Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер



Дата08.09.2017
өлшемі44,81 Kb.
#31273
түріСабақ
Күні:16.11.16 қазақ тілі 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Мақсаты: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып, қазақ тіліндегі лексика саласы бойынша тұрақты тіркестерді оқыту.

А) Білімділік: Оқушыларды сыни ойлауға үйрету, талдау жасау, пікір айту, дәлелдеу, бағалау арқылы тұрақты сөз тіркестерін нәтижелі оқытуға қол жеткізу.

Ә) Тәрбиелік: Сыни ойлау технологияларына сәйкес түрлі шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлауын , яғни тұрақты тіркесті тани білуге үйрету.

Б) Дамытушылық: Оларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз бетімен ойлауға,шешім шығаруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, түрлі-түсті жұлдызшалар

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, ән

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша үй тапсырмасын тексеру.

Тірек сызбада берілген сөздердің эвфемизм мен дисфимизмін табыңдар.


ІІ. Жаңа сабақ:

Екі не одан көп сөздің тіркесінен құралып, біртұтас ұғымды беретін, сөйтіп бір сөздің орнына жұмсалатын ауыспалы мағынадағы тіркесті тұрақты тіркес деп атаймыз. Мысалы: аузын ашпау – үндемеу, көзді ашып-жұмғанша – лезде.


ІІІ.Жаңа тақырыпты игеру кезеңдері:

1-тапсырма. Жазбаша

Берілген диаграммадағы сөздерге сүйене отырып,сөйлем құрау.

жұлдызы жарасқан, аузы-аузына жұқпау,

жерден алып жерге салу, ит терісін басына қаптау.


2-тапсырма. «Суреттер сөйлейді». Ауызша

Оқушыларға слайдпен ауыз, мұрын, мұз, жүрек, пышақ, ит, қоян, шаштың суреттері көрсетіледі. Сол суретке қарап тұрақты тіркес құрайды және сол сөзді үш тілге аударады.

Ауызы күйген үрлеп ішер

Мұрнын көкке шүйіру

Ит өлген жер

Жүрегінің түгі бар

Судың да сұрауы бар

Қырық пышақ болу

Қоян жүрек

3-тапсырма. Тұрақты тіркестерді құрастырып, сөйлем құрау. Жазбаша, топпен жұмыс.

4-тапсырма. Әріптерді сөйлетейік. (Сыныпқа тапсырма). Топпен жұмыс

Т -тайға таңба басқандай ұ - ұялған тек тұрмас р -риясыз көңіл а - аузына қақпақ болу қ - қабақ шыту т -түн ұйқысын төрт бөлді ы -ырызық дарыған

т - тас бауыр і -іліп аларлық р -рақымды адам к -көзді ашып-жұмғанша е - екі көзі төрт болу с -салы суға кету
5-тапсырма. Ауызша

Тауып айт. Оқушылар тұрақты тіркестердің жалғасын табады.

1. Жүрегінің түгі бар
2. Мұрнын шүйіру
3. Бетінен қақпау
1. Көзіне көк ала шыбын үймелету
2. Мұрттай ұшты
3. Мұртыңды балта кеспейді
1. Көзі тоймау
2. Үш ұйықтаса
3. Жұмған аузын ашпау

IV. Сабақты қорытындылау.

1.Жабық тест 1. Тұрақты тіркес қандай жүйемен айтылады? а)қалыптасқан жүйемен ә ) бөлек-бөлек б) бір сарнынмен в) жеке-жеке 2. Күн құрғатпай келу А) антоним ә) синоним б) тұрақты тіркес в) омоним

3. Ит терісін басына қаптау а ) мейрімсіз ә) қорқақ б) балағаттады в) көрікті 4. Тұрақты сөз тіркестері неше сөзден құралады? а) бір сөзден құралады ә) бір сөйлемнен жасалады б) мағынасыз сөздерден құралады в) екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуінен

V. Бекіту

Шығармашылық жұмыс

«Анам – менің бақытым» тақырыбында эссе жазу. Ана туралы әуен ойнап тұрады, оқушылар төмендегі тұрақты тіркестерді мәтін ішіне кірістіру қажет.

«Түн ұйқысын төрт бөлу», «Ана сүтін ақтау», «Төбесі көкке жеткендей», «Көз ілмеу», «Жан ұшыру».

V. Қорытынды: Ашық тест

«Әзіл аралас сұрақтар».

Екі топқа мағынасы қисық сұрақтар қойылады. Оқушылар оған тұрақты тіркеспен жауап береді.

1. Адамның төбесі аспанға жете ме?

2. Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?

3. Екі аяқ бір етікке сия ма?

4. Адамның қай жерінде нан піседі?

5.Неге қақпақ қойылады?

6. Қар жана ма? Не себепті жанады екен?



Жауаптары

1.Аспанға төбесі жетті. 2. Аузынан сөзі түсіп қалайын деп. 3. Екі аяғын бір етікке тығу 4.Кеудесіне нан пісу. 5. Аузына қақпақ қою 6.Қалауын тапса, қар жанар.



Бағалау

Сабақты қорытындылай келе, ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.



Рефлексия

1.Сіздің ойыңызша бүгінгі сабақ қай дәрежеде өткізілді? 2. Айтылған мәселелерді қадеңізге жаратуға сенімдісіз бе? 3. Ұстазға айтар тілек, өкпе-наз



Үйге тапсырма: Бір бірімен синоним болатын және бір бірімен антоним болатын бірнеше тұрақты тіркестер жазып келу.

Тұрақты тіркестерді қатыстырып мәтін құрау


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет