Сабақтың технологиялық картасы (жоспары) Топ Күні 3 нег ис



Дата08.04.2020
өлшемі27,67 Kb.
#61937
түріСабақ
Байланысты:
15 сабак (1)
Кестелік процессор MS Excel, 26 сабак , информатика тесты с отв, Деректер базасы Веб-сервер, Инструкция по видеоуроку (1)
Ф.219

15 Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)



Топ

Күні

3 нег ИС



Пән: Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді бағдарламалық қамтамасыздандыру

Курс тақырыбы: 2.2. Серверлік бағдарламамен қамтамасыздандыруды орнату және жүргізу

Сабақтың тақырыбы: №15 Microsoft HS Web-сервері. PHP және PERL модульдерінің жалпы сипаттамасы.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: тәжірибелік


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру.

Сервистік бағдарламалық қамтамасыздандыру. Бағдарламалау технологиясының құрал-саймандары.

Қолданушы бағдарламалардың пакеті. Клиент-сервер модулі. Қосымшаларды деңгейлеп бөлу


Кәсіптік құзыреттілік

Серверлердің атқаратын қызметі

Арнайы

құзыреттілік



Серверлерде жұмыс істеу




Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Microsoft HS Web-сервері. PHP және PERL модульдерінің жалпы сипаттамасымен танысу

тәрбиелік

Оқушыларды тыңдай білуге, талдау жасай білуге тәрбиелеу

дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту


Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

Операциялық жүйелер және ЕК бағдарламалық қамтамасыздандыру

Қамтамасыз етілетін

Автоматтандрылған ақпараттық жүйесін бағдарламамен қамтамасыздандыру


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар



Таратпа материалдар

Тірек конспект

Оқытудың техникалық құралдары

ДК

Әдебиет: негізгі

  1. Карпова Т.С. Базы данных: модели, разработка, реализация. – СПб: Питер, 2001

  2. Дейт К. Дж. Введение в системы баз данных. Издание седьмое, Москва, Санкт-Петербург, Киев, 2001

  3. Гончаров А.Ю. Access 2003. Самоучиетль с примерами – М.: Кудиц-образ, 2004

Қосымша

    1. Харитонова А. Самоучитель Office Access. Питер, 2004

    1. Майк Гандерлой, Сьюзан Сейлз Харкинз. Автоматизация MS Access с помощью VBA. Издательский дом «Вильямс». Москва 2006


Сабақ мазмұны


Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері



Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру (2 мин)

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру




2.

Үй тапсырмасын сұрау (25 мин)

Windows Server 2000/2003ОЖ-сін орнатудың қадамдық нұсқауларың атаныздар

Файлдық жүйе не үшін қажет?

Ғ8 қандай жағдайда басамыз






3.

Жаңа сабақ (30 мин)

Курс тақырыбы: 2.2. Серверлік бағдарламамен қамтамасыздандыруды орнату және жүргізу

Сабақтың тақырыбы: №23 Microsoft HS Web-сервері. PHP және PERL модульдерінің жалпы сипаттамасы.




4.

Жаңа сабақты бекіту (15 мин)

HS Local WebServer мүмкіндіктері қандай?

HS Local WebServer деген не?
PHP қай жылы пайда болды?

PHP/FI не мағына білдіреді?


PHP қандай нұсқалары бар?

Perl бағдарламалау тілінін негізін салушы кім және құай жылы пайда болды?

Perl тілі қандай элементерден тұрады?





5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)

Үй тапсырмасын орындаулары мен сабаққа қатысуларына байланысты бағалау






5

Үйге тапсырма беру (4 мин)

Гук М. Процессоры 152-154 бет






Оқытушы __________ Касумканова Б.М.


PHP және PERL модульдерінің жалпы сипаттамасы
Сабақтың тақырыбы: PHP және PERL модульдерінің жалпы сипаттамасы.


HS Local WebServer – Сіздің құрған сайтыныздың жұмыс істеуін бақылауға көмек беертін қарапайым локалды вэб-сервер. Бұл сервер компьютердің үлкен қуатын қажет етпейді және оперативті жадыда аз орын алады.
Мүмкіндіктері:
• Кез-келген IP-адрестер127.*.*.* маскасындағы
• Папкалар үшін индекс – файлдарды көрсету
• Сервермен құжаттардың кодтауыныны автоматты түрде өзгеруі
• Бинарлы файлдарды жіберу мүмкіндігі
• Кез келген порттарды қосу үшін тында




PHP (Hypertext Preprocessor) – атақты, кеңнен таралған, көп функционалды бағдарламалау тілі болып, уеб сайттар жасау үшін қолданылады. Сондықтан болса керек бұл тілдің алғашқы аты Personal Home Page (Жеке Негізгі Бет) деп аталған. PHP тілі синтаксисі көбінесе C, Java және Perl тілдері синтаксисінен алынған. Бұл тіл уеб бағдарламалау үйренушілерге қарпайым оңай тіл болып келеді. PHP-дің басқа тілдерден артықшылығы уеб-жасаушылар үшін уеббеттерді тез уақыт ішінде динамикалық түрде дайындау және өз құрамына HTML құжаттарды PHP командалар арқылы енгізу мүмкіншіліктерін береді.     PHP тілін алғаш рет 1995 жылы Расмус Лердорф жасап, өз резюмесіне кіріп-шығушылар статистикасын енгізу мақсатында Perl скриптер жиынтығын ұсынады. Уеб енді дамып жатқан кезде бұл мәселені шешетін мамандар жоқ болып, көптеген сұраққа толы хабарламалар келе бастайды. Расмус оларға өз «Personal Homepages Tools» (PHP) - («Жеке үй беттеріне арналған жабдық») деп аталатын жабдығын тарата бастайды. Тез арада функционалдылықты талап еткендіктен Расмус өзінің жабдығының кеңейтілген версиясын жасап бастайды. Сөйтіп Лердорф Расмус бастапқы коды PHP/FI-ді жалпыға көрсетіп, қателерін түзетіп, толықтырулар жасау үшін қояды.

    PHP/FI (Personal Home Page / Forms Interpreter – Жеке Бас бет / Форма Интерпретаторы) бүгінгі күндегі PHP тілінің негізін алған. Жалпы синтаксисі Perl тілі синтаксисіне өте ұқсаған.

1997 жылы қараша айында ресми түрде PHP/FI 2.0 версиясы шығады. Бұл уақытқа дейін PHP өз қолданушылар санын бірнеше мыңға жеткізді, яғни жалпы дүние жүзі Интернет домендерінің 1% ғана есептелетін 50 000 шамасында домен пайдаланған.

 PHP3

    PHP/FI 2.0 шыққан соң, көп өтпей қазіргі күндегі PHP тіліне өте ұқсас PHP3.0 пайда болады. Оны құрушылар ретінде Энди Гутманс пен Зив Сураски тарих беттерінде қалды. Бұл версия ірі көлемдегі базаларды, протоколдарды сақтауымен және объектке бағдарланған бағдарламалау элементтерін алуымен алдыңғыларынан ерекшеленіп тұрды.

Кейін ала тілдің атауы PHP (Hypertext Preprocessor) деп қысқа болып өзгертілді. PHP туралы алғашқы мақала 1998 жылы көктемде ”ComputerWorld”-тың чех тіліндегі вариантында жарық көрді.1998 жылы PHP3.0 дүние жүзі Интернет серверлерінің 10% қолданды. 

 PHP4

    1998 жылы қысқа қарай PHP3.0 ресми түрде жарыққа шыққан соң, Энди Гутманс и Зив Сураски PHP өзегін жасауға кірісті. Бұл шара нәтижесінде құрамалы қосымшалардың өнімділігін дамыту және код негізінің үлгішеңдігін артырттыру көзделді. 'Zend Engine' деп аталушы 1999 жылда пайда болған қозғалтқыш жоғарыдағы тапсырмаларды орындады. 2000 жылы мамыр айында осы қозғалтқыш негізінде көптеген қосымша функциялар жиынтығымен бірге PHP 4.0 өз жұмысын бастады. PHP4.0 версия өз ішіне сессияларды қолдау, шығушы мәліметтерді буферлеу, қоданушылар кіргізген мәліметтерді өңдеу және кейбір тілдік конструкцияларды жасау сияқты жаңалықтар кіргізді.



Perl бағдарламалау тілі 1987 жылы пайда болды және сол жылы американгдық программист Ларри Уолл өзінің бағдарламасы туралы жариялады. "PERL" сөзі ағылшын тілінен аударғанда "Practical Extrfction and Report Language" - "Практикалық есеп құру және тілді тандау" деген мағына береді, көп жағдайларда қосымша құру үшін қолданылады.

Қазіргі танда Perl тілі- әр түрлі Web-сценарилер мен сайттар үшін интерактивті формалар құру үшін қолданылатын универсалды құрал.



CGI-сценарий құру үшін Perl тілі қазіргі таңда қолданылатын құрал болып табылады. JavaScript-ке қарағанда Perl тілі қарапайым тіл болып табылады.

Perl тілінің сценарийлері келесі жолдардан басталады:

#!/usr/local/bin/perl ,

UNIX Ож пайдаланушыларға арналған тіл болып та табылады.

Тілдің құрылымы келесі элементтерден тұрады:



  • Айнымалылар, олар үш типті болады: скалярлы ("$" танбасымен белгіленеді), массивтер ("@" танбасымен шақырылады) және хештер (алдына "%" таңба қойылады).

  • Комментарии ("#" символымен белгіленеді).

  • Интегратор "print" байланыстыру үшін. Мысалы, Web парақ элементі мен басқа сценарийді.

  • Шаблон – логикалық айнымалыларды салыстыру үшін.



Сабақты пысықтау сұрақтары

  1. HS Local WebServer мүмкіндіктері қандай?

  2. HS Local WebServer деген не?
    PHP қай жылы пайда болды?

  3. PHP/FI не мағына білдіреді?
    PHP қандай нұсқалары бар?

  4. Perl бағдарламалау тілінін негізін салушы және қай жылы пайда болды?

  5. Perl тілі қандай элементерден тұрады?


Үй тапсырмасы

  1. PHP тіліне жалпы сипаттама (слайд+өзіндік жұмыс)

  2. Perl бағдарламалау тілінін негізі (слайд+өзіндік жұмыс)


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет