Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқа бөлімдері. Сабақтың мақсаты



Дата19.02.2017
өлшемі296,58 Kb.
#10885
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылы, «Атбұлақ» жаныңда интернаты бар жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Бекзат Райхан Әсілбекқызы.
Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқа бөлімдері.

Сабақтың мақсаты:

- Оқушыларға қаңқаның бөлімдері туралы түсінік беру;

- Оқушылардың ойлау, білім, білік, дағдыларын,қабілеттерін, қорытындылай білуді дамыту

- Өзінің және өзін қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: ашық сабақ

Оқыту әдісі: түсіндірмелік, деңгейлік карточкалар, сұрақ-жауап, өздік жұмыс

Көрнекіліктер: бас сүйек, плакат, карточкалар, тесттер

Құрал – жабдықтар: “ Қаңқа бөлімдері” кестесі

Сабақтың жоспары:


Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі
Мотивациялық ізденіс
Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сергіту сәті

Бекіту кезеңі

Қорытынды:

Бағалау

Үй тапсырмасын беру


- Сәлеметсіздер ме!

- Отырыңдар

Енді оқушылар бір-біріне жақсы сөздер айтып, сабағымызды жақсы көңіл-күйде бастайық.
Өткен тақырып бойынша нені меңгергендерінді тексерейік

1.Кесте


2. Суретті салып, дәм сезу мүшесінің құрылысын атаңдар.

3. Тақырыпты мазмұндау




Адам қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұрады.

Бас сүйек

Ми сауыты бет бөлігі



Ми сауытының сүйектері-маңдай, шүйде, жұп самай және төбе сүйектері өзара берік қозғалмай байланысқан. Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар. Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер-қозғалмайтын үстіңгі, қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері және бет, мұрын, таңдай, т.б сүйектер жатады. Сүйек екі жаста қатая бастайды. Білезікте 8сүйек бар. Омыртқаның құрылысы: денесі, доғасы, қабаттары, өзегі. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% оссейн, 21,8% минералды заттар, 15,7% май болады.



1-тапсырма:

  1. Биологиялық диктант:

Бас сүйек 2 бөлімнен: ........ және ........ ......... тұрады. Ми сауытының сүйектері-.........., ........., жұп ......... және ........... сүйектері өзара берік (қозғалмай) байланысқан. Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер- қозғалмайтын .........., қозғалмалы ........ ....... ................ және бет, мұрын, таңдай, т.б сүйектер құрайды. Тұлға қаңқасына .......... ............... мен ................ және ....... ......... жатады.

  1. Биологиялық диктант:

Омыртқа жотасы ..-.. омыртқадан тұрады. Оны мойын (.. омыртқа), арқа (.. омыртқа), бел (..), сегізкөз ( сегізкөз түзетін қосыла өскен .. омыртқа), құйымшақ (құйымшақ түзетін қосыла өскен ..-.. омыртқа) бөлімдері құрайды. Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы 3 бөлімнен: .... ........, ....... және ..... ..... ...... тұрады.
Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары төмен қарайық,

Оңға –солға түзу тұр.

Солға оңға түзу тұр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық

2-тапсырма:

Адам қаңқасындағы сүйектер қайда орналасқанын және атауларын жазып, атаңдар.



3-тапсырма:

1.Не себептен циркке, баллетке, спортқа жастайынан баулитынын түсіндіру.

2. «Сөз сүйектен өтеді», «бес саусақ бірдей емес», «сүйек жаңғырту» деген сөздердің мағынасын қалай түсіндіресіңдер?

4-тапсырма:

1.Адамның қол сүйектері

А) тоқпан жілік, кәрі жілік, саусақ В) омыртқа, қабырға

С) жамбас, сегізкөз Д) ортан жілік, асықты жілік, табан

Е) бұғана, жауырын

2. Арқа омыртқаларының саны

А) 7 В)8 С) 12 Д) 11 Е) 10

3. Ересек адамның омыртқа жотасы иіледі

А) 5 жерден в) 2 жерден с) 3 жерден д) 4 жерден

Е) 6 жерден

4. Адамның аяқ сүйектері

А) бұғана, жауырын в) тоқпан жілік, кәрі жілік, саусақ

С) жамбас, сегізкөз д) ортан жілік, асықты жілік, табан

Е) омыртқа, қабырға

5. Жауырын ... сүйек тобына жатады.

А) жіңішке сүйек в) аралас с) ұзын жілік сүйек д) жалпақ

Е) қысқа жілік сүйек

6. Ми сауыты сүйектері мен сегізкөз.

А) буындар в) жартылай қозғалмалы с) қозғалмайтын

Д) буындық байланыс е) қозғалмалы

7. Омыртқа жотасының өзегінде орналасқан мүше.

А) аралық ми в) мишық с) сопақша ми д) жұлын е) ми

8. Төмендегі қайсысы жұп сүйектер

А) маңдай в) шүйде с) төменгі жақ сүйек д) төссүйек е) самай

9. Үшбұрышты жалпақ сүйек

А) бет в) жауырын с) жақ сүйек д) самай е) жамбас

10. Адамдағы кеуде сүйегіндегі қабырғалар саны

А) 11 жұп в) 13 жұп с)10 жұп д)12 жұп е) 9 жұп

Бүгінгі тақырып бойынша не түсінгендеріңді айтып беріңдер.


- Сәлемдесу

Бір-біріне жақсы сөздер айту

Сұрақтарға жауап беру

Жаңа тақырыпты тыңдау

Қысқаша дәптерге конспектілеу

Тапсырманы орындау. Түсінбеген жерлері болса, сұрау

Жаттығулар жасайды

Тапсырманы орындайды.


Тест жұмысын орындайды.



Берілген үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алу

Каталог: materialy -> biologia
biologia -> Тақырыбы: Құстар біздің досымыз Орындаған
biologia -> Сабақ «Астың ауыз қуысында қорытылуы»
biologia -> Сабақ Биология (8 сынып) ОҚО, Аманкелді жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Бейсебай Камила Сабақтың тақырыбы
biologia -> Сабақ Тақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүректің жұмысы, реттелуі
biologia -> Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы
biologia -> Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ой өрісін дамыту. Тәрбиелік
biologia -> Сабақтың мақсаты: Антропогенез-адамның шығу тегі туралы білімдерін кеңейту, оқушылардың Ұбт дайындығын күшейту
biologia -> Сабақтың тақырыбы: "Кесірткенің сыртқыжәнеішкіқұрылысы"
biologia -> Сабақтың тақырыбы: § 41. Тағамның маңызы, құрамы және қызметі. Сабақтың мақсаты
biologia -> Ххі ғасыр көшбасшысы. /Сайыс сабақ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет