Сабақтың тақырыбы:«



Дата12.03.2018
өлшемі51,66 Kb.
#38516
түріСабақ
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің техналогогиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімдері: Драма

Сабақтың тақырыбы:« «Ақ бидай»(сахналау)
Мақсаты: Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану.Эмоциялық күйді анықтау және беру. Командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет ету.Кеңістікте бағдарлану (сахнада, ойластырып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу. Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

Көрнекілік: Әліппе-дәптер,суретттер,әуен ойнатқыш қарындаштар, түрлі түсті бояулар Музыка әуені, Полька, вальс, марш, қазақ биінің қимылдары («Қамажай», «Қара жорға») Сиқырлы қорапша, сахнаның безендірілуі, билеттер, хабарландыру, күннің макеті, атрибуттар.

Белингвалды компанент: бидай – пшеница – wheat

Пәнаралық байланыстар:«Өзін-өзі тану», «Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет», «Қоршағанортамен таныстыру.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы


Педагог тәрбиеленушілерді шаттық шеңберіне жинайды. Бір-бірімен сәлемдесуді ұсынады. Тәрбиеленушілер кезекпен ортаға шығып, сәлемдеседі. Сәлемдескен балаға бұрылып қарап, қол соғады.

Балалар бір-бірімен сәлемдеседі. Бала сөзді мақұлдағандай болып, басын жай ғана изейді.


Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

– Бүгін бізді Айсұлу мен Қуаныш «Театр әлемі» байқауына шақырды. Ол үшін бізге дайындалу керек.

– Актёрдің дауыс ырғағы қандай болу керек?

Жаттығу жасайық.

Бала балараны қуалады,

Балара баланы қуалады. (Қатты, сыбырлап айтады).

– Актёрлер тек қана дауыс ырғағын келтіріп қоймайды. Ым-ишара арқылы кейіпкерлердің образын бейнелейді. – Бүгін сендермен актёр болуды үйренуді жалғастырамыз. Сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңді қозғалту арқылы бейнелейсіңдер.

1. Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетіңдер.

2. Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан құлап түскен балапан сияқты, иттен қорыққан бала сияқты.

3. Жылап тұрған баланы көрсету.

4. Күлімсіреп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету.

5. Өлең айтып тұрған адамды көрсету.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма.

Актёрлік шеберлік дегеніміз не?

Мәнерлі сөйлеу деген не?

2-тапсырма. Өзіңе таныс ертегіні тап. Кейіпкерлерді ата, оларға сипаттама бер. Олардың бейнесін ым-ишарамен көрсет. «Ақ бидай» ертегісін ұсыну. Ертегі желісі бойынша салынған суреттерді көрсете отырып мазмұнын баяндау. Ертегі сендерге ұнады ма?

– Қандай кейіпкерлермен таныстық?

– Ақ бидайдың жағдайы неге нашарлады?

– Оның өсуіне не кедергі болды?

– Ақ бидайға кім көмектесті?

– Ертегі бізді неге үйретеді?

Сергіту сәті.

Музыкалық жаттығу. Музыка әуенімен балалар түрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтағанда бастарын иеді.


Сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша айтқызу.

бидай – пшеница – wheat


Әліппе-дәптермен жұмыс.

Суреттерге қарап, бидайдың көңіл күйін ым-ишара арқылы көрсет.
Ойын: «Көңіл күйі» (ым-ишара, дауыс ырғағы арқылы көрсету).

– Қуаңшылық болғанда ақ бидай қалай қысылды? (Жылау.)

– Кедергі жасаған өсімдіктерге қалай ренжіді? (Ренжу.)

– Адамға мұңын қалай жеткізді? (Мұңаю.)

– Адам көмектескенде қалай қуанды? (Қуану.)

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Бидайға көмекке келген кейіпкердің суретін сал. Сахналау. Ертегіні сахналауды ұсыну, сиқырлы қорапшаның ішінен жұлдызшалар таңдап алуды ұсыну.


Сұрақтарға жауап береді.

Тіл ұстарту жаттығуы:

Бала балараны қуалады,

Балара баланы қуалады. (Қатты, сыбырлап айтады).


Ым-ишара арқылы кейіпкерлердің образын бейнелейді
Балалар бет-әлпеттерін қозғалту арқылы бейнелейді.

Кейіпкерлерді атап, оларға сипаттама береді.


Ертегі желісі бойынша салынған суреттерді мазмұндап баяндайды.

Музыка әуенімен балалар түрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтағанда бастарын иеді.


Сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша айтады. бидай – пшеница – wheat
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Көңіл күйді ым-ишара, дауыс ырғағы арқылы көрсетеді.

Тәрбиеленушілер алған жұлдызшадағы суреттерге қарап рөлдерге бөлінеді. Қалған балалар – көрермендер.


Рефлексивтік бағалау.


Қорытынды:

Қуаныш пен Айсұлу тәрбиеленушілерге өздерінің жұмыстарын бағалауды ұсыну.

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.



1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.




Күтілетін нәтиже:

Білу керек:Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді; дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айтады, сыбырлап және қатты айтады; кеңістікте бағдарланады (ойластырып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалады; командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет етеді

Біледі: Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолданады; басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі.

Білді:Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін жасайды. кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлейді.
Каталог: uploads -> doc -> 083d
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
083d -> Сабақ тақырыбы: «САҚтар тарихы» (сайыс сабағы)
083d -> Сабақтың тақырыбы Тұрақты сөз тіркестері Сілтеме
083d -> Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №18орта мектеп мемлекеттік мекемесі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет