Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру



Дата08.09.2017
өлшемі79,84 Kb.
#30515
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын меңгерту, осы формулаларды есеп шығару кезінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушыларды өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтау,
есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін 
қалыптастыра отырып, өз біліміне ғана емес, өзге 
оқушыныңда біліміне жауапкершілікпен қарауға 
дағдыландыру, өзін- өзі басқаруға үйрету
Сабақтың көрнекілігі : Тригонометриялық тепе – теңдіктер (таблица)
тест тапсырмалары , карточкалар, бағалау парағы.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері : сұрақ-жауап, , карточкамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, prezi.com сайты. 
Сабақ жоспары:

І.Ұйымдастыру. 
ІІ. Өткенді қайталап, қорытындылау 
ІІІ. Мақсат қою 
ІV Жаңа сабақ. 
V.Жаңа сабақты бекіту. 
VІ Үйге тапсырма. 
VІІ. Қорытындылау 
№ Сабақтың кезеңдері 
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру. Зейіндерін шоғырландыру. 
Сыныпты топқа бөлу үшін төрт түрлі үлестірме қағазын таратып беру. Амандасып орындарына отырады. 
Үлестірме қағазы бойынша төрт топқа бөлінеді. 
2. Өткен тақырыптады қайталау

І. Төрт топқа тригонометриялық функцияларды қайталау үшін постер құруға тапсырма береді. 
І-топ. Қосу формулалары. 
ІІ- топ. Келтіру формулалары. 
ІІІ- топ. Қос бұрыштың формулалары. 
IV-топ. Негізгі тригонометриялық формулалар.
Сұрақ: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. 
Бұрыштың синусын, косинусын, тангенсін, котангенсін қалай анықтаймыз? 
Координаталық ширектегі тригонометриялық функциялардың таңбалары. 
Тригонометриялық функциялардың жұп, тақтығы. 
ІІ. Жеке жұмыс. Тест тапсырмалары беріледі. 
Дұрыс жауаптың кодын айтады. 
ІІІ. «Кім жылдам?». Топтарға өткен тақырып бойынша сәйкестендіру тесті беріледі. 
І.Сұраққа жауап береді. 
Қосу формулалары: 
2. Келтіру формулаларын айтады. 
Sin(π/2+α)= 
cos(π+α)= 
tg(3π/2+α)= 
ctg(2π+α)= 
3.Қос бұрыштың формулалары: 
sin2α=2sinαcosα 
Cos2α=cos^2 α-sin^2 α 
Тапсырманы орындайды. 
Мысал келтіреді. 
Ережесін айтады. 
Топтар бір-біріне сұрақ қояды. 
ІІ. Оқушылар тест шешімін дұрыс жауаптардың нөмірі арқылы белгілеп, код арқылы тексереді. 
ІІІ. Топ мүшелері тесті бірлесіп орындайды. Шапшаңдығы да бағаланады. 
3.Білу. Мақсат қою 
-Қосынды мен айырым түрінде берілген тригонометриялық формуламен танысамыз. 
Формуланы қолданып есеп шығара аламыз. 
Түрлендірулерді орындай аламыз. 
Электрондық оқулыққа және сайтқа қарап формуланың қалай қорытып табылғанын анықтайды 
4.  Жаңа тақырыпты түсіндіру 
α=(α+β)/2+(α-β)/2 және β=(α+β)/2+(α-β)/2 тепе-теңдіктерін қосу формулаларына қойып, аргументтері әр түрлі синус пен косинустың қосындысын және айырмасын көбейтіндіге түрлендіруге болатынын түсінеді. 
Сонда формулаларының шығатынына көз жеткізеді. 
2-4 формулаларды қорытып шығарады. 
5. Түсіну. 
Жаңа сабақты бекіту 
Кітаптағы мысалдарды түсіндіреді Әр топтан 1 оқушы тақтаға шығып 
а) sin2α+sinα=2sin (2α+α)/2 cos (2α-α)/2=2sin1,5αcos0,5α 
ә) cos⁡(π/3-α)+cosα=2cos ( π/3-α+α)/2 cos ( π/3-α-α)/2=√3 cos⁡(π/3-α) 
б) cos75^0+cos15^0=√6/2 есептерін формуланы қолданып шығарады.Дәптерлеріне жазады. 
А деңгейінің есептерін шығарады. 
6. «Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап.» 4 топ мүшелеріне формуланың ережесін өз сөздерімен айту тапсырылады. 
-Аргументтері әртүрлі синустар мен косинустардың айырымын немесе көбейтіндіге жіктеудің мақсаты неде? 
-Аргументтері әртүрлі синус пен косинустың айырымын немесе қосындысын көбейтіндіге қалай келтіруге болады? 
Формуланы математикалық тілде айтып береді. 
Сұрақтарға жауап береді. 
6. Қолдану. 
Деңгейлік тапсырма Екі нұсқада үш деңгейде тапсырма беру: 
І-деңгей:а) sin2α+sin6α , ә) sin3α+sin5α (Дұрыс жауапқа-1 ұпай) 
ІІ-деңгей: а) , 
ә) (Дұрыс жауапқа-2 ұпай) 
ІІІ-деңгей: a) 
(Дұрыс жауапқа-3 ұпай) 
Жауабы бойынша тексерту. 
Әр оқушы тапсырманы жеке орындайды. 
Тақтадағы жауабы арқылы бірін-бірі тексеріп, ұпайын шығарады. 
7. Ұпайды бағамен салыстыру. 3-6 ұпай-«3», 
7-8 ұпай –«4», 
9-дан жоғары ұпай- «5». Топ басшылары топ мүшелерінің ұпайларын санап, бағалау парағына бағалайды. 
8 Рефлексия Оқушыларға кері байланыс жасауын ұсынады. «Екі жұлдыз, бір тілегін» білдіреді. 
9 Үй тапсырмасы. 
§24, есептер №396, 401 а) ә)
Каталог: uploads -> doc -> 1212
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1212 -> Сабақтың тақырыбы : Ү дыбысы мен әрпі ( ашық сабақ ) Сабақтың мақсаты
1212 -> Диплом бойынша мамандығы: "Бастауыш сынып мұғалімі." Өмірдегі ұстамы:"Алға,алға тек алға"
1212 -> Сабақтың атауы Б. Соқпақбаев Менің атым Қожа Мақсаты Түрі Білімділік
1212 -> Сабақ "Қуыршақтар театры" Тақырыбы: Қуыршақ театры


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет