Сабақтың тақырыбы: З. Шүкіров. Ақша қар. Сабақтың мақсаты



Дата07.05.2017
өлшемі122,2 Kb.
#16183
түріСабақ
Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы:З.Шүкіров.Ақша қар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларды З.Шүкіровтың «Ақшақар» өлеңімен таныстыру. Өлеңдегі негізгі ойды ашуға, өлең мазмұнына өз көзқарасын білдіруге төселдіру.

Дамытушылығы: Өлеңді мәнерлеп, түсініп дұрыс оқуға және нақышына сай ырғақпен оқуға машықтандыру. Сөздік қорын байыту, тілін, білімін, сөйлеу мәдениетін және ой-өрісін дамыта түсу.

Тәрбиелілігі:Әсемдікті сезіне білуге баулу арқылы табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу. 
Көрнекі құралдар: ақын портреті, қар суреттері, слайдтар, қанатты сөздер, оқушы шығармашылығы(суреттер), оқулық 
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау(сұрақ-жауап),
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Күндей күлімдеп,

Айдай жарқырап,

Жұлдыздай арайлап,

Судай таза көңілмен

Сабағымызды бастаймыз.

(Оқушыларды үш топқа түстерді таңдау арқылы бөлу.)

Топ ережесімен таныстыру.

1.Топ жұмысына белсене қатыс,жұмыстың нәтижесі саған да байланысты екенін ұмытпа.

2.Өз ойыңды ашық айт.

3.Сыныптастарыңның пікіріне құлақ сал,сөзін бөлме.

4.Түсінбегеніңді достарыңнан сұра,көмектесе алмаса,мұғалімнен сұра.

5.Жұмысыңды ұқыпты,тиянақты орындауға тырыс.

6.Өзіңнің және достарыңның жұмысын бағалап үйрен.

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

Егер мен автор болсам...

М.Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты» әңгімесін жалғастыру.(5-6 оқушыға оқыту.)

Қызығушылығын ояту. «Кім жылдам?»

Қырбық қар құрғақ па,

Құрғақ қар құрғақ па?

Қырбық қар да құрғақ,

Құрғақ қар да құрғақ.

Бұл қар-

Сұр қар.

Сүр қар-

Кір қар.

Үстінде ойнама,

Үстіңді былғар.

Оқушылардан қардың түрлерін сұрау.(Қырбық қар,құрғақ қар,сұр қар,сүр қар,кір қар)

Олай болса,тағы қандай қар болатынын білгілерің келе ме?

Сөзжұмбақты шешу.



ІІІ.Мағынаны тану. «Кел,танысайық!» Бүгін біз З.Шүкіровтың «Ақша қар» өлеңімен танысамыз.Автормен таныстыру.

1927 жылы 16 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданында туған. Бастауыш білім алған соң қатты ауырады. Айлар, тіпті жылдар бойы төсектен тұрмай өз өмірін ауруханада өткізуге мәжбүр болады. Бірақ ауруға мойынсынбайды. Өмір жолы(1927–1970).
«Менің достарым»,   «Теңіз әндері» (1960), «Арал дәптері» (1962), «Жүрекке әмір жүрмейді» (1963), «Алау» (1966) өлеңдер жинағын жазып, басып шығарған.
Зейнолла ақын өлеңдермен қатар әңгімелер де жазған екен. Ол әңгімелерінің арасында балаларға арналғандары да кездеседі.

ІҮ.«Қалың қар» бөгеті.Ақша қар өлеңін оқу.

Оқулықпен жұмыс.

А) Мұғалімнің оқуы.

Ә) Оқушылардың топтасып оқуы.

Б) Оқушылардың жеке-жеке оқуы.



Дәптермен жұмыс.

Балалар, ақын ақша қарды неге теңеген ?

— Дұрыс, олай болса осы, теңеу сөздерді дәптерімізге жазып алайық.



Сөздікпен жұмыс.Ақша қар-жаңа жауған қар.

Қырбық қар-жұқа жауған қар.



«Қызықты қыс елінде»

Желтоқсан тобы-Сурет бойынша әңгіме құрау.

Қаңтар тобы-«Қыс келді» суретті жалғастыру.

Ақпан тобы-Қыс,қар туралы мақалдар мен жұмбақтар жазу.

Ү.Сергіту сәті.Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап

Далаға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап.

Жұлдыз болып ағамыз

Шаңғыменен сырғанап

Шынығады денеміз

Біз спортшы боламыз.

ҮІ.«Кір жаятын жіп» әдісі.

Оқушылар қыс туралы салған суреттерін жіпке іледі.Әрбір оқушы ұнаған суретіне стикер жапсырады.Кімнің суреті стикер көп жинаса ,сол оқушыға ұпай беріледі.

ҮІІ.«Мұздақ» бөгеті.

Тест.

1.Жылдың қай мезгіліне байланысты шығармамен танысып жатырмыз.

а)Күз б)қыс с)көктем

2.Қыс айларын ата.

а)Қыркүйек,қазан,қараша

б)желтоқсан,қаңтар,ақпан

с)қаңтар,наурыз,мамыр.

3.М.Жұмабаевтың қандай шығармасымен таныстық?

а)Қыс б)Балапан қанат қақты,с)Ақша қар

4.Қазір қай ай?

а)қаңтар б)ақпан с)желтоқсан

5.Балапан жылы жаққа неге кете алмады?

а)Анасынан айырылып қалды.

б)Қанаты әлі қатқан жоқ.

с)Суыққа тоңған соң

6.Жайған жастық сөгілді,аппақ мамық төгілді.

а)қар б)күн с)мұз

Жауабы:1-б,2-б,3-б,4-а,5-б,6-а.

Бағалау: 5-6---«3»ұпай , 3-4 --«2»ұпай, 1-2-«1»ұпай.

Сабақты қорыту.Балалар.қыс мезгілінде қандай мерекелер болды және болмақ?

Тұңғыш Президент күні.

Тәуелсіздік мерекесі.

Жаңа жыл мерекесі.

ҮІІІ.Сұрақтар шеруі.

1.Тұңғыш президентіміз кім?

2.Тәуелсіздікке қашан қол жеткіздік?

3.Тәуелсіздік туралы ккім тақпақ айтады?

4.Жаңа жылға тілек айтайық.

ІХ.Рефлексия.Жаңа жыл құтты болсын!Шыршымыз қаншалықты әдемі болса ,сабағымыз жақсы өтті деген қорытындыға келеміз.Аяз ата сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға «Ақша қар»кәмпитін беріп жіберіпті.

Х.Үйге тапсырма .Бағалау.

реті

Аты-жөні

«Егер мен автор болсам»

«Қызықты қыс елінде»

«Кір жаятын жіп»

«Мұздақ»

бөгеті


Бел

сенділігі

Ұпайы



бағасы

1

Құралай

3

3

3

3

3

15

5

2

Асел

3

3

1

2

2

11

4

3

Біржан

2

2

1

2

1

8

3


Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Ардақ Тұралықызының «Үздік сабақ-2015» байқауына ұсынылған «З.Шүкіров.Ақша қар.» (2-сынып) тақырыбындағы сабақ жоспары.

2015-2016 оқу жылы.

Абай атындағы жалпы орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы «З.Шүкіров.Ақша қар»

Өткізген:Хасанова Ардақ Тұралықызы.

2 б сынып жетекшісі.

2015-2016 оқу жылы.

желтоқсан.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет