық, іскерлік дағдыларын, өнегесі мен мәдениетін бойларына сіңіру. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге баулу.

а) білімділік: Білім деңгейін көтеру, жетілдіру, шығармашылық белсенділік-терін арттыру.

ә) тәрбиелік: Халқымыздың ұлттық нақыштарын құрметтеуге, әсемдікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, сәнді киіне білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін арттыру, саусақ қимылдарын жетілдіру.

Көрнекілігі: шар, көрме, нақыл сөздер, слайд.

«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»

«Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без»

«Кәсіп түбі - нәсіп»

«Еңбексіз құраған дәулет, емсіз жабысқан дертпен тең»

«Ерінбеген етікші болады»

«Қыздарға әсемдік жарасады»

Барысы:


Ұйымдастыру кезеңі:

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

«Шебер қолдар» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Қазақ халқында «Қыз елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мұнда қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін айтады. Біз қыз бойынан қандай қасиеттерді көргіміз келеді: нәзікті, сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті көргіміз келеді.

Көп сөйлеп жөн жобадан аспайық біз,

Ән шырқап би-билеуден қашпайық біз.

Ал сіздер рұқсат етіңіздер,

Сонымен байқауымызды бастайық біз – деп ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы қыздарымызды шақырайық.



  1. Бірінші қыз келер ақша маңдай,

Жамағат, үлкен кіші мақтағандай.

Анадан туғандай-ақ болып дана,

Әлінше жақсыларды жақтағандай – деп сайыскерлеріміз:

Өмірзақ Әсел 11-сынып №93 жалпы орта мектеп

Қнатбек Ақниет 10-сынып №93 жалпы орта мектеп


  1. Екінші қыз келер тілі жорға,

Ұқсаған жұмақтағы бейне хорға.

Ажары, ақша беті сағымданып,

Жарасар құлағына алтын сырға – деп сайыскерлеріміз:

Жорабекова Райхан 10-сынып №93 жалпы орта мектеп

Орманова Ш. 10-сынып №93 жалпы орта мектеп

Құрмантаева 10-сынып №93 жалпы орта мектеп

Совченко Анастасия 11-сынып №93 жалпы орта мектеп


  1. Қаптаған ақ күмістен кең маңдайлы,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Сөйлесе сөзі әдепті ән мағыналы,

Күйшісі бейне бұлбұл құс сайрайды – деп сайыскерлеріміз:

Османова Р. Имашназарова Ш. Манкент 10-сынып




  1. Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,

Болады осындай қыз некен саяқ.

Егер де қолы тисе білгеніңе,

Шымырлап бу енеді сүйегіңе – деп сайыскерлеріміз:

Эргашова А. №47 орта мектебі

Нуриддинова Н. Бабыр орта мектебі 11-сынып

Кешімізді бастамас бұрын байқауымыздың негізгі арқауы болып отырған жас өнерпаздарға баға беру үшін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.



Қазылар алқасы:

  1. Сұлтанова С.Ә. – ОӨК-нің директоры. Қазылар алқасының төрағасы.

  2. Байғонова Р.Б. – ОӨК-нің директоры орынбасары.

  3. Халметова Г. – ОІЖ орынбасары.

  4. Маналова Б. – ОӨК-нің психологы.

  5. Тутаева Г.К. – ОӨК методисі.

Сайыс кезеңдері:

І. – тур: Сұрақтарға жауап беру.

1-2 минут уақыт беріледі. (10-20-30 ұпай)

ІІ. – тур: Сынып жұмысы. 20-минут уақыт беріледі. (5 ұпай)

9-сыныптарға – Нәресте киімін тігу.

10- сыныптарға – Тасба баумен жұмыс.

11-сыныптарға – Алжапқыш тігу.

ІІІ. – тур: Үйтапсырмасы және жоба жұмысын қорғау.

2-3 минут уақыт беріледі. (10 ұпай)
Армысыздар, қадірлі қауым,

Білетін бастақан сөздің парқын.

Берейін жанкүйерлер, сәлем сізге,

Жиналған зиялы топ бәріңізге.

Кешімізді бастайтын кезде келді,

Келтіріп ойын-сауық сәнімізге.

Өнерді қазынадай жинайтұғын,

Танымайтын тарлан талант кезі бүгін.

Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің,

Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін.

Дәстүрімен бүгінгі үлкен сайыстың.
І. – тур: Сұрақтарға жауап беру.

1-2 минут уақыт беріледі. (10-20-30 ұпай)

Қыздар сұрақтарға жауап береді.

Ата-бабамыз ұрпақ тәлім-тәрбиесіне өмірінің жалғасы деп, «Адам көркі - шүберек» деген.

Ойланып ойға кеттім жүз жылға өткен,

Тон қабаттап кигенім шидем шекпен.

Жейде-дамбал ақ саннан, жарғақ шалбар,

Жырым балақ, матамен әдіптеткен.

Мықшыма аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.

Үлкен кісіге белімде жез салдырған,

Шақпағым дәндәкәуім жарқ-жұрқ етіп. (А.Құнанбаев)


  1. Мұрақ дегеніміз не?

Жауабы: Орталық немесе Батыс Қазақстанның шонжарлары көбінесе сәндік үшін аласа бөріктің үсінен бойы биік, алтын зермен кестеленген шымқай күрең немесе қызыл барқытпен қайырмасы жасыл матамен тысталған айыр қалпақ киетін болған. Оның биіктігіне қарай мұрақ деп атаған.

  1. Күлпара дегеніміз не?

Жауабы: Осы күнгі ұмыт бола бастаған ұлттық бас киімнің бірі. Кейде тымақтың сыртынан, кейде өзі де жеке киелі беретін жеңіл бас киім. Жұқа матадан астарлап тігілген бұл бас киімді жігіттер аңшылыққа, мал баққанда, жұмыс істегенде киген.

  1. Қасаба дегеніміз не?

Жауабы: Тақия тәрізді желкелігі ұзын бас киім. Үйлену тойынан бұрын қалыңдық сәукеленің орнына зерлі қасаба киген. Қасаба киетін қалыңдыққа әдейі арнап, оның стиліне сай алқа, шолпы білезік, сақина жүзік тақтырып, аяғына күмістен таптаурын кебіс тіккізеді екен. Қасабаның маңдайына әртүрлі шытырмадан інжу, маржан, феруза секілді тастардан тізілген дөңгелек табақшалармен бекітілген қыстырма ілінеді екен. Ал оң жағына самайдың үстіне туралап, маңдайына ұзынырақ күміс қоңыраушалармен ұшталған бес-алты тізбектен тұратын салпыншақ қыстырылатын болған.

4. Күпі дегеніміз не?

Жауабы: Түлкі немесе өзге теріден тігілген әйелдер қыстық киімі. Киімнің жоғарғы жағы қымбат матадан немесе сәтеннен, сондай-ақ мақта матасынан тігіліп, сыртқы жағынан түлкінің терісі немесе барқыт жолақтар тігіледі.

5. Қазақша мата атауларын ата:

Жауабы: Барқыт, бөз, дәке, шибарқыт, шыт, шайы, жібек, сәтен.

6. «Түстердің бір-біріне үйлесімділігі» деген латынның сөзі қандай мағынаны білдіреді?

Жауабы: Калорит.

7. Бұйымдардың шетіне салынатын өрнектерді ата.

Жауабы: Сыңармүйіз, түлкібас, ирек, ирексу, шетою.

8. Сықырлауық дегеніміз не?

Жауабы: Киіз үйдің ікі жағынан жабылатын екі бөлек өрнекті тақтай есік.

9. «Тулақ шашу» деген дәстүр туралы не білесің?

Жауабы: Киіз басқанда жүнді сабап болған соң берілетін шашу тамағы.

10. «Шүлен тарату» туралы не білесің?

Жауабы: Мұның мағынасы кедей кепшіктерге берілетін жәрдем мен қамқорлықтың бір түрі шүленді мал басы көбейгенде береді.

11. «Жануарлар әлеміне арналған ою-өрнектерді» ата:

Жауабы: Түйетабан, ботамойын, ботагөз, қошқармүйіз.

12. «Қазақша арақашықтықтың тігін бұйымдарына қолданылатын өлшемдерін» ата:

Жауабы: Бір елі, қарыс, бір сүйем, жарты елдолдың қыры.

Біздің қазақ халқының ұлттық қолөнері, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері ертеден келе жатқан асыл қазынамыз. Оны келер ұрпаққа жалғастыру біздің міндетіміз. Қазақта әрнәрсенің өз ерекшелігі бар, дәстүрлі атаулары бар.


ІІ. – тур: Сынып жұмысы. 20-минут уақыт беріледі. (5 ұпай)

9-сыныптарға – Нәресте киімін тігу.

10- сыныптарға – Тасба баумен жұмыс.

11-сыныптарға – Алжапқыш тігу.

Оюда оям, шебермін,

Нақыштап кесте тігемін.

Елім жерім баршаға,

Бақытты ғұмыр тілеймін, келесі кезеңіміз «Өнер тамған он саусақ» деп аталады. Бұл кезеңде қыздар өздерінің қолдарынан қандай істер келетінін көрсетеді.


Ата-бабамыз ұрпақ тәлім-тәрбиесіне өмірінің жалғасы деп, «Адам көркі –шүберек» деген.

Ойланып ойға кеттімжүз жылға өткен,

Тон қабаттап кигенім шидем шекпен.

Жейде-дамбал ақ саннан, жарғақ шалбар,

Жырым балақ, матамен әдіптеткен.

Мықшыма аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.

Үлкен кісіге белімде жез салдырған,

Шақпағым дәндәкәуім жарқ-жұрқ етіп. А.Құнанбаев
ІІІ. – тур: Үйтапсырмасы және жоба жұмысын қорғау.

2-3 минут уақыт беріледі. (10 ұпай)

Қыздар үйде орындап келген тапсырмаларын әділ қазылар алқасының алдарына апарып көрсетеді.


Қорыта келгенде, оқушыларға көркем қолөнердің берер ықпалы өте зор. Мектеп бағдарламасына сәйкес қолөнердің әртүрін үйретудің өзіндік орны бар. Бүгінгі күнде тәуелсуіздігіміздің арқасында ата-баба дәстүрі жалғасын табуда. Оқушылар қолынан шыққан бұйымдарды көріп, ата-баба дәстүрі жаңарып дамуда. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп қазақ халқының ұлы ақыны Абай айтқандай, зерек те іскер бес саусағынан өнер таматын шәкірттерді оқытуға, үйретуге біз, ұстаздар, әрқашанда дайынбыз.

Әділ қазылар оқушылардың жмыстарын бағалап, оларды мақтау қағаздарымен марапаттайды және сыйлықтар табыс етіледі.
Каталог: materialy -> texnologia
texnologia -> Тақырыбы: Ағаш өңдеу және ағаштарды көркемдеп өңдеу технологиясы
texnologia -> ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы жалпы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Нысанбекова Айгүл
texnologia -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық табақ тарту рәсімі
texnologia -> Сабақ Тақырыбы : Ағаш өңдеуде сыйкәделік домбыра жасау технологиясы
texnologia -> Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасымен жұмыс істеу
texnologia -> Сабақтың тақырыбы : Қуырдақ дайындау Сабақтың мақсаты
texnologia -> Сабақтың тақырыбы: Кестелеп тігу, қолмен тоқу, құрастыру әдісімен қолөнер бұйымдарын дайындау. Сабақтың мақсаты
texnologia -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы
texnologia -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының Басқұр ою-өрнектері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет