Сабақтың тақырыбы: з дыбысы мен әрпі



бет1/8
Дата25.12.2016
өлшемі1,43 Mb.
#5286
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Пәні: әліппе күні: 12.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпі.

Білімділік мақсаты: З дыбысы және әрпімен таныстыру. Ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. З дыбысын сөз ішінен бөліп алып жеке дыбыстату. Дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. З әрпінің баспа және жазба бас және кіші әріптерін таныту.

Дамытушылық мақсаты: Буындап немесе тұтас оқу машығын дамыту. Оқушылардың мәтінді түсініп оқуы, түсінігін айтып беру.

Тәрбиелік мақсаты: Көркем етіп жазуға үйрету,еңбексүйгіштікке сөздік қорларын молайту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Білімді тексеру.

1)И дыбысы қандай дыбыс?

2) Сөздің қай жерінде, қай дыбыстан кейін жазылады?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

IV. Жаңа сабақ: Ой қозғау.

Кіріспе әңгіме: Сурет бойынша

Зырылдауық сөзіне ассосациялық аймақ құру

ойыншық

геометриялық пішінде



зырылдауық

әдемі
айналады

а) Зығыр, зырылдауық сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.

ә) « З» дыбысын бөліп алып, хормен дыбыстату.

б) З-ның әріп таңбасымен таныстыру.

Баспа түрі-З з Жазба түрі-Зз

в) Хормен баған түрінде жазылған сөздерді оқыту.

таза зығыр жалбыз қобыз тазы қызыл қарбыз,

тоғыз қозы, қымыз ,жұлдыз,сызғыш.

г) Баған түрінде берілген сөздерде з дыбысы сөздің қай жерінде естіліп тұрғанын анықтау



Ү. Жаңа білімді бекіту.

Сергіту сәті:

1. Мәтінді тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап әдісімен мазмұнына түсінік беру.

3.Әңгімелету.



4.Дәптермен жұмыс: Зз әрпін жазып үйрену.

5.Тақтамен жұмыс:

Ауа таза. Еркін мұз айдынына барды. Ол сырғанақ тепті.. З дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу.



ҮІ. Сабақты қортындылау:

Бүгін қандай әріппен таныстық.?



Пәні: әліппе күні: 12.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпі.

Білімділік мақсаты: З әрпін сөз ішінде дұрыс оқуға, сөзді , сөйлемді дұрыс жазуға баулу. Ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.

Тәрбиелік мақсаты: Салауаттылыққа баулу,ұқыптылыққа,тазалыққа,

көркем жазуға тәрбиелеу



Дамытушылық мақсаты: Алған білім-білік дағыдысын шыңдай түсу. Сөздік қорын молайту,ой-өрісін кеңейту

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Білімді тексеру:

1) З дыбысы қандай дыбыс?

2) Сөздің қай жерінде жазылады?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ.Өткен сабақты пысықтау:

З әрпіне байланысты берілген сөздерді, мәтінді оқыту.



Ү. Білімді тексеру.

1. Зығыр қайда өседі?

2.Зығырдан не алынады?

3. Әңгімелету.




Зығыр



Өсімдік май алынады


Тірі табиғатқа жатады

ҮІ. Жаңа сабақ:

1. «Мұз айдыны» мәтінін оқыту.

2. Сұраққа жауап алу

ҮІІ. Жаңа білімді тексеру.

Алматы маңында қандай мұз айдыны бар?

Ол қай таудың баурайында орналасқан?

Зада мен Зере қайда барды?



Сергіту сәті.

4.Дәптермен жұмыс: Зз әрпін жазып үйрену.

Буын диктантын жазғызу.-зы,- қар,- ғыр,-жал,-жұл,- быз, -дыз,- уық,- рыл,- ғыш, -са,- сыз,- ғыз.



ҮІІІ. Сабақты қортындылау:

-Біз қандай дыбыстың әріп таңбасымен таныстық?

-З қандай дыбыс?

-З сөздің қай буындарында жазылады?

-З дыбысынан басталатын сөздерді атау

ІХ. Үйге тапсырма:

Х. Бағалау

Пәні: әліппе күні: 14.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.

Білімділік мақсаты: Ө дыбысын сөз ішінде дұрыстанып оқуға жаттықтыру. Шыншыл болуға баулу. Мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай ? сұрағына дұрыс жауап беруге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Буындап немесе тұтас оқу машығын дамыту. Оқушылардың мәтінді түсініп оқуы, түсінігін айтып беру.

Тәрбиелік мақсаты: Көркем етіп жазуға үйрету,еңбексүйгіштікке сөздік қорларын молайту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.Ө дыбысы қай буында кездеседі? 2. Әр оқушыға тізбектей оқыту.3. Рольмен әңгімел

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Өткен сабақтан алған білімін бекіту:

-Төрт түліктерге нелер жатады? -Түйе, қой, сиыр, жылқы.-

Сиыр атасы -Зеңгі баба.



Төрт түлік атасы

Түйе атасы Қой атасы-Шопан ата.

–Ойсыл қара.

Жылқы атасы-Қамбар ата.

Сәйкестендіру кестесімен жұмыс: «Төлдер қалай аталады?»

Түйе қозы

Қой бұзау

Жылқы бота

Сиыр құлын

ә) Мақал-мәтел айтуға жаттығу. Жұмбақ шешу.

Сөз атасы-мақал. Бір беткейде екі көл. (көз)

Жақсы сөз-жарым ырыс. Күміс қасықтың

Өтірік айтпа, ұрлық жасама. Асты алтын (Тіл мен сөз)

Жағасы құрақ,

Мөлдір суат. (көз)

-Қандай суат? –Мөлдір суат.

б) Қандай ? сұрағына жауап болатын сөздерді табу.



Сергіту сәтін өткізу.

в) Буындық, дыбыстық талдау жасау.

Көже, көрік, көкек, сөз, төл, шөже, көлік, көмек, көз, төл, көл.

г) Өлең жаттауға жаттығу

д) Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта өткен сабақтан алған білімімізді пысықтадық.



ҮІІ. Бағалау
Пәні: әліппе күні: 13.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.

Білімділік мақсаты: Ө дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.Жеке сөздерді оқуға, сөзді тұтас, сөз тізбектері мен сөйлемді тез оқуға дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты: Буындап немесе тұтас оқу машығын дамыту. Оқушылардың мәтінді түсініп оқуы, түсінігін айтып беру.

Тәрбиелік мақсаты: Көркем етіп жазуға үйрету,еңбексүйгіштікке сөздік қорларын молайту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) І топ «Ақ бота» ІІ топ «Қарлығаштар»

З дыбысы кездесетін сөздерді ата . Мына сөздерде з дыбысы нешінші

буында жазылып тұр.

Қандай түйе атауын білесіңдер? Зығыр, қызыл, қобыз, зәулім Нар, бота, інген бура заңғар

Түйе басқа малдардан несімен ерекшеленеді?



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ.

Өр-кеш сөзінен қандай таныс емес дыбыс естідіңдер? Ө-ө-ө дыбыстату.

Ө қандай дыбыс екен?

Ө әріп таңбасымен таныстыру: Баспа түрі-Өө, Жазбаша түрі-

Ө дыбысына берілген сөздерді оқытып, мағынасын ашу.

Мәтінді оқу ( рольмен)

Сергіту сәтін өткізу. Оқыту, буын санын анықтау

Ү. Білімді пысықтау.

г) Дамыта оқуға берілген тапсырмалар:

1. Сөзді сызықшамен буынға бөліп көрсет.

Өр-кен, өр-кеш, ө-зен, ө-лең, ө-мір.

2. Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет.



Бөлме, көже, шөже, сөз, көз.

5 4 4 3 3

3. Жалғасын тап. көр..., көр..., ө..., ө... .Өнер, өріс, бөрік, өрнек, көрме, көрпе, көрші, көмір,өрік, өлең, өрмек.



Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: «топтастыру»

Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?

Өркеш өрнек

Өнер өрмек


Ө

Өріс өлең


ҮІІ. Бағалау


Пәні: әліппе күні: 15.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.

Білімділік мақсаты: Ү дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Буындап немесе тұтас оқуға төселдіру

Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорын дамыту, жеке сөздерді оқуға, сөзді тұтас, сөз тізбектері мен сөйлемді тез оқуға дағдыландыру арқылы сөздік қорын молайту

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа,тазалыққа баулу,көркем,сауатты жазуға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

Малдың төлдерін ата. Бөпешім өлеңін жатқа айт.Дауыстап оқыту.

Ө қандай дыбыс?Жуан дауысты дыбыстарды ата.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ.

а) Суреттегі құстың аты не?

Үкі, үйрек сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасату.

Үй құстарын атаңдар. Ү-ү-ү дыбыстату. ү қандай дыбыс екен?

Үкі үйрек
Ү

Үй үлгі

Үстел үйшік

Ү әріп таңбасымен таныстыру: Баспа түрі-Үү, Жазбаша түрі- Үү

ә) Ү дыбысына берілген сөздерді оқытып, мағынасын ашу.

б) Ү-ні қай буыннан естіп тұрмыз?

ү-кі кү-ріш түл-кі жү-рек үй-рек кү-міс күл-кі кү-рек үй-шік

кү-шік түй-ме жү-зік

Сергіту сәтін өткізу.

в) «Ойлан тап» ойынын ойнату. Жұмбақ шешу.

Шарлап келіп даланы, Табаны суды сүйеді,

Үйіме үйін салады. (қарлығаш.) Қабағы күнге күйеді. (күріш)

Түскенде салқын күз,

Жинадық алтын тіс. (Жүгері)

г) Тақтамен жұмыс: Жеке сөздер жазғызу

д) Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.



ҮІ. Сабақты қорытындылау: «Ішіне-сыртына» стратегиясын қолдану

Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?

Кестемен жұмыс: «Ішіне-сыртына» стратегиясын қолдану

Танысқан дауысты дыбыстарды кестеге қондыру. Кестенің ішіне жуан дауысты,сыртына жіңішке дауысты дыбыстарды қондыру.

А,о,ы,ұ,е,і,ә,и,ө,ү

Ішіне сыртына

а,о,ы,ұ е,і,и,ө,ү

ҮІІ. Бағалау


Пәні: әліппе күні: 18.11.14ж.

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.

Білімділік мақсаты: 1 Ү әріпінен танып оқуға жаттықтыру.

Ойын дұрыс айта білу. Тез оқуға жаттықтыру



Тәрбиелік мақсаты: Байқағыштыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Өткен сабақтан алған білімді нығайта түсу. Сөздік қорын молайту,логикалық ойлауды арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

Көру диктантын жазғызу.Үү (бір жолға) Үзік,үкі,үстел, үлпілдек, үшкір. Үкі түнде ұшады.



ІІІ. Білімді тексеру.

а)Тізбектей оқыту.

ә) Жеке оқыту

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ.

а) Кезекші туралы кіріспе әңгіме айту

ә) Сынып ішінің тазалығына көңіл бөлу

б) Кім кінәлі мәтінін оқыту. (рольмен)

в) Күй атасы –Құрманғазы туралы мағлұмат беру.

ҮІ. Жаңа білімді тексеру.

-Ү дыбысы қандай дыбыс?

-Қай буында жазылады?

дыбысына сөз ойла



Сергіту сәтін өткізу. «Шынжыр» ойынын ойнату.

Үміт текемет телефон нан нар радио орман . т. б.



ҮІІ. Жаңа білімді бекіту:

Тақтамен жұмыс: Жеке сөздер жазғызу:

Қолғанат, дүние,Үсенбек,Үміт,Елемес, Күміс ұйқы үйреткен, сүңгуір,аққу, түлкі,темір, мұз, құмырсқа, күшті, мерген, мектеп, жүрек, күрек, күміс, түйме, үйшік,

д) Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.



ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:

Сабақта нені білдік?

Үкі үйрек
Ү

Үй үлгі

Үстел үйшік

ІХ. Бағалау

Пәні: әліппе күні: 18.11.14ж.

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі

Білімділік мақсаты: Г дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын, логикалық ойын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: Г дыбысы мен әрпінің жазылу ережесін сақтай отырып,таза жазуға үйрету.

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап, ойын

Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: магнитафон, кеспе сандар Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырманы пысықтау



ІІІ. Жан-жақты білімін пысықтау:

Өтілген таұырыптар бойынша білімдерін пысықтау.



ІҮ. Жаңа сабақ

Тақтаға көңіл аударайық. Бұл суреттер нені білдіреді?

Осы сөздерді Г дыбысына келетін сөздерге мысал келтірейіке гін

е гіз ке ре ге ше ге шең геле геу

се гіз бе те ге не ге мез гіл

Ақ көгершін (мәтін, музыкамен айту)

Үнтаспада «Ақ көгершін » әнін орындату.

Ү. Жаңа сабақты бекіту

Г дыбысы мен әрпіне келетін сөздерге мысалдар келтіру.


Гүл үйрек
Г

Егін үлгі

Егіз үйшік
Дәптермен жұмыс:

а) үлгі дәптерді жаздыру

ә)жұмыстарын қадағалау

б)жеке жеке көмек көрсету



ҮІ. Сабақты қорыту.

Сөздік диктантын жүргізу.

Гүл,егін,шеге,кереге сөздеріне дыбыстық,буындық талдау жүргізу

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІІ. Бағалау

Пәні: әліппе күні: 19.11.14ж.

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.

Білімділік мақсаты: Г әріпін дұрыс оқуға, дыбыстауға жаттықтыру. Буындап немесе тұтас оқуға төселдіру

Дамытушылық мақсаты: Білімін кеңейту, сөздік қорын дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыру,шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты:Зерек етіп тәрбиелеу. Таза,көркем жазуға ,ұқыпты,тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер .

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

Г қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде жазылады?

«Ақ көгершін» жатқа айту.



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ.

а) Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқыту.

ә) «Ақан сері» мәтіні неше сөйлемнен құралғанын, мазмұнын түсіндіру

б) Сөз соңында к әрпінің г-ге айналып кету жағдайы.

терек-терегі ілгек-ілгегі жәшік- жәшігі

білек-білегі етек-етегі шелек-шелегі



Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа білімді тексеру.

1. Г әрпіне сөз ойлау.

2 Ақан сері кім?

3 Құлагер кімнің тұлпары?

4 Ақанның бүркітінің аты не?

5 Ақан не туралы ән шығарды?



ҮІ. Жаңа білімді пысықтау.

Дәптермен жұмыс: Г г әрпіне қатысты сөздерді жазып үйрену.

Сөздік диктант: Егін, егіз, семіз, сағыз. тамыз, шеге, неге, гүл, жүгері, бәйге.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?



Семантикалық кестемен жұмыс:





Гүл

Егін

Дала

Жаға

Гауһар

Жүгері

Г дыбысынан басталған,

Г дыбысы қатысты сөз

+

+







+

+

Г дыбысының қатысы жоқ сөз







+

+








ҮІІІ. Үйге тапсырма.

ІХ.Бағалау


Пәні:математика күні: 12.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: 6 саны және цифры.

Білімділік мақсаты: 6 саны және цифрымен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу.

Дамытушылық мақсаты: Сандар қатарын толықтыру,білім деңгейін кеңейту.Есептеу машығын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: тез, дұрыс санауға тәрбиелеу,дұрыс және кері санау машықтарын жетілдіру

Сабақтың көрнекілігі: 6 саны цифрының үлгісі.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-5 саны қандай сандардың қосындысы.

- 5 саны қандай сандардан артық ? -бесбұрыш

- 5 саны қандай сандардан кем?



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа сабақ:

1. Сандар қатарында санағанда 5 санынан кейін қандай сан келеді?

2. 6 санын қалай шығарып аламыз?

5+1=6


3. 6 қандай сандардың қосындысы?

0+6=6 2+4=6 4+2=6

1+5=6 3+3=6 5+1=6

6 саны қандай сандардан артық? 6>5 6>4 6>3 6>2 6>1 6>0

6саны қандай сандардан кем? 0<6 1<6 2<3 3<6 4<6 5<6

4. Кесіндінің ұзындығы қанша бөліктен тұрады?






6 см

5. алтыбұрыш геометриялық фигурамен таныстыру

- алты бұрышы бар

-алты төбесі бар

-алты қабырғасы бар

6см > 5cм; 6см > 4см ; 6 см >3 см ; 6см > 2см ; 6 см > 1см ; 6см > 0 см.



  1. Ү Жаңа білімді бекіту.

  2. 6 саны 1 мен қандай санның қосындысы. 5+1=6

  3. Азайту амалын құра. 6-1=5

  4. Бос орынды толтырту.

<5 5> 5= + =5 5- =

Дәптермен жұмыс:

6 санын жазып үйрену

ҮІІ.Сабақты қортындылау:

Біз бүгін сендермен қандай санмен таныстық?

Ол санды қалай шығарып алдық?

ҮІІІ. Бағалау

Пәні: математика күні: 13.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: 6 санының құрамы

Білімділік мақсаты: 6-санының құрамымен таныстыру. Көршілерін таныту.

Дамытушылық мақсаты:Сандар қатарын толықтыру,білім деңгейін кеңейту.Есептеу машығын дамыту, сана- сезімін, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: тез, дұрыс санауға тәрбиелеу,дұрыс және кері санау машықтарын жетілдіру

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

6 цифрын жазу. - 6 санын қалай шығарып аламыз?

- 6 саны қандай сандардан артық?

- 6- дан кем сандарды ата?

- Қосу және азайту амалына өрнек жаз.

5+1=6 6-5=1 6-1=5

2+4=6 6-2=4 6-4=2

3+3=6 6-3=3



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Сергіту сәті:

ІҮ. Жаңа сабақ:

1) 6 санының құрамын анықтау.

6 6 6

5 1 4 2 3 3















  1. 5+1=6

4+2=6

3+3=6



  1. Салыстыру.

6см > 5 cм 5см < 6cм

  1. Тақтамен жұмыс:

0<6 6cм > 4 см 2 < 6

6=6 6cм = 6cм 6 > 5

3cм < 6 см

6 см > 2 см

5) Жасырын сандарды тап.





2




4




6




6




4




2




Дәптермен жұмыс:

ҮІІ. Сабақты қортындылау:

Бүгін біз сендермен қандай санның құрамымен таныстық?



ҮІІІ. Бағалау
Пәні:математика күні: 14.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры.

Білімділік мақсаты: 7 саны және цифрымен таныстыру тез есептеуге үйрету.Өрнектердің компоненттерін дұрыс тани білуге үйрету

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет