Сабақтың тақырыбы: Ұялы байланыстың желілері және жүйелері Сабақтың түрі



Дата22.08.2017
өлшемі190,91 Kb.
#24180
Қызылорда облыстық білім басқармасы

И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжі





«Келісілген»

Колледж әдіскері

_________Айымбетова Э.




«Бекітемін»

директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

Ермұхан Б.

«___» _________2016 ж. .


«Байланыс желілері және коммутация жүйелері » пәнінен



АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Жоспарды дайындаған И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.А.


Ашық сабақ жоспары «Информатика, есептеу техникасы және радиобайланыс» пәндік циклдық комиссиясының отырысында қаралып мақұлданды.

Хаттама № ___ «___» ___________2016 ж.

ПЦК төрайымы Қарсақбаева А.

Қызылорда 2016 ж.

Байланыс желілері және коммутация жүйелері пәнінен

№ 32 сабақтың жоспары

Өткізілетін күні:

Оқу топтары: РС-23о



Сабақтың тақырыбы: Ұялы байланыстың желілері және жүйелері

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілікті, пікірталас
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ұялы байланыстың желілері және жүйелерімен таныстыру.

Дамытушылық: Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін

сөйлеу дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылығын

арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды компьютермен жұмыс жасата отырып,

қауіпсіздікережесін сақтауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу




Сабақтың міндеттері:

  • Мазмұнға байланысты міндет: Ұялы байланыстың желі түрлерін ажыратады, ұялы байланысты ұйымдастыруды үйренеді.

  • Сын тұрғысынан ойлауға байланысты: оқушының ой-өрісі, дүниетанымы кеңейеді, шығармашылықпен жұмыс істейді.

  • Топтық міндет: топта бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді, тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды, бір –бірін толықтырады.



Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, Activote құралы, электрондық оқулық
Пайдаланылатын әдістер: ой қозғау, топтастыру, түртіп алу, инсерт жүйесі. БҮҮ стартегиясы, бес жол өлең
Сабақтың барысы: 1. Қызығушылықты ояту (тақырыпқа дейін ой қозғау)

2. Мағынаны тану (тақырып)

3. Ой толғаныс (қорытынды)

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасып, үй тапсырмасына шолу жасау
ІІ. Үй тапсырмасына шолу (Activote құралының көмегімен тест тапсырмалары арқылы үй тапсырмасын тексеру)
І. Пошта арқылы байланыс (механикалық)
а) хат    б) газет-журнал     в) посылка
ІІ. Электромагниттік толқындар көмегімен іске асырылатын байланыс.

1.     Телеграф- (гректің «теле»-алыс)
1832 жылы орыс ғалымы П.Л.Шиллин ойлап тапты.
1837 жылы Морзе (АҚШ) аппаратын ойлап тапты.    (нүкте,сызық)
Фототелеграф – сурет,графиктер
2.      Телефон – («фон»-дыбыс, «теле»-алыс)
1876 жылы американ ғалымы А.Г.Белл ойлап тапты.
Атқаратын қызметі –сөйлеу информацияларын алыс қашықтыққа жеткізу:
3.     Радио (латынша «радио»-сәуле таратамын)
1895 жылы 7 мамырда орыс ғалымы А.С.Попов ойлаптапты.Сондықтан 7 мамыр радио күні деп аталады.Хабарлағыш антенна арқылы әртүрлі хабарламалар беру.
4.     Теледидар (телевизия)
«видео»-көремін деген сөз.Қызметі-обьектінің кескінін көру және дыбысты есту.Алғаш ойлап тауып,пайдаланған Англияда 1925 ж Джон Берд.

ІІІ. Жаңа тақырып. (Қызығушылықты ояту)

Тақырыпқа дейін ой қозғау:


  1. Оқушылар күнделікті өмірде ұялы байланыс ұғыммен кездесіп жүрсіздер, кімнің қандай ойы бар? Кәне, ортаға салайық!

  2. Ұялы байланысты ұйымдастыру қалай жүргізіледі?


Мағынаны тану. (жаңа сабақты түсіндіру)
Біздің елімізде бірынғай автоматтандырылған байланыс жүйесі жасалуда. Ол үшін әр түрлі техникалық байланыс құраддары қолданылатын жана облыстар дамытылып, жетілдірілуде.

Тіпті бертінге дейін калааралық телефон байланысы тек қана байланыстың ауа желілері арқылы орындалатын, ал байланыстың сенімді болуына желілерге найзағай мен мүз қатуының зиянды әсері болады. Осы кезде ондай байланыста автоматтандыру дәрежесі өсіп, енді кабельді және радиорелелі желі кеңінен қолданылып отыр.






1-сурет
Байланыстың радиорелелі желілерінде ультрақысқа (дециметрлік және сантиметрлік) толқындар пайдаланылады. Осы толқындар тікелей көріну шегінде тарайды. Сондықтан желілер шағын қуатты радиостанциялар тізбегінен құралады да, әрқайсысы сигналды көршілеріне, эстафета бойынша дерлік жеткізіп отырады. Мұндай станцияларда биіктігі 60-80 м діңгектер бар, олар бір-бірінен 40-60 км қашықтықта тұрады.

Ғарыштық радиобайланыс саласындағы жетістіктер "Орбита" делінетін жаңа байланыс жүйесін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Бұл жүйеде ретрансляциялық байланыс серігі пайдаланылады (1-сурет). "Молния" сериялы байланыс серіктері аса созылыңқы орбитаға жіберіледі. Олардың айналыс периоды шамамен 12 сағат.

Сібір және Қиыр Шығыс аудандарын телевизиялық хабармен қамтамасыз ететін және біздің еліміздің алыс аудандарымен телефон-телеграфтық байланысты іске асыруға мүмкіндік беретін қуатты және сенімді жүйелер жасалынды.

"Радуга" сериялы жаңа байланыс серіктері орбитаға 36 000 км шамасындағы радиуспен ұшырылады. Осы орбитада серіктің айналу периоды 24 сағатқа тең, сондықтан серік ылғи да Жер бетінің бір ғана нүктесінің үстінде тұрады.

Телеграф пен фототелеграф сияқты едәуір ескі байланыс құралдары да жетшдіріліп жаңа мақсаттар үшін қолданылатын болды.

Қозғалмайтын кескіндерді фототелеграфпен жеткізу қай дәрежеге жеткенін мына цифрлардан көруге болады: жылына фототелеграфией 10 мыңға дейін газет беті жеткізіледі де, осылардың жергілікті орындарында 100 миллион данадан астам орталық газеттер басылады. Телевизия біздің еліміздің барлық елді пункттерін қамтиды деуге болады. Телевизияның бүкіләлемдік болатын күні де онша алыс емес.

Сандық технология. Заман ағымына орай, 2003 жылы сандық технология туралы ең алғаш рет мәселе Голландияда қозғалды. Жапон мамандары «4000 тармақты жоғары айқындылықты бейне жүйе» деп аталатын баяндама жасады. Баламалы телевизия ғасыры аяқталуға жа­­қын. Оның орнына сандық телевизия, ал, онымен бірге интерактивті (ІP TV) телевизия келді. Келешекте интерактивті телевидение өз пайдаланушыларына басқа да көптеген пайдалы қызмет түрлерін: бүгінгі интернетке қосылған компьютер мүмкіндік беретін барлық процестерді жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Айталық, ойындар, радиотаратылым, караоке, анықтамалық ақпарат алу (телефон анықтамалығы, қаланың, облыстың, мемлекеттің, әлемнің интерактивті картасы; пойыздардың, ұшақтардың ұшу — жүру кестесі, валюта бағамдары, ауа — райы болжамы), e-commerse және тағы да басқа осы сияқты интерактивті сервистерді енгізуге уәде береді.
шамамен әр адам өмірінің 23 жылы ұйқыға кетеді, оның ішінде ең кемінде 11 жылы экран алдында өтеді екен Теледидар – тек хабар таратушы құрал ғана емес, ағартушылық, насихаттық та құрал

Интернет.-бұл көлемі жағынан шағын,бір-бірімен жалғасып жатқан көптеген желіден тұратын және жер шарын қамтып отырған алып компьютерлік желі.Интернетті құру идеясы 1960 жылы 4 үлкен ЭЕМ желіге біріктірілгенде пайда болды.Қазіргі кезде оның қызметін 170 елінде 60 миллионнан астам адам пайдалынады.Желі мөлшері 5-7 пайызға артып келеді.Интернеттен қазірг таңда адамға керек барлық ақпаратты алуға болдаы.Мысалы:жұмыс табуға,ауа райын білуге,хат жіберуге,хабарлама орналастыруга және т.б.Қазіргі таңда біз өзіміз уорд,поер поинт,ексел бағдарламаларын қолданамыз.

Ұялы телефон және байланыс.Ең алғашқы ұялы телефонды Мартин Купер Моторола дина так көшеге шығып алғашқы қоңырау шалған болатын.1 G телефондарына CDMA, TDMA, iDEN, PDS, PHS маркалары жатады.2 G телефондарына GSM бұл маркада телефон экраны түрлі түсті.3 G бұл телефондар өте жоғары деңгейде жұмыс жасайды,

(Электронды оқулықтан мәлімет алу)

ІV. Ой толғаныс (қорытынды)


  1. тапсырма: сәйкестендіру тесті

Сәйкестендіру тесті.





Ұялы телефон

Дауыс пен бейнесигнал

интернет

Попов

теледидар

Морзе әліппесі

Антенна

Нокиа,Самсунг

радиотелеграф

Ауа райын білу,жұмыс іздеу.

радио

Электромагнитті толқынды қабылдағыш

Сәйкестендіру тесті.





Ұялы телефон

Дауыс пен бейнесигнал

интернет

Попов

теледидар

Морзе әліппесі

Антенна

Нокиа,Самсунг

радиотелеграф

Ауа райын білу,жұмыс іздеу.

радио

Электромагнитті толқынды қабылдағыш

Сәйкестендіру тесті.





Ұялы телефон

Дауыс пен бейнесигнал

интернет

Попов

теледидар

Морзе әліппесі

Антенна

Нокиа,Самсунг

радиотелеграф

Ауа райын білу,жұмыс іздеу.

радио

Электромагнитті толқынды қабылдағыш

Сәйкестендіру тесті.





Ұялы телефон

Дауыс пен бейнесигнал

интернет

Попов

теледидар

Морзе әліппесі

Антенна

Нокиа,Самсунг

радиотелеграф

Ауа райын білу,жұмыс іздеу.

радио

Электромагнитті толқынды қабылдағыш




Жаңа сабақты бекіту.Презентация арқылы.

Оқушылармен жұмыс.1.Дебат.

2.Сәйкестік тесті.

3. АНКЕТА жүргізу.
Үй тапсырмасын беру: Интернет ұялы байланыс туралы мәлімет алу, мәнжазба даярлау

Оқушыларды бағалау.


Сауалнама.


  1. Неше жасынан бастап ұялы телефон ұстай бастадын?

__________________________________________________________________


  1. Күніне неше рет және қанша уақыт ұялы телефонмен сөйлесесін?

________________________________________________________________



  1. Сенде ұялы телефонның қандай моделі?

___________________________________________________________________


  1. Сен ұялы телефоннынды қай жерде сақтайсын?

___________________________________________________________________

  1. Түнде сенің ұялы телефонның қай жерде болады?

___________________________________________________________________



  1. Сен ұялы телефонның құрлысын білесін ба?

____________________________________________________________________



  1. Сен ұялы телефонның адам денсаулығын қандай зиян тигізетінін білесін ба?

----------------------------------------------------------------------------------------------------------


Оқытушы: Молдабаева Н.А.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет