Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, талдау жинақтау



Дата07.07.2020
өлшемі18,68 Kb.
#74937
түріСабақ
Байланысты:
математика ашық сабақ
Англия, Франция және Ресейдегі абсолютизм ерекшеліктері

Сабақтың тақырыбы: Өрнек 10 - а
Сабақтың мақсаты: 1. Қосу кестесін азайтудың сәйкес жағдайларын қолданып, 10 – а өрнегінің мәндерін табуды оқушыларға үйрету. Оқушылардың есептеу дағдыларын қалыптастыру, есеп шығару білімін жетілдіру.
2. Пайымдау жүргізу және қорытынды жасау білігін жетілдіру.
3. Ұқыптылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау – жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім білім бе?!

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр.
Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетіп, бір – бірімізге табыс, сәттілік тілейміз.
Сабақта орындалатын ережелерді еске салу.
1 – ереже: Сабақта бір – бірімізді тыңдаймыз!
2 – ереже: Математика негізгі пән болғандықтан нақты, дәл жауап береміз!
3 – ереже: Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз!
4 – ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

- Ал, енді қандай баға алатындарыңызды айтыңдаршы?
Біз білімді баламыз,
Күнде бестік аламыз.
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаңа сабақ бастаймыз.
Біз жиырма алты баламыз.
Бүгін неше аламыз?
Бір керегі жоқ,
Екі керегі жоқ,
Үш керегі жоқ,
Төрт орташа,
Бес тамаша!

1. Қызығушылығын ояту.
«Кім тапқыр?» ойынын ойнату.
5 *4 ---------- 10*8
9*4 --------- 0 * 10
7*3 --------- 7*0

ІІ Өткенді пысықтау.
1. Қазір жылдың қай мезгілі? ( көктем)
2. Көктемде адамдар қандай жұмыстар жасайды?
(ағаш, күл көшеттерін отырғызады)
Енді балалар, біз де ағаш көшеттерін отырғызайық. Ол үшін біз ағаштың тапсырмаларын орындайық?
1. 5 пен 4 санының қосындысы нешеге тең?
2. 8 бен 4 санының айырмасы нешеге тең?
3. 7 санының көршілерін ата.
4. 10 санынан бастап кері қара сана.
5. Қояндар – 5, мысықтар 3 қайсы аз?
Біз ағаштардың тапсырмасын орындадық.

ІІІ Жаңа сабақ
Біз қандай өрнектер өтіп жатырмыз?
(Әріпті өрнек)
Өрнектер нешеге бөлінеді? (екіге)
Санды өрнек және әріпті өрнек.
- Бүгін әріпті өрнектерді азайту тақырыбын жалғастырамыз.
10 – а өрнегі Мақсатымыз әріптің орнына сандарды қойып байқау, бекіту, есте сақтау арқылы есептерді жылдам шапшаң шығару 10 – а өрнегінде қандай таңба?
- Азайту.
Азайтудың компоненттерін атаңдар.
Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні.
Азайғыш 10, азайтқыштың орнында белгісіз а әріп.
Белгісіз санның орнына сандарды қойып, әріпті өрнекті санды өрнекке айналдырып мәнін табамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет