Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем Сабақтың мақсаты: Білімділігі



Дата01.04.2017
өлшемі69,21 Kb.
#12809
Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Қ. Жұмағалиевтің "Туған өлкем '' өлеңімен таныстыру. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру. Дамытушылығы: Оқушылармен жұмыс істеу арқылы ой - өрісін, тіл байлықтарын дамыта отырып, өздіктерімен қорытынды жасауға машықтандыру. Тәрбиелігі: Оқушыларды елін, жерін құрметтейтін және таза, адамгершілігі мол, өз Отанын қорғайтын азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның картасы, айдаһар мінген жауынгердің суреті, тест парақшасы, оқулық.

Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру .

Оқу құралдарын дайындау. Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!

- Қ.Мырзалиев жырлағандай қазір ана тілі сабағы. Психологиялық дайындық.

Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық , мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. - Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Қалаған қала, дала, өзен, көл атаулары бойынша топқа бөлу. I-топ қалалар. II-топ далалар. III-топ өзендер. IV-көлдер. Мақсат қою, ойын ережесімне таныстыру. - Оқушылар (ҚР-ның картасын көрсетіп) мынау біздің еліміз, мына айдаһар мінген жауынгер біздің еліміздің тыныштығын бұзғысы келетін жауларымыз. Кім елін сүйсе, мынау қаруларымыз қарулардың сыртында сендерге берілген тапсырмалар бар. Кім сол тапсырмаларды дұрыс орындаса, сол айдаһар мінген жауынгерді тұтқындайды. Қай топ жауларды көп қолға түсірсе, жеңіс сол топтікі және әр оқушы өз жауабының бағасын алады. Сабақ соңында қорытындылаймыз. Ал, ендеше іске сәт! II. Ой ашар. - Балалар, біз қандай тарауды оқып жатырмыз? - Туған өлкем - тұғырым. - Бүгінгі сабақта да осы тарау бойынша сүйікті ақын - жазушыларымыздың шығармаларымен танысуды жалғастырамыз. Осы тарауда қандай шығармалар оқыдық? (Туған жер, Отан, Қазақстан.) Үй тапсырмасын пысықтау: - Балалар, біз өткен сабақта қай ақының өлеңімен таныстық? - Мұқағали Мақатаев. - Оның қандай өлеңдерін білеміз? - Қазақстан, Отан туралы. - Отан туралы өлеңін жатқа сұрау. М. Мақатаев Отанға деген махаббатын қалай жеткізген?


арманы арқа тұтар сүйеніші

бақытты


тәңір,иесі

сырлас досы

ұяты ары қаны

Өлең бойынша оқушының нені сүйетінін мына үлгі ағашқа қарап жазып шығайық.



сүйемін

тасын




Жұмағалиев Қайрат (16.9.1937 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орда ауданын Бесқұдықа.) - ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазҰУ- ды бітірген (1959). 1959 - 84 жылдар "Жазушы" баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1985 - 92 жылы Қазақтелерадио көмитеттінде аға редактор, комментатор, редакция меңгерушісі, бас редактор, 1992 - 96 жылдары Қазақстан Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесші. Қазір "Сарыарқа" журналында редактор қызметін атқарады. Алғашқы өлеңдер жинағы "Тұңғыш" 1964 жылы жарық көрген. Бір қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылған және ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тілдеріне жеке өлендері аударылған. Француз, моңғол ақын-жазушыларының романдарын қазақ тіліне аударған. Ақын өлеңдеріне ән жазылған. Белорусь Республика Құрмет грамотасымен, Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін" медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының Грамоталарымен марапатталған.

Оқулықпен жұмыс. I.Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды. II.Оқушылар тізбектегі хормен оқи отырып,инсерт әдісін пайдаланып,түсініксіз сөздерді тауып көрсету.Әр топ бір-біріне тауып оқуға сұрақ әзірледі. Топта қара сөзбен айтып жариялайды. I.Ақын өз өлеңінде елінің иесі мақтан еткен? II.Өлеңде ақын халқымыздың басыннан өткен қандай ауыр күндерді айтып жүр? Ол туралы не білесің? III.Ақын өз өлеңінде туған өлкесін кімге теңеген? IV.Ақынның:"Адамзат білген, білмеген барша байлық" деп отырғаны не деп ойлайсың? Тақтамен жұмыс. Өлеңге сүйеніп ,берілген сөздерге көркем,бейнелі сөздерді сәйкестендіріп сызықпен қосу. асау белдер кермиық көлдер көлбеген далам шөлдеген ну өр топырақ қып-қызыл таулар жап-жасыл құм киелі жыр

Дәптермен жұмыс Cөзден сөз құрастыру. I-топ. Қазақстан II-топ. Егеменді III-топ. Шарбұлақ IV-топ. Қазығұрт Сергіту сәті.

Шығармашылық тапсырма I-топ.Ребус құрастыру. II-топ. Сөзжұмбақ шешу. III-топ. Мақал-мәтелді жалғасыру. IV-топ. Өлең құрастыру. Сандар сыр шертеді.

1991 17млн 16желтоқсан 9 14 I.Шарбұлақ деп не үшін атаған? II.Біздің ауылымыз қандай ауылмен шекаралас? III.Біздің ауылда қандай жұмыс орындар бар? IV.Біздің ауданның аты қалай аталады? V.Біздің ауданда қандай тарихи ескерткіштер бар? VI.Біздің ауылымыздардан шыққан ақын жазушыларды білесіңдер ме? Сабақты қорыту. Туған өлкеміздің қойнауымызда таусылмас қазына,мол байлық бар. Алдыңда талабы биік жаңа заман, жаңа ғасыр түр. Жерің мен еліңді көзіңнің қара шығындай қорғай білу керек.Оны мәңгілік сүю әр азаматтың парызы. Жүректен жүрекке. Бағалау. Үйге тапсырма жаттау. Туған өлкеміз туралы сурет салу.



Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылы,

«Шарбұлақ» жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Қаратаева Гүлжан Адырбаевна

Ашық сабақ тақырыбы:

«Туған өлкем» / 4-сынып /
Каталог: materialy -> bastaysh1
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
bastaysh1 -> Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Сапарова Улжанар Нұрхановна Сыныбы-4 Пәні: Ана тілі
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Тулепова Сарсенкул Сыныбы-2 Пәні: Ана тілі
bastaysh1 -> Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының «№18 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Нурмаханова Бибигуль Толегенова Сыныбы-1 Пәні: Қазақ тілі
bastaysh1 -> Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр. Сабақтың мақсаты
bastaysh1 -> Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
bastaysh1 -> Сабақтың тақырыбы: Сын есім Сабақтың мақсаттары : Білімділік: Оқушыларға сын есім жөніндегі білімді жете меңгерту
bastaysh1 -> Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет