Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергенов «Ана» Сілтеме



Дата17.04.2017
өлшемі89,21 Kb.
#14117
түріСабақ

Күні:


Қазақ әдебиеті 8-сынып

Атырау облысы Индер ауданы Кулагино орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кенжегалиева Райхан Ғиниятқызы



Сабақтың тақырыбы:

Төлеген Айбергенов «Ана»

Сілтеме

Білім стандарты, сабақ жоспары,Қ.Әбдезұлы,Г.Д.Рыскедиева,С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті»,8-сынып,

Арман –ПВ баспасы, Google сайты ,«Әдеби әлем» сайты (Т.Айбергенов, М.Мақатаев.М.Шаханов шығармалары)

«Атырау» газеті,№ 11,(31 қаңтар.2013 жыл)


Жалпы мақсаттар

Ақынның ақындық ерекшелігіне тоқталу, өлеңнің көркемдік ерекшелігіне талдау жасату



Оқыту нәтижесі

Сыни ойлауды дамыту . Өлең мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Негізгі идеялар

Теориялық білімді практикамен ұштастыру,ойларын тиянақты жеткізе білу.

Жеті модуль

1,2, 3,4,5,6,7- модуль

Тапсырмалар

1. Түрткі болу сұрақтарын қою

2. Өлеңге мәтіндік талдау жасау.

3. Ақын анаға деген жүрек тебіренісін қандай көркемдегіш құралдар арқылы беріп отыр

4. Бұл өлеңнің ІІ бөлімі бар, соны тауып интернеттен жаттап келу.

5. Өлеңді қарасөзге айналдыру.

6. . «Анасы бар адам бақытты!», «Ана –өмір шуағы» (ой толғау)



Кейінгі тапсырмалар

Рефлексия




Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті












Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: І.Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу.

б ) Сынып оқушыларын үстел үстіне қойылған жеміс-жидектердің қайсысын ұнататынын сұрап, сол бойынша топтастырдым.

І топ: «Алма»,

ІІ топ: «Апельсин» тобы болып жұптасты.
ІІ «Қызығушылықты ояту» сатысы
Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнінен үзінді тыңдату.
Түрткі болу сұрақтарын қою арқылы сабақ тақырыбын ашу.
Әннен нені ұқтыңдар? Қандай сезімде болдыңдар? Ән кім туралы?
Неге бұл әнді тыңдадық? Біздің бүгінгі сабағымызға қатысы бар ма?
Жақсы, олай болса, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да Т.Айбергеновтің

«Ана» өлеңіне арналмақ.
Т.Айбергеновтің өмірдерегімен танысып өтсек:

(«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы оқушылар Төлеген Айбергенов бейнесіндегі оқушыға туған жері, шығармашылығы бойынша сұрақ қояды, оқушы барынша жауап береді)



Хронологиялық кесте арқылы:

Ақынның өмірбаяны




  1. Ақынның ата-бабасы «Балапан басына, тұрымтай тұсына» кеткен кер заманда Қарақалпақ еліне үдере көшеді.

  2. 1937 жылы 8-наурызда Қарақалпақ АССР-інің Қоңырат деген жерінде Төлеген Айбергенов дүниеге келеді.

  3. 1959 жылы Ташкент қаласындағы Низами атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқиды.

  4. Туған жерге деген, атамекенге деген сағыныш шыдатпай Оңтүстік Қазақстанға бет түзеді.

  5. Бірақ ақынның аңсары Алматыға ауып,  ат басын Алматыға тіреді.

(Өлеңді (Мovie Мaker бағдарламасы арқылы жасалған) компьютерден тыңдату)
«Мағынаны тану» сатысы:
Ортақ тапсырма:
Мына өлеңнен қандай ой түйдіңдер? Нені ұқтыңдар?(Әр топ өз ойларын постерге жазып, қорғайды)

Өлеңге мәтіндік талдау жасау.
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық жердің тарту күшінен.
Бұл жолдардан нені ұғуға болады? Сонда жердің тартылыс күшінен ананың қуаты мың есе артық болғаны ма? Осы жолдарды қалай түсіндірер едіңдер?

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,


Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен
Сендік қуат болар бәлкім басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмас үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Осы өлең жолдары:



«Мен ана алдында балалық борышымды адал атқарып жүрмін бе?» «Мен анамды ренжітпей жүрмін бе ?»- сауалдарына жауап бола ала ма?

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,


Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде.
Көз алдымда жас дөңгелеп, булығам да ызадан,
Маған тіпті ,сөз келмейтін ұяттардан қызарам.


Баланың анасыз жетім болуы мүмкін . Ал ананың жетім болуы мүмкін бе?

(Мақаланы оқу)

Бұл дүниеге онсыз- дағы кеткен жоқ па көп есең,


О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен?

Осы жолдарды қандай мақалмен түйіндеуге болады?
Тасбауырлар дүниеге келсін де ,тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

(«Ана жүрегі », клиптен үзінді көрсету)
Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анаң саған керек болса, балаға да сен керек,
Кезектесіп алмасатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек

Осы жолдардан нені байқаймыз, балалар?(Қарттар үйіне тапсырылған аналар.


Бүгінгі бала – ертеңгі ата- ана. Осы қағиданы ұмытпау керек ешқашанда).
Өлеңді құрылысына талдасақ:
СКТ жасау: (ауызша)
Шумағы:

Тармағы:

Бунағы:

Буын саны:(буын санындағы ерекшелікке тоқталу)

Ұйқасы:
Ақын анаға деген жүрек тебіренісін қандай көркемдегіш құралдар арқылы беріп отыр? (тұрақты тіркестер,эпитет, метафора арқылы , тапқызу)

Ой- толғаныс сатысы:

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,


Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда,
Пікірімді ұнатпаған таптық да, дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
(Аналарға жақсы бір тілек айтқызу әр топтан бір оқушы)
Үйге тапсырма: . Бұл өлеңнің ІІ бөлімі бар, соны тауып интернеттен жаттап келу.

.Өлеңді қарасөзге айналдыру.

. «Анасы бар адам бақытты!», «Ана –өмір шуағы» (ой толғау)

Ақын шығармашылығы бойынша слайд даярлау

Бағалау критерийлері:
1.Үй тапсырмасын орындауы - 2

2. Сабақтағы белсенділігі- 1

3.Шығармашылық қабілеті- 2

4.Жаңа тақырыпты меңгеруі- 2

5. Тапсырмаларды өз бетімен орындай алуы- 2

6.Өтілген тақырыптан ой – түюі - 2

7. Көшбасшылығы – 1

8. Өз ойын еркін жеткізе алуы -2 (жиынтық бағалау)



Формативті бағалау- берілген стикерге оқушылар бүгінгі сабақтың өту барысына өз көзқарасын білдіреді.

Дереккөздер және жабдықтар:

Кейінгі тапсырмалар немесе

Портфолио деректері

Оқушылардың орындаған шығармашылық тапсырмалары, жазған эсселері






Сабақты талдау








Каталог: uploads -> doc -> 00f7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00f7 -> Куратор Шебер
00f7 -> Сабақтың тақырыбы: Абай және орыс әдебиеті Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет