Сабақтың тақырыбы Төрт түліктің кеңесі Сілтеме



бет1/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,19 Mb.
#4447
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
2« В » сыныбына арналған әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Мұғалімнің аты-жөні

Нүреденова Ақтоты

Ж.Мырзағалиев орта мектеп

Күні: 24.10.15

Сыныбы 2«В»

1- сабақ

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

Төрт түліктің кеңесі

Сілтеме

Білім стандарты,пән бағдарламасы,әдебиет оқулығы 2-сынып, интернет материалдары .


Жалпы мақсаттар

Төрт түліктің өзіне тиесілі жерін,иесін қалауы және төрт түлік туралы түсініктерін кеңейту.

Оқыту нәтижесі

А.Төрт түлік туралы білгенін айта алады В.Өз ойын жеткізіп айтады. С.Шығармашылықпен жұмыс жасай алады.


Негізгі идеялар

- Оқушылардың шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі оқытуын қалыптастыру,

- Тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену,

- Өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру.


Оқыту тәсілдері

Сын тұрғысынан ойлау , топпен жұмыс, кластер әдісі



Көрнекілігі:Акт,Қалпақтар, смайликтер , бағалау парағы, видео ,постер т.б.

Кейінгі тапсырмалар

Өлеңнің мазмұнын айтып келу және « Менің жақсы көретін төлім» тақырыбында әңгіме жазып келу.




Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уа

қыт



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті



2мин


2 мин

3 мин


7 мин

3 мин


1 мин

7мин


5 мин

10мин


1 мин

3 мин



Ұйымдастыру бөлімі

Жаңа сабақ



Психологиялық тренинг: Балалар, сендерді ата-аналарың қалай еркелетеді? Қане тыңдап көрейікші.
( Қошақаным менің, құлыншағым, томпағым сол, ботақаным,  құндызым, жұлдызым)
- Балалар бүгін біз сабақта топпен жұмыс жасайтын боламыз. Олай болса менің қолымдағы қалаған төлдерді алып сол бойынша топқа бөлінейік.Әр төлдің иесін білемізбе? Олай болса иесіне орай әр төл өз иесін тапсын.

І топ «Шопан ата»тобы

ІІ топ «Зеңгі баба»тобы

ІІІтоп «Қамбар ата»тобы

ІҮтоп «Ойсылқара»тобы

Әр топқа бағалау парағы беріледі.
Үй тапсырмасы. Қайта бағыттау сұрақтары.

-Қызық дәстүр мәтінінде не туралы айтқан? -Бәсіре сөзінің мағынасын кім түсіндіреді? 1Білу. Қызығушылығын ояту. - Балалар, үй жануарларын атап бере аласыңдар ма?


- Төрт түлік малға не жатады?
- Малдың төлдерін қалай атайды? Кішкентай ғана бойы бар Айналдырып киген тоны бар.(Қой) Көкке шаншып құйрығын Келеді шауып жүйрігім.(Жылқы) Екі айнасы бар,екі найзасы бар Бір сыпыртқысы бар.(Сиыр) Иір-иір денесі,Сахараның кемесі Ащы шөптер-тамағы, шөлге шыдап бағады.(Түйе) Түсіну. Мағынаны тану. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Ас-ауқаты, киімі, көлігі, қымызы – ем, жегжат-жұрағатымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып, бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген екен.Бір күні төрт түлік жиналып кеңеседі.Олар «Қайсымыз қандай жерге,қандай кісіге бітсек ,жақсы болар еді?»деген сөзді айтысады.Сиыр айтады екен Мен шөбі қалың жерге барсам, Тұрмысы нашар адамның қолында өмір сүрсем дейді. Яғни сүтімен асырайды. Бітем деген сөз қандай адамның қолында өмір сүруін айтады.
Қой айтады. Жылы жерге, күн суықта ықтауға болатын тау - тасты жерге барсам, еңбекқор адамның қолына барсам дейді. Жылқы айтады. Шөбі шүйгін ен далаға барсам, аттың қадірін білетін ер азаматқа барсам дейді.
Түйе айтады. Мен шөлді жерлерде де жүре аламын. Бұл жерде сор – деген шөл деген мағынаны білдіреді. Өздерің көрген шығарсыңдар, күзде, көктемде далада жаңбырдан кейін кепкен жер аппақ болып қалады. Сол жер сор деп аталады. Және ауқатты, бай адамға барсам дейді.
Түйе төрт түліктің ең ірісі.Оның жүні,еті,сүті пайдалы.Түйе шөлге өте шыдамды.Төлі бота. «көс-көс» деп шақырады.Тү- йе пірі -Ойсылқара.Түйе төлін 12 ай көтереді.Түйе тобын «келе» деп атайды.  Сиыр ірі қара малға жатады.Еті тамақ,сүтінен айран,құрт, ірімшік,май алынады.Сиырды «ахау-ахау» деп шақырады.Сиыр тө — лін 9 ай көтереді. Жылқы жеті қазынаның бірі.Ол сезімтал,талғампаз жануар.Жылқыда өт болмайды.Жылқыны көлік ретінде пайдала-  нады.Жылқы  сүтінен қымыз жасайды.Жылқының әбзелдері мыса – лы: ер,ноқта,үзеңгі,қамшы.

 Қой төрт түлік мал ішіндегі ең жуасы.Қой еті,жүні,терісі пайдалы.Жүнінен киіз басады,түрлі киім-кешек тоқиды.Сүйікті шө- бі жусан.Пірі Шопан ата.Қойды «пұшайт-пұшайт» деп шақырады.

Оқулықпен жұмыс

А.Тізбектей оқу

Ә Түсіндіру

Сөздік жұмыс

Қоры үзілген қу-азығы таусылған кедей. Біту-бұл жерде ,қандай адамның қолында өмір сүруін айтады.

Кластер әдісі: Әр топ мал атауына байланысты білетінін жазу,қорғау.

Сергіту сәті: «Әр малдың даусын ажырату»

Қолдану 1-топ: «Төлдер айтысы» көрінісі:
2-топ:. «Адасқан төлдер» суреті бойынша әңгімелесу.
3-топ:«Малдың төлін сүюі»өлеңінің мазмұнын баяндап беру.

4-топ:. «Қалай атауды білемін ойыны»
1. Малдың төлдерін қалай атайды?
2. Қай мал қалай дыбыстайды?
3. Малды қалай шақырады?
Ой толғау:Олай болса оқушылар « Төрт түлік байлығымыз» дегенді қалай түсінесіңдер?

жинақтау:«Ақылды алты қалпақ» стратегиясы.

Ақ қалпақ: -Я торт түлік байлығымыз,олай дейтін себебім әр қайсының өзіндік орны бар.Жылқы ер қанаты жауға шапқанда оны көлік ретінде пайдаланған,қымызын, етін тағам ретінде пайдаланылған.Оны қанатты қыранғада теңейді.Түйе-шөл даланың кемесі деседе болады,ол өте төзімді,мінсе көлік,еті мен шұбаты тағам.оның шұбатын көптеген ауруларға пайдалана алады. Сиыр-өте кербес жануар.Олда адамға өте көп пйда келтіреді,сүтінің өзінен бірнеше тағамдар жасауға болады,етін жиміз,терісін ереректе тулақ қылып төсеген.Қой-өте момақан, жуас,адал жануар.оданда көптеген өнімдер аламыз.Терісінен тон жасайды. Сонда әр жануардың өзіндік орны бар екен.

Қызыл қалпақ: я , дұрыс айтасыз адам үй жануарларысыз өмір сүре алмайды. Олар бізге қажетті нәрселерімізді беріп ,отбасымыздың шырайын келтіріп отыратын жануарлар. Қара қалпақ: Жануарлар адамның бабын таба алмайды, өтірік мен оған сенбеймін. Соларды бақпай ақ ,олардан алынатын өнімді дүкеннен сатып алмаймынба,босқа уақытымды алғанша.Сары қалпақ: Неге адамдар жануарларды бағады, оның пайдасы қанша?Жануалардан алатын өнімдеріміз дүкенде самсап тұрған жоқпа сонан неге алмасқа.Мен жануарларды өсіруге қарсымын.

Жасыл қалпақ: Шығармашылық тапсырма.

Көк қалпақ : Сіздердің пікірлеріңіз орынды. Әр кім өз ойын жеткізіп отыр. Мен өз ойымды айтатын болсам жануар біздің байлығымыз. Бабын тапса бырталай өнім алып қазақ даласын өркендетуге болады деп ойлаймын. Ой тастау: Өлеңді әрі қарай жалғастыруға болама?

Үй тапсырмасы:Төрт түліктің кеңесі оқып мазмұнын баяндап келу

6. Бағалау: 1. Топ басшылар әр оқушыны бағалайды.

2. Топты бағалау.( бағалау парағын оқу ) 3. Кері байланыс

Сабақтан алған әсерлерін жазу.




Амандасу.

Допты қағып алып сұраққа жауап береді.

Топ басшы бағалап береді

Жұмбақты шешу

Өлеңді мәнерлеп оқыту

Топ басшы әр шумақты түсіндіріп береді

Сөздік жұмыс

Малдың даусын ажырату













Топбасшысы әр оқушыны бағалайды





Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет