Сабақтың тақырыбы: Тоқтар-тұңғыш ғарышкер. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата10.07.2017
өлшемі38,8 Kb.
#21012
Сабақтың тақырыбы: Тоқтар-тұңғыш ғарышкер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өлеңнің  мазмұнын  түсіндіре отырып, қазақтан  шыққан  тұңғыш  ғарышкер  Тоқтар  Әубәкіров жайлы  шығармашылығы мен сіңірген  еңбегі  жайлы  таныстыру, ғарыш айлағы  космос жайлы ұғымдарын  кеңейту.

Дамытушылық: Сөздік  қорларын, дүниетанымын,  тіл байлығын,  шеберлігін, шығармашылығын  дамыту.

Тәрбиелік: Ғалам  құпияларын  оқып  білуге шақыру, өз елін, жерін  сүюге  қадірлеуге, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтары: көрнекі құралдар,тақтамен жұмыс,суреттер

Сабақтың типі: Білім,білік дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру,ой-қозғау, өзбетінше жұмыс, әңгімелеу,  баяндау,  топтастыру,  сұрақ-жауап,  жеке шығармашылық, ауызша, жазбаша, талдау, жинақтау, көрнекілік.

Сабақ  жоспары:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Кіріспе-қызықтырушылық  кезең.

Оқушылар  орындарынан  тұрып, қолдарын  жүрек  тұсына  қойып, ана тілі  өлеңін  дауыстап  оқу.



Ақыл-ойын  дананың ,

Ана тілден   аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ  сүтіндей  анамның.

  Өсірген  ой білімді,



Сүйем туған тілімді.

Мақсат  етем әр сөздің,

Мәнін   терең  білуді.

III.Мотивациялық  кезең.

V.Өткенге шолу.

Өткенді еске  түсіру  кезеңінде  өткен  тақырыптарды  еске  түсіру, шолу жасау.

1.Алтын  бесік.

2.Қазақстан.

3.Туған  өлкем.

4.Астана.

5.Алматы қаласы  тақырыптарын  еске  түсіру  т уған  жер,  туған  өлке  жайлы  мақаладар айту.

VI.Өткенді бекіту.

Жаңа сабақ.

Бүгін  біз  қазақтың  тұңғыш  ғарышкері Тоқтар Әубәкіров  туралы  кеңінен  мағлұмат  аламыз. Тоқтар  Әубәкіров  1946 жылы шілденің 27-де Қаарғанды  облысы Қарқаралы  ауданында, 1  май ұжымшарында  дүниге  келеген.  Ұлты –қазақ.Білім  жоғары. Техника ғылымдарының  докторы, академик авиация генерал-майоры,1965- 1969 жылдары  Армавир әуе қорғанысы  ұшқыштарының  жоғары  әскери  оқу орнында  оқыған, ұшқыш-инженер.(слайдтар арқылы  суреттер  көрсетіліп тұрады) Біздің  жеріміз орман, тау, өзен, көл,  өмір  сүретін  ортамыз  бәрімізге ортақ.Біздің  өмір сүретін  ортамыз-Жер  планетасы. Ғарыш  әлемін  көру  үшін   Зымыранмен  ұшу қажет. Зымыран  жер мен  аспан арасындағы  ең жедел  транспорт.Зымыранмен  ұшып    барған  ғарышкерлер  ғарыш  әлеміндегі  өзгерістерді  суретке түсіріп, ондағы   ауа мен  топырақты  зерттейді.Оны  жерге  хабарлап  отырады. Ғарышқа    ұшатын  ғарышкерлер  арнайы  киімдер    киеді. Ол  СКАФАНДР  деп  аталатын  киім ғарышқа  ұщуға   лайықталған  киім. Мінеки  ғарышкерелр  киімі  мынанадай, ғарыш  әлемі  мен ғарыш  әлемінің  құпияларымен  таныстық.



Кітап, дәпетермен  жұмыс.

Өлеңді  талдап,  тізбектей оқу, жаңа мағынаны тану.



Сөздікпен  жұмыс.

Құрық-асау жылқыны   ұстау  үшін  арналған  ұшында  ілмегі бар  ұзын  сырық.

Бұғалық – асау атты ұстауға  арналған  мықты  қыл арқан.

Құлаш - ұрды-талапатнды, ұмтылды,  талпынды.

  Сергіту  сәті



Зеңгір аспан   көгілдір

Алтын  күн  төрінде

Тамылжытып  төгіп   тұр.

Шаттық  сыйлап   көңілге

Көк аспандай  көгілдір

Қазақстан   байрағы

Тұрса  күндей  төгіп  нұр.

Жандарымыз  жайдары.

  Топтастыру.                          

                                             Профессор

 

депутат,саяси қызметкер                                       ұшқыш

 

инженер             Тоқтар Әубәкіров           ардақты әке

 

                  генерал-майор



                                                                                ғарышкер

                                                       білімді

 

VII. Сабақты  қорытындылау

Мен  ақылдымын,

Қиындықтан  қорықпаймын,

Мен  жаспын, қандай әдемімін,

Мен  ұзақ  өмір  сүремін.

  Менің  қолымнан  көптеген  жақсылық келеді,



Мен  халқыма  қызмет  етемін.

Айға  ұшамын, жерге  түсемін,

Халқыма  тыныштық  тілеймін.

 

Үйге  тапсырма:Өлеңді жаттау, «Ғарышкер  болғым  келеді» тақырыбында  өлең шығару.



  VIII. Бағалау.Сабаққа  белсене араласқан  оқушыларды  кесте арқылы  бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет