Сабақтың тақырыбы: «Тіл білгірі»



Дата09.06.2018
өлшемі76,89 Kb.
түріСабақ
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс шара.

Сабақтың тақырыбы: «Тіл білгірі» сайысы.

Сабақтың мақсаты:

оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу;

қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, тілге сүйіспеншілікті тудыру;

елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақтада даналық сөздер, сайыстың атауы, суреттер.

Қатысушылар: 6б,7б сынып оқушылары.

Сабақтың барысы:

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:

1998 жылдың ақпан айында қабылданған жарлыққа сәйкес

«22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні» деп жарияланған.

Қазақстан көп диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті

жұрттың тілін біл» деген дана халқымыз. Өз ана тілімен қатар мемлекеттік

тілді-қазақ тілін жетік меңгеруіміз керек. Бүгінгі таңда біздің мектептің

оқушылары үш тілде еркін сөйлей алады.

Жыл сайын қыркүйек айында мектебімізде Тіл мерекесі өтеді. Биыл да осы мерекеге байланысты «Тіл білгірі» сайысын өткізгелі отырмыз.

Шараның ұраны: «Пейіл мен ынта болса, мемлекеттік тілді еркін меңгеруге болады».

Кім білімді, өнерпаз білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші.

Әділқазылар алқасына тек әділдікті,

Сайыскерлерге тек сәттілік тілейікші!

2. Қатысушылар мен әділқазылармен таныстыру:

а) Сайысқа қатысушылармен таныстыру:

Бүгінгі сайысқа 7-9сынып оқушылары қатысқалы отыр.

«Достық» тобы.

Ұраны: Жауап беріп сұрақтарға дәл, анық,

Достықтың жеңетіні дәл, анық.

«Жұлдыз» тобы.

Ұраны: Бірігіп жарыса топта,

Жеңімпаз атанымыз бұл сайыста.

ә) әділқазыларды таныстыру:

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Оларға құрметпен қол соғылады деп, сайыскерлерімізді бағалайтын,

шындықты жарып айтатын әділқазылар алқасымен таныс болыңдар.

3. Сайыстың өту барысымен, шартымен таныстыру:

Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Тапсырмалар әр түрлі болып келеді,

жауаптарын топта талқылап, қорытынды шығарып, айту керек;

топтың мүшелері сайысқа түгел қатысулары керек.

.Сайыстың тапсырмалары:

1кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Әр топқа бір әріп беріледі:

«Достық» тобына «А» әрпі, «Жұлдыз» тобына «Ж» әрпі.

Топтар 1 мин ішінде сол әріптен басталатын әр сөз табынан келетін сөздер жазып, қойылған сұрақтарға тек сол әріптен басталатын, өздері жазған сөздермен жауап береді. Дұрыс жауап – 1 ұпай.

«Достық» тобына:



  1. Сен кімсің?Адам

  2. Бірінші септік?Атау

  3. Ең жақын адам ?Ана

  4. Еліміздің бас қаласы?астана

  5. Нешінші сыныпта оқисың? Алтыншы

  6. Сүттен жасалған сусын?Айран

  7. Ең әдемі құс?Аққу

  8. Саған ертегі айтатын?Ана

  9. Бал жинайтын жәндік?ара

  10. Ең тәтті жеміс?Алма

«Жұлдыз» тобына:

  1. Сен қалай оқисың?Жақсы

  2. Сағыз қанша тұрады?Жүз теңге

  3. Қазақ тілінде неше септік?Жеті

  4. Әжең қайда тұрады?жайлауда

  5. Гүл қайда өседі?жерде

  6. 1қаңтар қандай мейрам?Жаңа жыл

  7. Кімде?Неде? қай септіктің сұрағы?Жатыс

  8. Диванда отырып, әке не оқып отыр?Журнал

  9. Сиыр, қой, түйе нелер?Жануар

  10. Ең ыстық мезгіл?жаз

(әділқазыларға сөз)

2 кезең: Кім жылдам және тез?Сұрақ жауап


1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев) 
2.Бүгін нешесі? ( күнін айын айтады.) 
3.Қазақ тілінде неше септік? (7) 
4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік заңы) 
5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден) 
6. «Подлежащее» деген не? (бастауыш) 
7. Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан) 
8.Қыста не жауады, не соғады? (қар,боран) 
9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда) 
10.Ілік септігінің сұрақтарын ата? (кімнің?ненің?) 

11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?) 


12.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай? (ертегілер,жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыз-әңгімелер) 
13.Қазақтың ұлы ғалымы,Отырар қаласында туған өте білімді,өнерлі адам кім? (Әл-Фараби) 
14.Күнпарақ дегеніміз не? (күнтізбе) 
15.Бір жылда неше күн бар? (365) 
16.Бір айда қанша апта бар? (4) 
17.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24) 
18.Бір сағатта неше минут бар? (60) 
19.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100) 
20.Бір аптада қанша күн бар? (7) 

(әділқазыларға сөз)

3 кезең: «Маржан сөз».

«Оқы да біл, ойна да күл» ойыны арқылы сөздерді

қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады. 
1.Тұзда бар,суда жоқ. 
Мұзда бар,буда жоқ. (ұ) 
2.Гауһарда бар,гүлнарда жоқ. 
Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ) 
3.Үйде бар,шиде жоқ. 
Күйде бар,биде жоқ. (ү) 
4.Қазда бар,үйректе жоқ. 
Құрда бар,шілдеде жоқ. (қ) 
5.Дәнде бар,елде жоқ. 
Сәнде бар,селде жоқ. (ә) 
6.Бірде бар,үште жоқ. 
Екіде бар,бесте жоқ. (і) 
7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ. 
Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ) 
8.Шөлде бар,далада жоқ. 
Көлде бар,теңізде жоқ. (ө) 
9.Қайсы әріп қасарып, 
Көнбейтін болуға бас әріп? (ң) 

(әділқазыларға сөз)


4 кезең: «Шешендік өнер». Берілген мақалдың жалғасын табу:

  1. Отансыз адам - .... (ормансыз бұлбұл).

  2. Ер - елінде, .....(гүл - жерінде).

  3. Отан - ....(отбасынан басталады).

  4. Мектеп - кеме, .....(білім - теңіз).

  5. Күш - білімде, .....(білім - кітапта).

  6. Ел іші - ....(алтын бесік).

  7. Ақыл азбайды, ....(білім тозбайды).

  8. Жүз теңгең болғанша, ....(жүз досың болсын).

  9. Кітап - ....(алтын қазына).

  10. Қыз - .....(қонақ).

(әділқазыларға сөз)

5 кезең: «Шешуін тап». Жұмбақ шешу сайысы:



  1. Қақпақты тарс тарс жабады,

Терезені қағады.

Уілдейді ысқырып,

Қорқытады баланы. (жел)


  1. Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап)


  1. Қабат қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

  1. Қимылдаса көп шебер,

Қыруар қыруар іс бітер.(қол)

  1. Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар. (киіз үй)

  1. Дауысы бар, жаны жоқ,

Шертсең күйі әні көп.

Құлағын он бұра,

Ол не? (домбыра)


  1. Өзі ащы,

Бірақ дәмді етер асты. (тұз)

  1. Қара сиырым қарап тұр,

Қызыл сиырым жалап тұр. (қазан)

  1. Жылт жылт етеді,

Жылғадан өтеді. (су)

  1. Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

(әділқазыларға сөз)


Сайысқа белсенді қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Бүгінгі сайыста сендер өз білімдеріңді, өнерлеріңді ортаға салып, топ абыройын жоғары көтердіңдер. Болашақта мектепте, басқа да ұйымда өтетін шараларда жүлделі орын алуларыңа тілектеспін.

Әділқазылар алқасына да құрметтерімізді білдіріп, қөшемет көрсетейік.



  1. Марапаттау рәсімі.

15-20 ақпан аралығында Новоколутон орта мектебінде қазақ тілі және әдебиет апталығы өтті.



Апталық аясында сыныптан тыс іс шаралар, мақал-мәтел сайысы,қазақ халқының отбасы құндылық көрмесі,ұлы жазушыларының шығармашылық көрмесі,сурет сайысы болды. Әр қоңырау сайын мектеп фойесінде ұлттық ойындар,өлең,мультфильмдер көрсетілді.Жауапты мұғалім Аманжолова БК
С15-20 февраля в Новоколутонской Средней школе проходила неделя казахского языка и литературы.


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет