Сабақтың түрі: аралас сабақ Пәнаралық байланыс: физика,математика,тіл білімі. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап арқылы,түсіндіру



Дата17.03.2017
өлшемі216,37 Kb.
#11662
түріСабақ
Тақырыбы: Орта ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуы

Сабақ мақсаты: 1.Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып,шығармаларының тарихи маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

2.Оқушылардың тарихи-ғылыми еңбетерді талдап,салыстырып қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды қазақ халқына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге,олардан тәлім-тағылым,білім алуға,өз Отанына қатысты деректерді ізденуге,тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:физика,математика,тіл білімі.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап арқылы,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: Орта ғасырлық Қазақстан картасы.интерактивті тақта,суреттер,тірек-кестелер.

Негізігі ұғымдар: Әбу Насыр әл-Фараби ,шығармалары,Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері,М.Қашғари шығармасы,Қожа Ахмет Йасауи «Даналық кітабы( Сүлеймен Бақырғани шығармалары.

Сабақтың эпиграфы: «Білімді болу деген сөз-белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу»

Әл-Фараби.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын,оқушыларды түгендеу.

Оқушылар назарын үй тапсырмаларына аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Жуынды ағатын арық.

2.Ғаныш деген не:

3.Дүние жүзіндегі кең тарлаған діндер.

4.Белгілі бір адамдардың құрметіне тұрғызылған діни құрылыс

5.Ислам дінін ұстанатындардың мінәжат орны

6.Құрғақшылық кезде тәңірден жаңбыр тлеп құрбандық шалу рәсімі

7.Адамның шығу тегін жануарлар мен байланыстыратын наным-сенім.

8.Түркілердің ислам дініне дейінгі ұстанған діні

9.Басқа діндегі халықтар арасындағы өз дінін таратушылары

10.X-XII ғасыларда қалалардағы басты жаңалық

11.Орта ғасырлардағы діни сәулет құрылысын ата

12. Ислам дінінің басты қасиетті кітабы

Даталарды сөйлет

633...

709...


714...

737-748...

751...

960...


III.Жаңа сабақ.

Жоспары


1.Ғылымның дамуы

2.Тіл білімнің дамуы

3.Әдебиет

4.Қорытынды

1.Тұлғаны таны

2.Ой қозғау

а)Ғылым дегеніміз не?

б)Ғылымның қандай түрлерін білесіңдер? в)Ғылым жайлы,білім жайлы қандай мақал-мәтел білесіңдер?



Оқушылардың назарын Шығыстың ортағасырлық аса көрнекті ғұламамаларының еңбектерін аударып,кесте бойынша түсіндіремін.

1.Ғылымның дамуы.





Орта ғасырлық ғалымдар

Туған жері,жылы

Меңгерген ғылым салалары

Олардың еңбектері,мазмұны

1

«Шығыстың Аристотелі атанған Әбунасыр әл-Фараби»

870-950 жж

Отырар


Философ,музыкант,математика,тарих,география т.б.

«Қайрымды қала тұрғындары»,»Кемеңгерлік меруерті»,»Бақытқа жету» 160 еңбек жазған






Орта ғасырлық ғалымдар

Туған жері,жылы

Меңгерген ғылым салалары

Олардың еңбектері,мазмұны

2

Әбу Райхан әл-Бируни

973-1050

Тарих,математика,география,астраномия,медицина

«Асыл тастар», Әбу Насыр әл-Фараби дәстүрін жалғастырған.Ол алғаш жердің күнді айналатынын болжап,аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын ашып кетті.Коперниктен 500 жыл бұрын,Ньютоннан,Галлейден 600 жыл бұрын айтып кеткен.150 еңбек жазған.


2.Тіл білімнің дамуы





Орта ғасырлық ғалымдар

Туған жері,жылы

Меңгерген ғылым салалары

Олардың еңбектері,мазмұны

3

Махмуд Қашқари

1030-1090

Қашқар қаласында туған



Тіл білімнің дамуына үлес қосқан

Араб тілін меңгерген.Өзінің туғвн тіліне көп көңіл бөліп зерттеген,3 кітаптан тұратын «Түрік тілдерінің сөздігі» атты еңбегі өшпес мұра.Бұл еңбегі деректілігі жағынан баға жетпес еңбек.Атақты орыс ғалымы Кононов былай дейді «Махмуд Қашқаридің бұл кітапты жазудағы басты мақсаты түрік тілінің мәртебесін көтеріп оның араб тілінен кем түспейтіндгін дәлелдеу болды»

Түрік тілінің маманы Баскаков «Махмуд Қашқари бұл еңбегін жазуда түрік тілдерін өзара салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы болды»,деп пікір айтты










Орта ғасырлық ғалымдар

Туған жері,жылы

Меңгерген ғылым салалары

Олардың еңбектері,мазмұны

4

Жүсіп Баласағұни

1021-1075жж

Қарахан мемлекеті



Философия,әлем тану,тіл маманы,астрономия,физика,алгебра салаларын меңгерген.

Оның атақты еңбегі «Құт негізі-білім».Ол өз еңбегінде «Арабша,тәжікше кітаптарі көп.Ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп атам айтып кеткен.Бұл еңбекте саяси өмір,дін,наным-сенім,әдет-ғұрыптардан мағұлмат береді.Ол жан-жақты білікті адам.Ол өз еңбегін Сүлеймен Арслан ханға тарту еткен.Хан бұл еңбегі үшін «Ұлы Хас-Хажиб» деген атақ берген.


3.Әдебиет саласы




Орта ғасырлық ғалымдар

Туған жері,жылы

Меңгерген ғылым салалары

Олардың еңбектері,мазмұны

5

Ахмет Иүгнеки

Белгісіз

Әдебиет

«Ақиқат сыйы» дастан түрік тілінде жазылған.Баға жетпес көркем туынды.Білімді,әдепті,инабатты, адал өмір сүруге шақырады.Орынсыз сөйлемеуге кеңес береді.

«Сөз есепсіз-тілінді тый,тарта ұста,

Тыймаған тіл басына сор әр тұста.

Есепті сөз-ер сөзінің асылы,

Мылжың тілді «жау» деп ұғын тартыста» (аңдамай сөйлеген ауырмай өледі).Дастанда ақыл-кеңес,тәрбиелік мәндегі сөздер мол.







Орта ғасырлық ғалымдар

Туған жері,жылы

Меңгерген ғылым салалары

Олардың еңбектері,мазмұны

6

Қожа Ахмет Йасауи

1103-1167 жж

Сайрам қаласында туған.Бала кезіңнен Йасы қаласын мекен еткен.



Сопылық ілімінің насихатшысы.Бұқар қаласының терең дін танушысы Юсуф Хамаданидан білім алған.Арыстан бапты пір тұтқан.

«Даналық кітабы»-«Диуан-и хикмет» кітап түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған.Бұл еңбек даналыққа,адалдыққа,кішіпейлділікке,имандылыққа шақырады.Ол әділетсіз билік иелерін қатты сынаған.Ахмет Йасауидің жолын қуған шәкірттерінің бірі-ғұлмама,ақын,Хакім атанған Сүлеймен Бақырғани.





Орта ғасырлық ғалымдар

Туған жері,

жылы


Меңгерген ғылым салалары

Олардың еңбектері,мазмұны

7

Сүлеймен Бақырғани

1103-1186жж.


Дін негіздерін жалғастырушы. Иассауидің шәкірті.

«Ақыр заман»

Ақын халықты имандылыққа шақырады.



X-XII ғасырда Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес халықтар арасында ғылыми,әдеби шығармалардың орны ерекше болып,рухани мәдениеттің дамуына ықпал етті.

Сабақты бекіту: 1.Сәйкестендіру тесті

Әбу Насыр әл-Фараби «Ақыр заман»

Әбу Райхан әл-Бируни «Түрік тілдер сөздігі»

Махмуд Қашқари «Асыл тастар»

Жүсіп Баласағұни «Қайрымды қала тұрғындары»

Қожа Ахмет Яссауи «Құтты білік»

Сүлеймен Бақырғани «Даналық кітабы»

2. Картамен жұмыс . Ғалымдардың туған қалаларын анықта.



Бағалау:

Үйге тапсырма: параграф 21 оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Ғұламалардың өмір баянына қатысты қосымша кітаптар оқу.

Р.Ф.Сүлейменова

Қарағанды облысы,

Жаңаарқа ауданы,



Бидайық орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі
Каталог: uploads -> doc -> 0458
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0458 -> Сабақтың тақырыбы: Жер құқығының қайнар көздері. Дайындаған АҚП құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы: Нурекешов Т.Қ
0458 -> Мен сені, сен мені тексер /үй тапсырмасын тексеру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет