Сабақтың тақырыбы :



Дата22.03.2017
өлшемі7,85 Kb.
#12094
түріСабақ

Тақырыптық сабақ жоспары

  • Қазақ әдебиеті
  • 5-сынып

Сабақтың тақырыбы:   «Аяз биде» қонақта

  • Сабақтың мақсаты :
  • Білімділік. Оқушыларға ертегі мазмұнын меңгерту, ертегіні оқыту арқылы сөз құдыреттілігін білуге үйрету.  Баланы оқыта отырып,дамыту.
  • Дамытушылық. Жүйелі ойлау, ойын әсерлі жеткізуге, жүйелі сөйлеуге төселдіру.
  • Тәрбиелік. Бала бойына еркіндік , мақсаткерлік,ар- намыс, адамгершілік, шыншылдық, еңбексүйгіштік қасиеттерін  ұялату.

Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру

  • Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру
  • Сабақтың түрі: “Аяз биде қонақта” ертегі сабағы
  • Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, пікір айту
  • Көрнекілігі: Суреттер, топшамалар, кітаптар көрмесі, ертегі  кейіпкерлерінің киімі, үнтаспа.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру /Оқушылармен амандасып сабаққа қатыстарын тексеру/

  •  
  • 1.     Қызығушылықтарын ояту.
  • / “Ертегілер ” әні ойналады./
  • Жүректен жүрекке шаттық шеңбері.

Оқушылар өздерін таныстырып, хан және аяз би болып екі топқа бөлініп отырады.

  • Тақтаға күнді жазып, дәптерлеріне тақырыпты жазамыз.

II. Мағынаны ашу. -         Оқушылар мен сіздерге “Аяз би” ертегісінің толық мазмұнын игеріп  келуге үйге тапсырма ретінде берген болатынмын. Сіздердің алдарыңызда тұрған міндет көркем әдебиетті өздеріңіз оқып меңгеру. Біздер екі топқа бөлініп отырдық. Сіздердің алдарыңызда бағалау парақтары сол парақтарға -, +, орташа белгілерді қарсылас топтарыңызға салып отырасыздар, әрине әділдік керек.

1. Зерделеу стратегиясы. / Оқушыларға ертегі бойынша сурет салып келу тапсырылған болатын, сол тапсырма бойынша оқушылар суреттерді әңгімелей отырып, суретке сәйкесті мақалдар айтады/

Суреттер сөйлейді. Мақал – сөздің мәйегі” Менің алдымда сұрақтар тұр. Мақалдарды суреттерге сәйкестіндіре әңгімелейміз. 1. Құстың, шөптің, адамның  жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы. Есірген хан елді ермек етер. 2. Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі. Көп жасаған білмейді, Көпті көрген біледі. 3. Меңдінің Жаманды таңдауы. Ақылды адам айтқызбай біледі, Ақсұңқар қаққызбай біледі.

4.  Жаманның сертке беріктігі Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер. 5. Ханның өтірігіне жаманның жауабы. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам 6. Ханның қырық уәзірді жолға салуға тапқан ақылы. Ақылды жетер мұратқа, Ақылсыз қалар ұятқа. Жоспарларды реті бойынша жазып отырамыз.

2. Ізденіс стратегиясы. Мәтінмен жұмыс. а. 2 топтың алдында тұрған ендігі мәселе  мәтіндегі жұмбақтарды немесе тұспал, ишара сөздерді бір- біріңізге жасырасыздар. 1 /“Жау шапты, ел бүлінді,апат соқты” / 2- топ әңгімелеуі керек/   2 / 1- топтан біреуі жауап беруі керек/ /уәзірлер шешуі керек/

ә. “Кім шапшаң?” тезірек мәтіндегі мақал- мәтелдерді табу керек. 1.“Адам тілі тас жарар, тас жармаса, бас жарар” 2. “Аға өлсе, іні -мұра”

3.      Ой салыстыру стратегиясы. 1. Хан тобы жаманға 2. Аяз би тобы қырық уәзірге.  

4.     Ой түю стратегиясы. 1.Мен адамды қалай бағалаймын? / ой – пікір айту/ “Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл” деген сөзді қалай таратып айтып берер едің және қандай мақал – мәтелдермен ауыстыруға болады.   2. Бұрын елді хандар биледі, ал қазір елді кімдер басқарады? / Президент, әкімдер, министрлер, директорлар т.б/ Сен әкім  немесе президент болсаң елің үшін не істер едің?/ Жазбаша

4.     Қорытынды. Ертегілердегі халық арманы / шағын ойтолғау жазу/   Бағалау парақтары бойынша оқушыларды бағалаймын. Көркем әдебиетті оқуға нұсқау беремін. Кітаптар көрмесімен танысу.

Назарларыңызға рахмет


Каталог: uploads -> doc -> 11a0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11a0 -> 1. Білгір болсаң, тауып көр Жүйрік болсаң, шауып көр
11a0 -> Лексикалық тапсырмалар Тақырып бойынша мақал-мәтелдер жазыңыз. I нұсқа :


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет