Сабақтың тақырыбы Уақыт алға жетелейді Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



Дата23.02.2020
өлшемі20,74 Kb.
#58887
түріСабақ
Байланысты:
sabaq-kz attachment uayt-ala-zheteleyd

Тексерілді: ____________ Оқу ісінің орынбасары


Пәні: қазақ тілі

Мектеп: Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебі

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

5-бөлім. Бос уақыт және хобби

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қуаныш Таншолпан Берікқызы

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Уақыт алға жетелейді



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т\А2.Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диолог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру

5.О4.Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.

5.ӘТН4.Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану


Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Уақыт алға жетелейді

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Жануарлар ертегі әлемінде


Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Оқушылар: бір-бірінің қолдарынан ұстап , бір-біріне сәттілік тілейді:

Сабағыңды жөндеп

Әзірленсең-еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек!



«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.

Сабақтың ортасы

15 минут


Сабақтың соңы

15 минут



Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады

Шығармашылық жұмыс

Өлең шумақтарын толықтыру.

.................. білейік, (Қиялдай)

.................. жетейік. (Арманға)

.................... білейік, (Армандай)

................... күлейік. (Шаттанып)

Сұрақ –жауап.

Мұғалім : 1.Уақыт мезгілдерін қалай білуге болады?

Оқушы: Уақыт мезгілдерін күнтізбе, сағат арқылы білуге болады

Мұғалім: 2. Механикалық сағаттың неше тілі болады?

Оқушы: Механикалық сағаттың 3 тілі болады.

Мұғалім: 3.Ұзын , қысқа, жіңішке тілі нені көрсетеді?

Оқушы: Сағаттың ұзын тілі-минутты, қысқа тілі сағатты, жіңішке тілі –секундты көрсетеді
«Кубизм» стратегиясы бойынша / кубиктің қырына сай сұрақтар шығып отырады. Сұрақтарға жауап бере отырып мына сандарды сөйлету.
                 365     12     4     7     24    60
                                                                                             

Мұғалім:1-ші қыры:   «Ойлан, тап»

Бір жылда неше күн бар?  қаңтар, ақпан, желтоқсан айларында неше күн бар?
Оқушы : Бір жылда 365 күн бар. /31,31,28/29 күн бар
 Мұғалім: 2-ші қыры :  «Сен білесің бе?

Бір жылда неше ай бар ? Бәйшешек қай кезде гүлдейді?


Оқушы: Бір жылда 12 ай бар. / көктемде.
 Мұғалім:3-ші қыры: «Тез,ойла» «Қ»  әрпінен басталатын ай аттарын айт.

Бір жылда неше мезгіл бар?


Оқушы: Бір жылда 4 мезгіл  бар.  қаңтар, қазан, қыркүйек, қараша
Мұғалім: 4-ші қыры: «Әрі оқу, әрі ойын»  Сөздердің аудармасын тап.   Дүйсенбі- .., тоңазытқыш-

Бір аптада неше күн бар?     / понедельник, холодильник /


Оқушы: Бір аптада 7 күн бар                                        
 Мұғалім: 5-ші қыры:  «Қызықты грамматика»  қай әріп жоқ  ?
Са…ат, уа…ыт, қа…тар,  /қ,ң, ғ

Бір тәулікте неше сағат бар?


Оқушы: Бір тәулікте 24 сағат бар.
 Мұғалім:6- шы қыры: «Өзіңді тексер»  
/жыл  мезгілі , қыс , көктем, құстар,

1 сағатта неше минут,1 минутта неше секунд бар?   / ы,ы,ұ,а/


Оқушы: 1сағатта 60 минут, 1 минутта 60 секунд бар.

Оқулық,

мәтіндер.



Рефлексия

5 минут



«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.



  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

Рефлексиялық шеңбер



Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған.

Топтық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар басқаларға қолдау көрсетеді деп күтілуде. Қажет жағдайда олар мұғалімнің көмегіне жүгіне алады.



Сабақта оқушылар бір-бірінің жұмыстарына жетістік критерийлері бойынша баға береді. Мұғалім бақылау жүргізеді, тапсырмалардың орындалу деңгейі бойынша оқушыларға кері байланыс береді.

Сабақ табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, қоршаған ортаға пайдалы болу туралы; ол биология, экология, өзін-өзі тану пәндерімен байланыс табады.


Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет