Сабақтың тақырыбы Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар Сабақтың мақсаты



Дата07.10.2019
өлшемі336,33 Kb.
#49336
түріСабақ
Байланысты:
000a301b-a8470e84

3 топ 25.09.2019


Сабақтың тақырыбы

Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Түзу сызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар туралы біледі.

Көптеген оқушылар: Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты тәжірибе жүзінде дәлелдеп өмірмен байланыстыра алады.

Бағалау критерийі

  • Түзу сызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарды түсінеді

  • Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалысты мысалдар келтіріп, бір-бірінен ажыратады.

  • Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалысты тәжірибе жүзінде дәлелдейді.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу,түсіну,қолдану

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология және лексика

Қозғалыс, бірқалыпты қозғалыс, бірқалыпсыз қозғалыс терминдерімен танысады, ауызша және жазбаша түрде еркін қолданады.



Қазақша

Орысша

Ағылшынша

қозғалыс

движение

motion

бірқалыпты

равномерный

uniformly

бірқалыпсыз

неравномерный

not uniformly




Құндылықтарға баулу

Түзусызықты қозғалыстың түрлерін білу және оларды бір-бірінен ажыратуға тәжірибелік тапсырмалар орындай отырып, индустриялaндыру aрқылы экономикaның өсуiнe жол aшу

Пәнаралық байланыс

Негізгі физикалық терминдерді түсінуде қазақ тілі,орыс тілі және ағылшын тілімен байланысады.Ал график сызуда математика пәнімен байланысады.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интернет материалдары,слайд

Қосымша білім

Бiлeдi: механикалық қозғалыс және оның екі түрі жaйлы бiлeдi

Бiлуi кeрeк:Түзусызықты қоғалыстың екі түрін біледі және оларды мысалдар келтіру арқылы бір-бірінен ажыратады, күнделікті өмірде бұл қозғалыстарды бақылай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Үй тапсырмасын сұрау

5 мин

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу

«Ыстық алақан» тренингін ( бір-бірінің қолдарын ұстап, оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып, жылы лебіздерін білдіру) ұйымдастыру.


Мұғалім үй тапсырмасын «Сұрақ менен,жауап сенен» әдісі арқылы сұрайды.

  1. Қозғалыстың салыстырмалылығы дегенді қалай түсінесіз?

  2. Қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіріңіз.

Іс-қимылдар жасайды

Дескриптор:

  • Қозғалыстың салыстырмалылығын біледі

  • Қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіреді.




Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау

5 мин

«Серпілген сауал» әдісі

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында төмендегі сұрақтарды қойып,қағаз лақтырамын.Қағып алған оқушы сұрақтың жауабын айтып, қайта мұғалімге лақтырады.



  1. Түзусызықты қозғалыстың қандай түрлері бар?

  2. Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?

  3. Бірқалыпсыз қозғалыс дегеніміз не?

  4. Бірқалыпты қозғалысқа қандай мысалдар келтіруге болады?

  5. Бірқалыпсыз қозғалысқа қандай мысалдар келтіруге болады?

  6. Осы қозғалыстардың қай түрі өмірде сирек кездеседі?

  7. Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарды қандай тәжірибе жасап бақылауға болады?


Дескриптор:

  • Түзусызықты қозғалыстың түрлерін біледі.

  • Қозғалыс түрлерінің анықтамаларын айтады.

  • Қозғалыстың екі түріне мысалдар келтіреді

  • Бірқалыпты қозғалыстың өмірде сирек кездесетінін біледі.

  • Тәжірибенің жасалу жолын түсіндіреді.

Умаждалған қағаз



Кері байланыс

Рефлексия

3 мин

«Тазалық» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын.

Оқушыларға чемодан,еттартқыш, қоқыс жәшігінің суреттері бар парақша тарқатылады.Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданға салады (жазады), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салады (жазады), ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса еттартқышқа салады (жазады)



Кері байланыс



Түрлі-түсті чемоданның, еттартқыштың,

қоқыс жәшігінің суреттері бар үлестірмелі материалдар



Үйге тапсырма

2 мин

Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарға эссе жазу.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет