Сабақтың типы: жаңа тақырыпты меңгеру Сабақтың түрі: теория



бет1/3
Дата08.06.2018
өлшемі270,5 Kb.
#41140
түріСабақ
  1   2   3
Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Сабақтың типы: жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақтың түрі: теория

Өткізу әдісі: жалпылама сұрақтар, тест тапсырмасы, ситуациялық есептер, топтық жұмыс.

Сағат саны: 2 сағат

Сабақтың өтетін орны: оқу аудиториясы- 527

Сабақтың тақырыбы: Аса қауіпті зоонозды жұқпа қоздырғыштары.

Сабақтың мақсаты: мемлекеттік стандартпен бекітілген оқу

бағдарламасында берілген тақырып бойынша: «Аса қауіпті зоонозды жұқпа қоздырғыштары» білім алушыларды аса қауіпті жұқпа қоздырғыштарының негізгі қасиеттерін, зертханалық диагностикалау тәсілдерін, карантиндік шараларды, осы аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылатын препараттармен таныстыру, көрсете білу дағдыларын дайындау.



Әдістемелік мақсаты: Сабақта ойын және Шаталов технологияларының элементтерін және ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: білім алушыларды аса қауіпті жұқпа қоздырғыштарының негізгі қасиеттерін, зертханалық диагностикалау тәсілдерін, карантиндік шараларды, осы аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылатын препараттармен таныстыру, көрсете білу қасиеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық: білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, талқыланған материалды баяндап, алған білімін клиникалық пәндерге қолдана білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: білім алушыларды медицина қызметкерлеріне сай ұқыптылық, жауапкершілікке тәрбиелеу және істі міндетті түрде орындауға дағдыландыру.

Сабақтың жабдықтары: кестелер, микроорганизмдердің суреттері, плакаттар, тест сұрақтары, үлестірмелі жабдықтар, интерактивті тақта, ноутбук.

Пәнаралық байланыс: «Медициналық биология генетикасымен», «Латын тілі», «Физиология», «Жалпы патология», «Клиникалық пәндерге кіріспе».

Пән ішілік байланыс: «Микроорганизмдерді жіктеу мен морфологиясының негіздері», «Микроорганизмдер физиологиясы», «Адам ағзасының микрофлорасы. Дисбактериоз. Микроорганизмдердің экологиясы»,

«Химиотерапияның микробиологиялық және молекулярлық-биологиялық негіздері. Микробтарға қарсы препараттар», «Жұқпа туралы ілім», «Иммунитет. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапия негіздері».

Теориялық сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушылармен сәлемдесу.

Оқу бөлмесінің дайындығын тексеру. Білім алушыларды түгендеп,

жоқ оқушылардың себебін анықтап белгілеу. Жұмыс дәптерлерін,

студенттердің формаларын тексеру. Сабақ жабдықтарын тексеру.



2. Оқытушының кіріспе сөзі.

Сабақтың тақырыбы: Аса қауіпті зоонозды жұқпа қоздырғыштары.

Сабақтың мақсаты: мемлекеттік стандартпен бекітілген оқу

бағдарламасында берілген тақырып бойынша: «Аса қауіпті зоонозды жұқпа қоздырғыштары» білім алушыларды аса қауіпті жұқпа қоздырғыштарының негізгі қасиеттерін, зертханалық диагностикалау тәсілдерін, карантиндік шараларды, осы аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылатын препараттармен таныстыру, көрсете білу дағдыларын дайындау.

Аса қауіпті зоонозды жұқпа қоздырғыштары табиғи жағдайда адам және жануар үшін жалпы болып табылатын инфекциялар, медициналық әдебиеттерде зооноздар резервуар көзі ретінде үй және жабайы сүтқоректілер, құстар болып табылатын жұқпалы аурулар тобы.

Оба – табиғи-ошақтық ауру, аса қауіпті инфекцияға жатады және төрттен бірі карантинді инфекция. Орта ғасырдағы оба эпидемиялары ондаған миллион адамның өліміне әкелді. Туляремия көптеген континенттерде тараған. Инфекция көзі кемірушілердің барлық түрі, жиі су суыры, ондатр, үй тышқаны, қоян және т.б. болып табылады. Бруцеллез - адамдардың еңбекке қабілетін төмендетеді, мүгедектік жағдайға әкелу қаупін де туғызады, сондықтан бұл өте күрделі әлеуметтік мәселе болып саналады.



3. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру

№ 2 сабақ Үй тапсырмасының тақырыбы: «Анаэробты жарақатты жұқпа қоздырғыштары». Білімнің негізін өзектілеуді 2 кезеңде жүргізіледі. а)Үй тапсырмасын жалпылама сұрақтар қою арқылы тексеру.

б) Тест тапсырмасын орындау (2 нұсқа, 10 сұрақтан).

а) 1 сұрақ: Газды гангрена қоздырғышының морфологиясы.

Жауап: Газды гангренаның қоздырғыштары- грам оң таяқша бактериялар (Firmicutes бөліміне жатады), сопақша, спора түзетін, диаметрі көлденең вегетативті бөлігінен асатын бактерия.

2 сұрақ: Газды гангрена қоздырғышының резистенттілігі.

Жауап: Клостридиялардың вегетативті түрлері оттегіге, қышқылға, күн сәулесіне, дезинфекциялық ерітінділерге сезімтал болып келеді. Вегетативті түрлердің споралары жоғары температураға, қышқылдарға, басқа да физикалық, химиялық факторларға тұрақты.

3 сұрақ: Газды гангренаның клиникалық белгілері.

Жауап: Жасырын кезеңі 1- 3 күн, клиникалық көрінісі әрқилы және ісікке, жарақатта газдың түзілуіне, іріңнің пайда болуына, интоксикацияға әкеледі. Аурудың ағымын микрофлора өкілдерінің (стафилококтар, протей, ішек таяқшасы) болуы қиындатады.

4 сұрақ: Спора түзбейтін анаэробтар тудыратын аурулар.

Жауап: Спора түзбейтін анаэробтар әртүрлі іріңді- қабыну үрдістерін

тудырады: жақ- бет аймағында, өкпеде, бауырда, зәр жүйесін, тірек- қимыл

аппаратын зақымдайды, аппендицит, перитонит, сепсис тудырады.

5 сұрақ: Ботулизм қоздырғышының ашылуы.

Жауап: C.botulinum-ды алғаш рет 1896 жылы Э. Ван-Эрменгем мәйіттің ағзасындағы пайдаланылған шұжықтан тапқан (лат.botulus-колбаса, шұжық), желінген тағам өлімге әкелген.

6 сұрақ: Ботулизм спорасының морфологиясы.

Жауап: Таяқшалар субтерминалды орналасқан спора түзеді және теннис ракеткасына ұқсайды.

7 сұрақ: Ботулизм қоздырғышының таралуы.

Жауап: Ботулизм қоздырғышы табиғатта кең таралған. Оны жануарлардың, балықтардың, су шаяндарының ағзасынан табады, солар арқылы топыраққа, суға туседі.

8 сұрақ: Ботулизмнің клиникалық көрінісі.

Жауап: Инкубациялық кезеңі 6 - 24 сағаттан 2 - 6 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Ботулизмнің әртүрлі клиникалық белгілері болуы мүмкін - асқазан- ішек жолының зақымданулары, көз көрудің немесе тыныс алу қызметінің бұзылуы.

9 сұрақ: Сіреспе ауруының сипаттамасы.

Жауап: Сіреспе (tetanus) Clostridium tetanі туғызатын ауыр жарақатты инфекция, сондай- ақ жүйке жүйесінің зақымдалуымен, тоникалық және клоникалық тырысу- құрысу ұстамаларымен сипатталады.

10 сұрақ: Сіреспенің эпидемиологиясы.

Жауап: Сіреспе барлық жерде тараған, жоғары өлім тудырады. Зақымдану қоздырғыштың жарақат кезінде (соғыс кезінде, өндірістік) тері мен шырышты қабаттардың ақаулары, күю, операциялық жарақат арқылы ағзаға енуінен пайда болады.

11 сұрақ: Сіреспенің емі.

Жауап: Сіреспеге қарсы антитоксикалық сарысуды немесе адамның сіреспеге қарсы иммундыглобулині қолданылады.

12 сұрақ: Сіреспенің алдын алуы.

Жауап: Жасанды белсенді иммунитет құру үшін жоспарлы түрде АКДС және АДС қолданылады.

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Аса қауіпті зоонозды жұқпа қоздырғыштары



Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:

1. Обаның, туляремияның, бруцеллездің, сібір жарасының клиникалық

ағымы, патогенезі және эпидемиологиялық ерекшеліктері.

2.Зертханалық диагностикалау тәсілдері. Карантиндік шаралар.

3. Осы аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылатын

препараттар.



Оба қоздырғышы (иерсиниялары)

Оба (лат.pestis) – Yersinia pestis тудыратын ауыр интоксикациямен, жоғары қызбамен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен, септицемиямен сипатталатын жоғары қатынасты жұқпалы ауру. Оба қоздырғышын 1894 жылы А. Иерсен және С. Китазато ашқан.



Таксономиясы. Y.pestis Gracilicutes бөлімі, Enterobacteriaceae тұқымдасына, Yersinia туыстығына жатады.

Морфологиясы мен тинкториялдық қасиеттері. Y.pestis – полиморфты ұсақ сопақша таяқша, талшықтары жоқ, спора түзбейді, капсуланы 37°C түзе алады, грамтеріс, патологиялық материалдардан алынған жағындыларда биполярлы боялады.

Резистенттілігі. Күн және ультра күлгін сәулесі, кептіру, жоғары температура мен дезинфекциялық заттар (лизол, фенол, хлорамин және басқалары) Y.pestis-ті тез арада жояды.

Жануарлардың сезімталдығы. Оба қоздырғышына кемірушілер (тарбағандар, суырлар, құрсуырлар, сарышұнақтар, егеуқұйрықтар, үй тышқандары) сезімтал. Түйелер, ақбөкендер, мысықтар, түлкілер, кірпішешендер сезімтал болады. Зертханалық жануарлардың ішінде ақ тышқандар, теңіз шошқалары, ор қояндар және маймылдар анағұрлым сезімтал. Қазақстан Республикасында арнайы обаға қарсы мекемелер 17 автономды ошақтан тұратын оның 6 табиғи ошағына эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз етеді. Қазақстаннан 38% территориясында обаның табиғи ошақтары орналасқан.

Эпидемиологиясы. Оба – табиғи-ошақтық ауру, аса қауіпті инфекцияға жатады және төрттен бірі карантинді инфекция. Y.pestis-тің негізгі көзі – кемірушілердің әр түрлі түрлері (тарбағандар, суырлар, саршұнақтар, құртышқандар). Екіншілікті көздері үй тышқандары, дала суыры, қояндар, егеуқұйрықтар болып табылады. Инфекцияның негізгі таралу механизмі – трансмиссиялық. Адам зақымданған бүргенің шағуы нәтижесінде, сондай-ақ қарым-қатынас (ауру жануардың терісін алып, етін бөлгенде) және тағамдық (жануардың етін жеткіліксіз термиялық өңдеп қолдану кезінде) жолдармен зақымданады. Зақымданғаннан кейін инфекция көзі науқас адам болады.

Аурудың қандайда болмасын түрінде науқастарды тұйықтайды (изоляциялайды), қатал карантиндік шаралар өткізеді.



Клиникалық көрінісі. Әдетте жасырын кезеңі екі-үш күн созылады. Ауру жалпы симптомдармен (бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, діріл), сондай-ақ бубонды немесе өкпелік түрлеріне тән симптомдармен көрінеді. Иммунитеті.'> Иммунитеті. Иммунитеттің ұзақтығы мен деңгейлігі әр түрлі. Қайталама ауру жағдайлары сипатталған.

Микробиологиялық диагностикасы. Барлық зерттеулер арнайы зертханаларда, қорғаныш киімдерімен жүргізіледі. Зерттеу материалы бубон құрамы, қақырық, қан, нәжіс, мәйіттер мен өлген жануарлар ағзаларының бөлшектері болып табылады. Жағындылардың бактериоскопиясы кезінде алдын-ала диагноз қоюға мүмкіндік беретін биполярлы боялған грам теріс сопақша таяқшалар анықталады.

Емдеуі. Антимикробты заттардан стрептомицин, тетрациклин, левомецитин, рифампицин және басқалар қолданылады.

Сақтандыруы. Арнайы сақтандыруды эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізеді: обамен ауыратын науқас пайда болуы жағдайында немесе обаның табиғи ошақтарында тұратын адамдарға қатысты. Аттенуацияланған ЕV штаммнан алынған тірі вакцина қолданылады, оны тері үсті, тері астына (инесіз егу), пероралды және аэрозолды жолмен енгізуге болады.
Туляремия қоздырғышы

Туляремия (Калифорниядағы Tulare жерінің атымен байланысты) – табиғи ошағы бар, Francisella tularensis McCoy et Chapin туғызатын, қызбамен және лимфа түйіндерінің зақымдалуымен сипатталатын зоонозды жұқпалы ауру. 1912 жылы Калифорнияда Г. Мак – және Х. Чепин ашқан, Э. Френсис зеттеген. F.tularensis Cracillicutes бөлімі, Francisella туыстығына жатады.



Морфологиясы мен дақылды өсіру. Ұсақ, грамтеріс бактериялар, грациликуттар, талшықтары жоқ, спора түзбейді, бактерия айналасында капсула тәрізді шырыш жабынын ажыратады. F.tularensis-факультативті анаэроб, қарапайым қоректік орталарда өспейді, сарыуыз немесе цистин қосылған орталарда өседі.

Резистенттілігі. F.tularensis қоршаған ортада ұзақ сақталады, әсіресе төмен температурада (8-10 ай); жоғары температураға тұрақсыз: қайнатқанда сол мезетте өледі. 60°C – ге дейін қыздыру 20 мин кейін жояды; тура күн сәулелерінің әсерінен 20-30 мин кейін жойылады.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі кемірушілердің барлық түрі, жиі су суыры, ондатр, үй тышқаны, қоян және т.б. болып табылады. Жануарлар арасындағы қоздырғыштың таралуы жиі қансорушы буынаяқтылар арқылы іске асады: кене, масалар, бүргелер. Адамға таралу жолдары – трансмиссиялық (зақымданған кене, маса, бөгелектің шағуы), қарым-қатынас.

Клиникалық көрінісі. Инкубациялык кезеңі 3-7 күнге созылады. Ауру кенеттен басталады, дене қызуы 38-40°C дейін көтеріледі, белгілері аурудың түрі мен инфекцияның берілу жолына байланысты. Бубонды, көз-бубонды, ангинозды-бубонды және септикалық турлерін бөледі. Өлім жағдайы 5%-ға дейін болуы мүмкін.

Иммунитеті. Ауырғаннан кейін иммунитет ұзақ сақталады, кейде өмірлік болады; қоздырғыш антигендеріне аллергизация дамиды.

Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу материалы науқастардан алынған – шайындылар, қан, бубондардың пунктаты. Туляремиялық диагностикум көмегімен АР қолданады, сонымен қатар КБР (комплементті байланыстыру реакциясы), ИФР, ИФТ. Туляринмен тері сынамасы қойылады. Нәтижелі сынамада енгізген орнында 12-24 сағаттан кейін қызару және ісіну пайда болады.

Емдеуі.Аминогликозидтер (стрептомицин, канамицин және т.б.), тетрациклин, левомицетин, эритромицин қолданады.

Арнайы сақтандыруы. Алдын алу шаралары кеміргіштермен күресуге, су көздерін қорғауға, санитарлық-ағарту жұмыстарына негізделген.

Белсенді иммунитет туғызу үшін эпидемиялық көрсеткіштер бойынша туляремиялық тірі вакцина қолданады.





Каталог: uploads -> doc -> 0088
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0088 -> Сабақтың тақырыбы Қос сөздердің тыныс белгісі Сілтеме
0088 -> Сабақтың тақырыбы: Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
0088 -> Допты төменнен қабылдау әдісі (Волейбол) Тақырыбы: Допты төменнен қабылдау әдісі (Волейбол)
0088 -> Сабақ№25 Сабақтың тақырыбы: Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы
0088 -> Құрметті ата аналар, балалар және қонақтар ! Береке де осында


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет