Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың қасиеттері Күні: 25. 01. 2017ж Сынып



Дата19.01.2020
өлшемі17,8 Kb.
#56134
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ 10 сынып

абақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың қасиеттері

Күні: 25.01.2017ж

Сынып:

9 «ә»

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Әрбір ширектегі тригонометриялық функциялардың таңбалары, тригонометриялық функциялардың периодтылығы, тригонометриялық функциялардың жұптылығы мен тақтылығымен танысу. Алған білімдерін қолданып, есептер шығаруда қолдану

Табыс критерийі

Барлық оқушылар: Әрбір ширектегі тригонометриялық

функциялардың таңбаларын, тригонометриялық

функциялардың периодтылығы, тригонометриялық

функциялардың жұптылығы мен тақтылығын ажырата алады.

Алған білімдерін қолданып, есептер шығара алады.


Оқушылардың басым бөлігі: Тригонометриялық

функциялардың әрбір ширектегі таңбаларын салыстыра

алады,тригонометриялық функциялардың периодтарын біледі.


Кейбір оқушылар: Тригонометриялық функциялардағы ттұжырымдарды дәлелдей алады.

Тілдік мақсат


«Синус» латынның «sinus – иілу, қисықтық» деген мағынаны білдіреді.

«Косинус» сөзі – латынның «complementy sinus», яғни «толықтауыш синус» деген сөз тіркесінің қысқартылған түрі.

«Тангенсті» Х ғасырда араб математигі Абу – л – Вафо енгізген. «Тангенс» латынның «tanger – жанасу» деген сөзінен шыққан.


Алдыңғы оқу

Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері

Бұрыштардың радиандық және градустық өлшемдерін ажырата білу



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі



Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.Оқу құралдарын тексеру

Математика – ғылымдар патшасы деп

Мойындаған бар ғылым жер шарында

Сол қағида тағы да дәлелденбек

Бүгінгі сабақ жоспарында!!! - деп сабақты бастаймын.

“Әр бір Қазақстан азаматы үш тілді жетік білуі керек”



Н.Ә.Назарбаев

Сабақ барысында қолданылған кейбір сөздерді 3 тілде айтып өтейік.


Оқушыларды шағын топтарға біріктіремін. Конверттер арқылы топтарға бөлінеді.

«Синус» тобы «Косинус» тобы «Тангенс» тобы

Топтық ережемен таныстырамын.

Бүгінгі сабағымыз «Аукцион сабақ». Аукционға қойылған заттар: Кітаптар



  1. «Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны»

  2. «Халықтың асыл мұрасы»

  3. «Тәуелсіздік тағылымы»

Ұлттық валюта арқылы балл (ақша) жинайды.

Ұлттық валюта

АКТ


Ортасы


Негізгі бөлімі

Үй тапсырмасын тексеру №373

Өткен сабақты пысықтау

«Синус» деген не?

«Косинус» деген не? деген сияқты жеңіл сұрақтардан бастап, сұрақтарды күрделендіріп отырамын.

Сәйкестендіру парағын таратамын.

Топ басшылары сайысы.

Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндерін жатқа айту

Өткен сабақтағы кері байланысқа тоқталып өтемін.

Жаңа сабақты түсіндіру :

Жаңа сабақта «ДЖИГСО» әдісін қолданамын.

«Синус» тобы тригонометриялық функциялардың таңбаларын оқиды

«Косинус» тобы тригонометриялық функциялардың периодтылығын оқиды

«Тангенс» тобы тригонометриялық функциялардың жұптылығы мен тақтылығымен танысады.

«Екеуі үйде, үшеуі қонақта» әдісімен бір - біріне «қонаққа» барады. Пікір алмасады. Ой бөліседі.

Есептер шығару. Оқулықпен жұмыс

«Кемпірқосақ» әдісін қолдану



Сергіту сәті

Топ басшылары ортаға шығып оқушыларды кезекпен шақырады. Оқушылар ретімен санап, 3 – ке еселік санның орнына «Жаңылыспаймын» сөзін айту керек.



Слайд

№8,9,10


Слайд

№15


Слайд

№18


Слайд

№19

Слайд

№24,25



Түрлү-түсті қағаздар,

маркер




Аяқталуы

Пысықтау


Бағалау

Үйге тапсырма



Сабақты пысықтау оқулықтан есеп.

Жиналған балдарын (ақшаларын) санап жеңімпаз топты марапаттау. Аукционнан ұтқан ұтыстарын беру

Күнделікке баға қою
№387


Сұрақ- жауап

Бағалау парағы



Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Оқулықтағы «С» деңгейлік тапсырмалар





Кері байланыс парақшаларын тарату


Геометрия

Ағылшын тілі




Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім?




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет