Сабақтың типі; аралас сабақ. Сабақтың түрі; сайыс сабақ



Дата27.12.2016
өлшемі53,04 Kb.
#5626
түріСабақ
Қарағанды облысы

Шет ауданы

Ақшоқы ауылы

Қызылтау орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Шайхина Айсұлу Елеубекқызы



Тақырыбы: Іскерлік қарым-қатынас,ондағы сөз әдебі.

Білімділік мақсаты; Іскерлік қарым-қатынасқа орай сөз әдебін игерту, оқушылардың қызығушылықтарын ояту;

Дамытушылық; тіл байлығын дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу, білім,білік дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік мақсаты; мәдениеттілікке, әдептілікке, адалдыққа, бір-бірінің пікірін сыйлауға баулу.

Сабақтың типі; аралас сабақ.

Сабақтың түрі; сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі; топтастыру, сұрақ-жауап, пікірталас, шығармашылық, бес жолды өлең, іскерлік ойын.

Көрнекілігі; кестелер, үлестірмелі қағаздар.



Сабақ барысы;

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.



Сұрақтар.

  1. « Қыпшақ-ноғайлы тілдері» тобына қандай тілдер жатады?

  2. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Тілдік қарым-қатынаста сөз мәдениетін неше түрге бөліп қарастыруға болады?

  4. Ауызекі сөйлеу тілі және жазба тіл дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастағы сөздерді қолдану аясына қарай қанша түрге бөліп қарастыруға болады?

  6. Әлеуметтік тұрмыстық тіл дегенге түсінік беріңдер.

Жауабы;

  1. « Қыпшақ-ноғайлы тілдеріне; Қазақ, Ноғай, Қарақалпақ, Қырғыз, Татар, Башқұрт, Құмық, Қарашай-балқар.

  2. Адамдардың қарым-қатынас жасайтын, түсінісетін негізгі құралы – тіл. Дұрыс қарым-қатынас жасау үшін әр адамның сөйлесе білуі керек. Сөз,сөйлеу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыруы тиіс.

Қарым-қатынас – адамның отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрлерімен және мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы.

  1. Тілдік қарым-қатынаста сөз мәдениетін 2 түрге бөліп қарауға болады.

  1. Ауызекі сөйлеу мәдениеті.

  2. Жазба тіл мәдентеті.

4 Ауызекі сөйлеу тілінде нақышты сөз өрнектеріне қоса ым-ишара, мәнерлі қимыл-қозғалыстар адамның жан дүниесіне әсер етеді.

Жазба тілде ойды оқырманға дәл жеткізу үшін әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі өз орнында келіп, ой мен сезімге бірдей , яғни ойды асықпай, ойланып-толғанып, жоспарлап, жүйелеп жеткізу.

5 Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастағы сөздерді қолданылу аясына қарай 2 түрге бөліп қарауға болады.


  1. Әлеуметтік тұрмыстық қарым-қатынас.

  2. Ресми – іскерлік бағыттағы қарым-қатынас.

6 Әлеуметтік тұрмыстағы қарым-қатынастағы, яғни тұрмыстық сөздер – адамдар күнделікті өмірлік қарым-қатынаста, ауызекі сөйлеу тілінде қолданатын сөздер.

Отбасы ортасында ( ата-ана, ата-ана мен бала, бауыр- туғандар арасында) , дос-жаран,құрбы-құрдас ортасында және күнделікті өмір-тіршілікте адамдар арасында тілдесу, пікірлесудегі сөздер осы тұрмыстық-әлеуметтік қатынастағы сөздерге жатады. ( Мұнда негізінен ауызекі сөйлеу тілінің әдебі, мәдениеті сақталады.)



ІІІ. Жаңа сабақ.

- Қоғамдағы адамдардың тілдік қарым-қатынастағы екінші түрі – Іскерлік қарым-қатынас.

- Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Іскерлік қарым-қатынас, ондағы сөз әдебі.

- Біздің заманымыз – іскер,белсенді, өздігінен жол таба білуге бейім адамдар заманы. Белсенділік, қиыннан жол таба білетін іскерлік адамды көздеген мақсатына жеткізеді.

« Сөзіне қарай кісіні ал,кісіге қарап сөз алма» деп ұлы Абай атамыз айтқандай , адам сөз арқылы өзін танытады. Бұл орайда адамның өз қабілет деңгейін жан-жақты көрсете алуының бір негізі – оның білімділігімен қатар ортамен іскерлік қарым-қатынас жасау сырын,ондағы өзін ұстай білу, сөйлеу этикасын меңгеруіне де байланысты. Дәл тауып айтылған сөз әрқашанда адамды өз мақсатына жеткізп отыратыны тарихтан да белгілі.

Ендеше, іскерлік қарым-қатынастағы негізгі түйіндердің бірі- ондағы тілдік ерекшеліктерді білу, сауаттылық, сөйлеу этикасын меңгеру.

Іскерлік қарым-қатынас –мекеме, кәсіпорын, өндіріс,өнеркәсіп саласында қызмет істейтін кісілердің өзара және басқа да қызмет барысындағы адамдармен пікірлесуі, келіссөз жүргізуі, келісім шарт жасауы, қажетті құжаттар алмасуы нәтижесінде болатын әрекет.

- Енді іскерлік қарым-қатынастағы әдебіне яғни, (этикасына) келетін болсақ,сөйлеушінің *өз ісіне жауапкершілікпен қарауынан, *өзін-өзі ұстауынан, *сыпайылығынан, *өжеттілігінен, *батылдығынан, *тартымды, *жағымды сөйлеу мәнерінен көрінеді

- Енді сендерге тақырып бойынша топтастыру әдісімен мынадай сұраққа жауап алғым келіп отыр. «Іскер адамдар кімдер?»

Саясаткер Жазушылар

Өнер адамдары Іскер Ғалымдар

Депутаттар адамдар Әкімдер

Банк қызметкерлері Зауыт қызметкерлері

Сауда қызметкерлері

-Ендеше, осындай салада қызмет істейтін адамдарды іскер адамдар дейміз.

-Яғни, осы іскер адамдар бір-бірімен іскерлік қарым-қатынас жасайды, яғни қызмет барысында адамдар пікірлеседі, келіссөз жүргізеді, келісім шарттар жасайды және де әдепті сақтауы тиіс.

ІҮ. Сайыс.

Ендеше, қазір екі топқа бөлінеміз. Аталған іскер адамдардың ішінен яғни, Әншілер. Ғалымдар. Саясаткерлер.

Өз топтарына ат таңдау сұралады.

Сайыстың шарттары:

І. Таныстыру. (Бес жолды өлең әдісімен)

ІІ. «Бас болмақ оңай, бастамақ қиын» (Топ жетекшілерінің сайысы)

ІІІ. Іскерлік ойын.

ІҮ. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру.

Ү.Ділмар. (Оқушылар шешендігінің сайысы)

І. Бес жолды өлең әдісімен екі топ өз аттарын таныстырады.

ІІ.Қағаз ұсыну, таңдап алу топ жетекшілері іскерлік әдептерін сақтай отырып айту. «Не істер едің?» деген сауалға жауап беру .

ІІІ. Іскерлік ойын. Берілген тапсырмалар бойынша шағын көрініс дайындайды. Тапсырма дауысталып оқылады.

ІҮ. Сөзі түйеден түскендей, бетке шіркеу болды, сөздің майын тамызу, сөзге құлақ аспау, сөзі мірдің оғындай, сөздің тігісін жатқызу.

Ү. « Білімді жас өз орнын таба ала ма?» деген тақырыпта топ өз пікірлерін ортаға салады. (Сабағымыздың қорытынды түрінде)

Ү. Үй тапсырмасы.

Газет – журналға жаздыру үшін жарнама жасау. Қай басылымға жарнама жасап үгіттер едіңдер?



ҮІ. Бағалау.
Каталог: materialy -> kazak%20tili
kazak%20tili -> «Қарағайдың қарсы біткен бұтағы» атты қайсар ақын
kazak%20tili -> Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин) Сәлемдесу; Назарды сабаққа аудару
kazak%20tili -> Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық
kazak%20tili -> Етістік туралы түсінік оқО, ТҮркістан қаласы, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, молда мұса атындағы жалпы орта мектебінің
kazak%20tili -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Дауыссыз дыбыстарды қайталау»
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы: Көктемде. Мезгіл үстеу Сабақтың мақсаты
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы : Ауыл. Дейін шылауы. Сабақтың мақсаты Дейін шылауын орыс тілімен байланыстыра отырып түсіндіру
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ғалымдары. Етістіктің райлары мен шақтары
kazak%20tili -> 1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету
kazak%20tili -> Сабақ жоспары Тексерілді: Оқу ісі менгерушісі М. Марифханова


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет