Сабақтың тақырыбы: «Вирустар. Вирустан тазартатын программалар»



бет1/6
Дата10.06.2017
өлшемі0,59 Mb.
#18863
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Сабақтың тақырыбы: «Вирустар. Вирустан тазартатын программалар»

Мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларға вирустар туралы, оның түрлері мен оларға қарсы программалар туралы толық мағлұмат беріп, вирустардың таралу жолдары туралы білімдерін толықтыру.

2. Дамытушылық: ойлау, жобалау, жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой-өрісін дамыту, қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жұмысты жүйелі жасауға, жасаған іс-әрекетті нақты жеткізе білуге және компьютерді еркін меңгеруге үйренеді.

Сабақ түрі: Демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы, саяхат сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Жеке, өз бетімен жаңа білім алу, бекіту жаттығулары.

Пәнаралық байланыс: Физика, Тарих.

Көрнекі құралдар: Слайд-фильм, оқулық, үлестірме тапсырмалар.

Техникалық құрылғы: Проектор, экран, компьютер.

Жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа сабақ түсіндіру (тест сұрақтары)

  3. Жаңа сабақ жалғасы

  4. Бекіту

  5. Қорытындылау және бағалау

  6. Үй тапсырмасын беру.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Слайд1: Бүгінгі күн.

    1. Сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Журнал толтыру.

    2. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттерін, барысын айтып өту.


Мұғалім сөзі:

Үй тапсырмасын сұрау 2-3 слайд көрсету арқылы


2. Жаңа білім:

Үй тапсырмасын тексеріп болдық, енді жаңа сабағымызды бастайық. Жаңа сабағымыз «Антивирустық программалар». Антивирус сөзін толық меңгеру үшін алдымен осы антивирустық программалар күресетін вирустар болуы керек.



Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады.

Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеумен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылды.

Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлуінде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының шыққанын айта кету жеткілікті шығар. Сондықтан да біздер компъютерлермен жұмысты жасағанда, кез келген қарсы жасалып жатқан кедергілерге (вирустар) қарамай, ешқандай қадергісіз еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек. Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компъютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана, соның ішінде вирустармен күресе білудің аса қажеттігін көрсетті.



Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.).

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ - ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

— кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;

- компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;



— көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с.

Вирус жұққан блакноттың суреті



Компьютерлік вирустардың ену мүмкіндіктері

Компьютерлік вирустар «таза» компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады.




Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.

Айта кететін жайт, вирустардың кейбір түрлері компьютерге келісімен зиянды ісіне кірісіп кетеді, ал олардың кейбірі файлдар құрамына еңсе де іске кіріспей, біраз уақыт тым - тырыс жасырынып жатады, бұл уақытты «инкубациялық мезгіл» деп атайды. Бұл мезгіл аралығында олар екпінді күйде файлдар арасына таратылып, зақым келтіруіді белгілі бір уақыт мөлшері өткен соң немесе ол өзін-өзі белгіленген мөлшерде көбейтіп болған соң ғана бастайды.




    1. Каталог: uploads -> doc -> 1373
      doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
      doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
      doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
      doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
      doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
      doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
      doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
      doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
      doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
      1373 -> Сабақ жоспары №176 орта мектебі Шартты программалау (ашық сабақ) Сыныбы: 8 «Б» Пән мұғалімі: Серікбайқызы Ж


      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет