Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік



Дата08.07.2017
өлшемі57,95 Kb.
#20809
түріСабақ
пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Қыстырма сөздер
Мақсаты:1.
 Қыстырма сөз туралы білімдерін тиянақтауға мүмкіндік туғызу
2. Сөздік қорларын молайту, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын
жетілдіру.
3. Адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі:
аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: көркем суреттер, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Қатты, сабырлы.
ІІІ Оқулықпен жұмыс
а) 68-жаттығуда көп нүктенің орнына тиісті қыстырма сөзді тауып қойып, оны тыныс белгісімен толықтырып жазу.
Біз, шынында, байқамай қалыппыз. Меніңше, Сара мәреге бірінші боп жетеді. Мұражайға, сірә, ертең барармыз. Бәсе, өзім де осылай болар деп ойлап едім.
ә)Сірә сөзіне фонетикалық талдау жасау.

Овал 16

1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай –


жіңішке буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы
дауысты дыбыстар жіңішке дауыстылар.

2. Бұл сөз: сі –рә болып екі буынға бөлінеді.Себебі оның


құрамында екі дауысты дыбыс бар. Сі-рә буындары
ашық буындар. Себебі буындар дауыссыз дыбыстардан
басталып, дауысты дыбыстардан аяқталып тұр.

3. Бұл сөз: сі- болып бір жағдайда тасымалданады.


рә

б) 70-жаттығуда- Сөзжұмбақты шешу.

1. Б А Й Қ А Й М Ы Н


2. А Қ Ы Р Ы Н Д А
3. Қ Ы С Қ А С Ы
4. А Й Т П А Қ Ш Ы
5. Ш Ы Н  Ы  Н Д А
6. С І  Р  Ә
7 . М Ү  М  К І Н
8. А М А Л Қ  А  Н Ш А

в) «Кім жылдам» ойыны. 69-жаттығуда қыстырма сөзді табу.


9.Өлеңнің тәрбиелік мәні.Досы үшін арашаға түсу, нағыз дос болу.
Достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «100теңгең болғанша, 100 досың болсын» т.б.
г)Сергіту сәті
д) 71-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сен де өз досыңмен сынға түс. Өз ойыңды жеткізде менің ойымша қыстырма сөзін пайдалаң.
ж)Көркем сурет бойынша қыстырма сөздерді пайдаланып әңгіме құрап жазу.

ІҮ Бекіту: 1. Жаңа сабақты оқушылардың меңгергендігін тексеру мақсатымен қысқаша сұрап шығу.
Ү. Үйге тапсырма қыстырма сөздерді қатыстырып, «Менің досым» тақырыбына әңгіме құрастыру.
YI.Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»

Сабақтың мақсаты:
1.білімділік - оқушыларға А. Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын айту, ақынның аудармаларына  шолу жасау, «Екі шыбын» мысалының идеясын ашу, өлеңге әдеби-теориялық талдау жасау;
2.дамытушылық - сұрақтар, іздену тапсырмалары арқылы өз ойын еркін, сауатты әрі дәлелді түрде көркем тілмен жеткізуге,  өз бетімен жұмыс жасауға  дағдыландыру;
3.тәрбиелік –мәдениеттілікке, адамгершілікке, қарапайымдылыққа баули отырып, келешек жастардың саналы болып өсуіне, ақын уағыздаған жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ассоцация, зерттеу. 
Көрнекілік:  слайдтар
Пәнаралық байланыс: сурет, өзін-өзі тану
Сабақ барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі
II.  Үй тапсырмасын тексеру 
1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу
2. Ақын өлеңдерінен үзінді жатқа оқу
3. Ә. Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» шығармасынан түсінік айту.
III.Үй тапсырмасын бекіту.  Ахмет Байтұрсынов туралы ізденіс жұмысы IV.Жаңа сабақ. 1. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
Сабақтың эпиграфы: Бәленің түрін көрген мен – сары масса
Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан. Ахмет Байтұрсынұлы
2.Мұғалім сөзі.  Санамалай айтар болсақ, «Ахмет Байтұрсынұлы кім?» деген сұраққа былайша жауап беруге болады. Біріншіден, ХХ ғасыр басында қазақ халқының аса көрнеті қоғам қайткері. Екіншіден, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарын жазған ағартушы. Үшіншіден, араб графикасына негізделген қазақ алфавитін жасап, оқу әдістемесін түбегейлі түрде жетілдірген ұлттың ұлы ұстазы. Төртіншіден қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін қалаушы филолог-ғалым. Бесіншіден, тәлімі терең тәржімашы (аудармашы). Алтыншыдан, өлеңі сөзге ой ұйытқан, ойшыл ақын. Жетіншіден, тұңғыш бейресми «Қазақ» атты газет шығарып, қазақ баспасөзін көркейткен көсемсөздің көшбасшысы.
Ақын 1901-1922 жылдары аудармамен айналысқан. Орыс мысалшысы И.А.Крыловтан аударған және соның ізімен, идеясымен жазылған мысалдардың бірі - «Екі шыбын» шығармасы. Бұл шығарма  мысал түрінде жазылған
- Мысал дегеніміз не?
- Мысалдың идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма болып келеді.
3. «Екі шыбын» өлеңін мәнерлеп оқу
4.  Сөздік жұмысы
1) маңғаздану – паңсыну, тәкәппарлану;
2) Мақтаншақ адам – өзін-өзі асыра бағалайтын, мақтауды сүйетін адам;
3) Әлін – шамасын, күшін
4) ғибрат – үлгі, өнеге
5) Мұрнын көкке көтеру – менсінбеу
5. Мағынаны ажырату. Тірек сөздер: шыбын, сабан, өгіз, жер жырту, ғибрат, мұрнын көкке көтеру
6. Грамматикалық тапсырма. Сөздіктегі сөздер мен сөз тіркестерінен синонимдер мен тұрақты сөз тіркесін табу.( Мұрнын көкке көтеру – тұрақты сөз тіркесі; Мұрнын көкке көтеру, маңғаздану– синонимдер)
- Өздерің байқағандай,шығармада автордың айтпақ ойы - мақтанға салынбау. Автор образы арқылы адамдардың бойындағы мақтаншақтық қасиеттерді сынайды.
7.Өлеңнің жоспарын құру.
1) Сабан тартқан өгіз
2) Мүйізіндегі қара шыбын
3) Шыбынның танысына кез болуы
4) Танысының жөн сұрауы
5) Шыбынның мұрнын көкке көтеруі
6) Өзімшіл шыбын

8. Өлеңді талдау

Кейбіреу көтереді мұрнын көкке, /11 буын/  /а/


Өз әлін өзі білген адам көп пе? /11 буын/  /а/
Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді, /11 буын/  /б/
Біреудің шылауында жүріп текке. /11 буын/  /а/

- Өлеңнің ғибратын қай шумақтан оқуға болады?


- Бұрын өткен мысалдарды еске түсіріңдер.
- Қандай мақалмен тұжырым жасауға болады?
(Бидайдың басын көтергені – дақылы жоқтығы.
Жігіттің кеудесін көтергені ақылы жоқтығы)
V. Қорытынды:
1.Мысалдан қандай әсер алдыңдар?
2. Өмірден қандай мысал келтіруге болады?
VI Бағалау
VII Үйге тапсырма
1.«Екі шыбын» мысалын жаттау
2. «Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым» тақырыбына шығарма жазу. 
Каталог: uploads -> doc -> 0eaf
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0eaf -> Сабақтың тақырыбы : «Ең жақын кім адамға?»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет