Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, талдау. Көрнекілік: сызба, жаттығулар. Сабақтың барысы



Дата25.12.2016
өлшемі121,14 Kb.
#4345
түріСабақ
6- сынып

Тақырыбы: Зат есімнің жасалуы.

Мақсаты:


  1. Зат есімнің жасалуы туралы мағлұмат бере отырып, жаттығулар орындау;

  2. Оқушыларға зат есім туралы өткен сабақтағы білімдерін тереңдете түсу, оқу дағдыларын жетілдіру, белсенділктерін арттыру.

  3. Адамгершілік қасиеттерге, қазақ тілін құрмет тұта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, талдау.

Көрнекілік: сызба, жаттығулар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу рәсімі;

-Оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметін тыңдау;

-Оқушыларды тәртіпке шақырып, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

118-жаттығу:Өздерің білетін жалқы есімдерді дәптеріңе жазыңдар.



  1. Кісі аттары: Абай, Данабек, Айнагүл, Темірхан, Майра т.б.

  2. Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атаулары: Азия, Қазақстан, Қарағанды, Қазыбек би, Жезқазған, Ақтоғай;

  3. Мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары: Ақтұмсық, «Қарағанды кәмпиттері» фабрикасы, «Доскей» ұжымы

  4. Жер, су атаулары: Ақтоғай, Тоқырауын өзені

  5. Газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма: «Кәусар» газеті, «Мың бір түн», «Ақ маржан» әні, «Балбырауын» күйі, «Абай жолы»

  6. Жылқыға, сиырға, түйеге, итке қойылатын аттар: Құлагер, Тайбурыл, Манька, Желмая, Ақтөс т.б.

ІІІ. Жаңа тақырып: Зат есімнің жасалуы.

Туынды зат есімдер жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.

Мысалы: күй-ші, ел-дік /зат есімнен/, жақсы-лық /сын есімнен/, біл-ім, аялда-ма /етістіктен/, тарс-ыл /еліктеу сөзден/, қырқы /сан есімнен/ т.б.

Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да жасалынады. Олар күрделі зат есімдер деп аталады.



Мысалы: өнеркәсіп, белбеу, ашудас, Көкшетау, Сарысу, азық-түлік, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі т.б.
ІҮ.Оқулықпен жұмыс жасау.

А) 119-жаттығу: Мәтіндегі деректі, дерексіз зат есімдерді анықтаңдар.

Мәтін қай шығармадан алынған?Өз ауылдарыңда қандай бәйге атын білесіңдер.

/оқушылар өз беттерімен жұмыс жасайды/
Ә) Тапсырма: 59 беттегі суреттегі екі балаға мінездеме беріңдер. Олардың бойындағы қасиеттерді салыстырып жазыңдар. Қандай дерексіз зат есімдерді пайдаланғандарыңды айтыңдар.

Мысалы: Жомарттың мінезі жайдары, Ал Аслан ылғи да томаға тұйық жүреді.
Б) Мына сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар:


Баянауылдың суретіне қарай отырып, әңгіме құрастырыңдар. Жалқы есім, жалпы есімдерді, дерексіз зат есімдері қолданыңдар


Ү. Сабақты бекіту:

Семантикалық карта толтыру /оқушылардың бәріне таратылады/




Мысалдар

Жалпы есім

Жалқы есім

Деректі зат есім

Дерексіз зат есім

Негізгі зат есім

Туынды зат есім

Дара

Күрделі зат есім

1.

Әке

+




+




+




+




2.

Мұхтар Әуезов




+

+




+







+

3.

Құлагер




+

+







+




+

4.

Қайғы

+







+

+




+




5.

Достық

+







+




+

+




6.

Домбыра

+




+




+




+




7.

Саудагер

+




+







+

+




8.

Өнер

+







+

+




+




9.

Қарағанды




+

+







+

+




10

Жігіттер

+




+




+




+




11

Қызылордалық




+

+







+




+

12

Дәріхана

+




+







+

+




13

Әке-шеше

+




+













+

14

Арман

+







+

+




+




15

Шекарашы

+




+







+

+




Үйге тапсырма:

122-жаттығу. Жұмбақтарды көшіріп жазып, зат есімдердің астын сызыңдар.

123-жаттығу. Дара зат есісдерді бір бөлек, күрделі зат есімдерді бір бөлек жазып, қайсысы жалқы есім, қайсысы жалпы есім екендігін ажыратыңдар.



«Зат есім» тақырыбына сөз жұмбақ, ребустар құрастырып әкелу.
Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0890
0890 -> Сабақтың атауы Максим Зверов «Суықторғай»
0890 -> Бастауыш мектепте мәтінмен жұмыс жасау ерекшелігі
0890 -> З. К. Сарина Қалижан Бекхожин 3 9 «А» Р.Қ. Жайдақбаева Мәшһүр Жүсіп Көпеев 4 5
0890 -> Сабақ Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қожантаева Ә. Ж амангелді орта мектебі Абай Құнанбаев "Ескендір" поэмасы
0890 -> Тақырыбы: Блум таксономиясына негізделіп құрылған сабақтар жоспары. Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі Манапова Жанар Пулатовна Тақырыбы: 2-сынып. «Атасы мен немересі»
0890 -> Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері
0890 -> Сабақ жоспары Дене тәрбиесі сабағынан 8а классқа арналған Тақырыбы: Эстафета таяқшасын беру техникасы
0890 -> Сабақтың тақырыбы: Традиции и фольклор 6-бөлім: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті Школа: 16
0890 -> Сабақтың атауы Ана тілінің қызметі Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
0890 -> «миф» әлеміне саяхат жүргізуші


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет