Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сарамандық



бет1/7
Дата22.08.2017
өлшемі5,01 Mb.
#23879
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Сабақтың тақырыбы: Квиллинг өнері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға квиллинг өнері туралы теориялық мәлімет беру. Теориялық мәліметті шығармашылық жұмыспен ұштастыру. Үйлесімділікті сақтай білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі-құралдары: Тақырыптық көрме, квиллинг жасауға арналған аспап, түрлі-түсті тілше қағаздар, ПВА желімі, қарындаш желімі, қайшы, картон, үлгі.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сарамандық
Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері
Ұйымдастыру сәті: Ең алдымен психологиялық дайындық жүргізу.
Жаңа сабақ: Квиллинг өнерімен жасалған бұйымдарды таныстыру. Содан кейін теориялық мәлімет беру.


Шығу тарихы.


Квиллинг алғаш рет Қытайда б.з.д 105 жылы пайда болды деген болжам бар. Басқа мәліметтер бойынша осы өнер түрі ежелгі Египетте пайда болды дейді. Квиллингтің тарихы өте бай. 300 - 400 жылдары күміс және алтын жолақтармен құмыраларды безендірген және осы техниканы пайдалана отырып әшекей-бұйымдар ойлап шығарған. 1200 жылы квиллинг өте әйгілі болған.
1600-1700 жылдары әйелдер көңіл көтеру үшін қолданған. Европа мен Англияда 1700-1800 жылдары әйгілі болған. Тіпті мектептерде квиллинг үшін сабақтар да арналған болатын.
Квиллинг жұмыс табындағы әйелдер үшін көңіл көтеру үшін қолданылмаған. Ол аса құрметті әйелдердің сандық,айна, құты, рамка безендіру үшін қолданған. Тек ақшасы бар адамдар ғана квиллингті жасау үшін құралдарды сатып ала алған.
Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі.
Қолөнердің квиллинг, оригами, скрапбукинг (ағыл. scrapbooking – «құрақкітап»), папье-маше (фр. papier mâché – шайналған қағаз), аппликация (лат. аpplication – жалғау, жабыстыру) сияқты және тағы басқа түрлері дәл осы қағазға байланысты. Демек мұнда пайдаланылатын негізгі материал – қарапайым қағаз.
Қағаздың қыр-сырын қанық білетіндердің қатары – қолөнердің квиллинг деген түрімен айналысатындар. Қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жаңа дүние жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды. Шиыршықталған қағаздан әдемі гүлдерден бастап, сан түрлі ою-өрнекті ғажап дүниелерді жасауға болады. Тек қиялыңызға ерік беріп, жаныңызға жақынды тани алсаңыз болғаны.

.Шығармашылық жұмыс:


Әрбір дайын тілше тағаздардан неше түрлі формада орап әр түрлі заттарды жасауға болады: бижутерия, картина, ашық хаттар, альбом, алуан түрлі гүлдер т.б жасауға болады.
Казір квиллинг өнері арнайы оқытылады. Квиллинг мидың жұмысын жақсартып, жүйкені тыныштандырады.

Құралдар.


 Түрлі түсті екіжақты А4 қағазы
Темір сызғыш
 Өткір пышақ
 Спица
 Домалақтары бар сызғыш
 ПВА желімі
 Қайшы

Үлгі бойынша қажетті түсті қағазды таңдаймыз.



КВИЛЛИНГ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



Қажетті жабдықтар

Жобасы

Жасалу жолдары

1

Қандай зат жасағымыз келгенін анықтаймыз. Суретін саламыз немесе жобалап анықтаймыз.

2

Квиллинге арналған арнайы ұзынша тілше қағаздар.

Тілше қағазды орайтын арнайы тілігі бар аспабы бар








Егер дайын қағаз болмаса жасайтын заттың түсіне қарай қиып даярлаймыз. Ені 0,5 см. Ұзындығы жасалатын заттың формасына қарай



3

Тілше қағаздар


Аспап
Желім (ПВА немесе қарындаш желім)






Тілше қағаздарды аспаптың тілігіне салып аспапты айналдырамыз.
Толығымен оралып біткен соң аспаптан алып қағаздың бос ұшын ашылып кетпес үшін жапсырып тастаймыз.

Ескерту: Қағазды қатты тартуға тығыз орауға аспаптан алған кезде жұлып алуға болмайды.

4










Дайын болған домалақ болып оралған қағаздарды әртүрлі формаға келтіреміз


5

Ені 1,5 см,

ұзындығы 20 см тілше қағаз.

Қосымша басқа түсті тілше қағаз.

Желім






Гүлдің ортаңғы өзекшесін жасау үшін қағазды шашақтап қиямыз да басқа түсті тілше қағазды жапсырамыз. Ұзынша тілше қағазды шашақты қағаздың соңына дейін ораймызда шетін жапсырып тастаймыз.



6

Түсті қағаз, қайшы



Жапырақшалы қағазды екіге бүктейміз

7







Бүктелген жапырақшаны бүктеп бүрмелейміз. Содан кейін қайтадан ашамыз.


8

Картон немесе ДВП. Беткі фонға қажетті материал


Дайын болған жұмысты қатты картонға немесе ДВП-ға жоба бойынша орналастыра бастаймыз.


Каталог: F247AC88B66B8B30
F247AC88B66B8B30 -> Лекция Дайындаған және өткізген: Бірлестік орта мектебінің тәрбие ісінің
F247AC88B66B8B30 -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Баянбай. «Тырна, Тоты, Тоқылдақ»
F247AC88B66B8B30 -> Әдістемелік бірлестік туралыереж е І. Жалпы ережелер
F247AC88B66B8B30 -> Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бірлестік орта мектебі
F247AC88B66B8B30 -> Менің арманым олимпиада чемпионы болу
F247AC88B66B8B30 -> Өткізген: Оспанова Ш. С. 2016-2017 оқу жылы Сыныбы
F247AC88B66B8B30 -> 1 оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау
F247AC88B66B8B30 -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Баянбай. «Тырна, Тоты, Тоқылдақ»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет