Сабақтың тақырыбы: Зерттеу сұрағы: Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар Мұғалімнің аты-жөні: Лукпанова Д. У



бет1/9
Дата17.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43167
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қысқа мерзімді жоспар

Қазақстан тарихы

10-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Зерттеу сұрағы: Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар

Мұғалімнің аты-жөні: Лукпанова Д.У

Күні: 22.11.17

СЫНЫП: 10б


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Көшпелілердегі қоғамдық қатынастарды ажырата алады.

Қазақ қоғамындағы таптық, әлеуметтік жіктеудің түрлеріне сипаттама бере алады.

Көшпелі қазақ қоғамын басқару жүйесіндегі ерекшеліктері туралы айта алады.


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты білесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

География, Тарих

Алдыңғы оқу

Өткен білімді пысықтау

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.


1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Ақ қағаздарды тарата отырып, оқушылардан оны гармошка әдісіне салып орауды, содан соң өткен тақырып бойынша біліп, үйренгендерін жазуды ұсынамын. Қағазға топта айналып басқа оқушының пікірлері жазылады. Осы «Мен көп білемін » әдісі арқылы тақырып қорытындыланып, жаңа тақырыптың мақсатын аша аламын.


Үй тапсырмасын сұрау

Блиц-турнир

  • Көшпелі қоғам жөніндегі Еуропа ғалымдары мен кеңестік тарихшылардың пікірлерін қандай екі топка жіктеуге болады?

  • Көшпелілікің шығуының экологиялық, географиялық себептері қандай?

  • Көшпелілікті зерттеген қазақстандық ғалымдар кімдер? Олардың қандай еңбектері бар?




Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.



Жаңа білім

10 минут




Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді бөлінген топтар бойынша оқып алады.

Туыстық қатынастар: Көшпелі қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық қатынастар туыстық жүйеге негізделді. Қазақ қауымындағы қоғамдық-әлеуметтік қатынастар көп жағдайда туыстық қатынастармен астасып жатыр. "Туыстық жүйені ылғи да қандас туыстық" деп түсінуге болмайды. Көшпелілерде шынайы қандас, ортақ ата-тектен тараған жүйе бар да, жалпы генеалогиялық туыстық жүйе бар.

Дәстүрлі қазақ қоғамында ел, жүз, тайпа, ру, ағайын, жақын ағайын, туыс, жақын туыс, ата баласы, бір әке баласы деген туыстық атаулар бар. "Ел" деген ұғымға бүкіл қазақ халқы кіреді. Қазақтардың өз түсінігі бойынша, жүздер қандас туысқандыққа негізделген бірлестіктер. Үш жүздің арғы атасының аты — Қазақ, одан Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) деген үш ұл тарайды. Сол үш ұлдан үш жүзді таратады. Шежірелік бұл аңызды тарихи шындық деп қарауға болмайды. Бұл көшпелі қоғамның рулық идеологиясы туғызған аңыз. Көшпелі қоғам туыстық қағида бойынша бірігеді. Кейін отырықшы халықтарда ең жақын туыстық қағида ғана сақталып, қалған бірлестіктер аумақтық жақындық, яғни көршілік қағидаға негізделетін болған. Қазақ халқының құрамына кіретін үш жүздің баласының алыс этногенетикалық туысқандығы бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Тайпа. Қазақтың әр жүзінің өзі үлкен тайпалардан тұрады. Бұл жерде бір нәрсені ескерте кеткен жөн. Қазақтар тайпа деген атауды көп қолданбайды. Оның себебі бұл сөздің бізге арабтардан келгендігінен болса керек. Бірақ ғылыми әдебиетте "ру" деген сөзді орыстың "род", ал "тайпа" деген ұғымды "племя" деген сөзбен атау қалыптасқандықтан, біз рудан үлкен, бірнеше рудың бірлестігі болып табылатын этностық құрылымды тайпа деп атап жүрміз. Әйтпесе "тайпа" ұғымы кей өңірлерде ру ұғымынан тар шеңберлі ұғым болып есептеледі.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет