Сабақтың түрі: Ертегі саяхат сабақ Көрнекілік: мамандық иелері туралы суреттер, ертегі кейіпкерлерінің суреті, құралдар



Дата27.12.2016
өлшемі47,24 Kb.
#6115
түріСабақ
Тақырыбы: Мамандықтар әлемі

Мақсаты : Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру, еңбекке деген құштарлығын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Мамандықтар туралы білімін тиянақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақтар шеше білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Ертегі саяхат сабақ

Көрнекілік: мамандық иелері туралы суреттер, ертегі кейіпкерлерінің суреті, құралдар

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау, бағалау, ойын

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

/Балаларды орындарынан тұрғызып, шаттық шеңберін құру/



Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

  • Енді бір – бірімізге жылы лебіздерімізді тілейік.

- Ашық аспан тілеймін! Күніміз жарық болсын! Деніміз сау болсын! Нан көп болсын!- деген игі тілектерін білдіре келіп, бәрі қосылып: Әрқашан күн сөнбесін!-деседі.

- Айтқан тілектерің қабыл болсын!- деп балаларды отығызу.

- Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді? Қандай?

- Қазір жылдың қай мезгілі? Күзде қандай өзгерістер болады?

- Күз айлары қандай? Қазір қай ай?

- Апта күндерін білеміз бе? Бүгін аптаның қай күні?



ІІ. Өткен сабақты қайталау

/Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою, жауап алу. Білімдерін бекіту/



ІІІ. Жаңа сабақ

Бір – екі – үш...

Сынып іші тып – тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз
Әзір ас жоқ дүниеде
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі себілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
Барлық істің батыры – біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?
Асты кім әзірлейді?
Сабақты кім оқиды?
Көйлекті кім тоқиды?
Тұқымды кім себеді?
Үйлерді кім салады?
Кенді кім табады?
Кітапты кім жазады?
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Осы сөздердің ортақ атауы - МАМАНДЫҚ. Ендеше, бүгінгі айналамен танысу сабағы бойынша тақырыбымыз – Мамандықтар. Мамандық дегеніміз не кім айтады? Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі. Және де қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің бір түрі. Мамандықтың түрі көп. Әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер – адам өмірінің арашасы. Ұстаз – шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады. Оқушылар, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

- Бүгін біз мамандықтар әлеміне «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерімен саяхат жасаймыз.



Баяғы өткен заманда кемпір мен шал өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне бауырсақ пісірші дейді. Кемпір: үйде ұн жоқ дейді.- Әй, кемпір, қойманы сыпырып, қамбаны қырсаң, ұн шығады,-дейді. Кемпірі сыпырғышты қолына алып, қаптың түбін қағып,қамбаны сыпырып,екі уыс ұн шығарды. Кемпір бауырсақты пісіріп, терезенің алдына қойса бауырсақ домалап кетіпті. Бауырсақ домалап келе жатса алдынан аю шығады.

- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.



- Жемеші қандай тапсырмаң болса да орындаймын.

- Ендеше бауырсақты аю жеп қоймас үшін біздер көмектесейік.

Аюдың тапсырмасы:


  • Дәрігер мамандығы туралы айтып бер.

  • Аспазшыға құралдарын табуға көмектес.

  • Ендеше біз бауырсақты аюдан құтқардық. Бауырсақ сендерге рахмет айтып жатыр.

  • Сөйтіп, бауырсақ аюдан құтылып домалап келе жатса, алдынан қоян шығады.

  • Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін

  • Жемеші қандай тапсырмаң болсаң да орындаймын.

Қоянның тапсырмасы:

* Ұстаз деген кім?

* «Тиісті орнына қой» ойыны

- Ендеше бауырсақты қояннан құтқардық, бауырсақ сендерге рахмет айтып жатыр.

- Бауырсақ домалап келе жатса алдынан қасқыр шығады. – бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Оқушылар, бауырсаққа көмектесеміз бе?

Қасқырдың тапсырмасы:



  • Полиция қызметі туралы айтып бер

  • Анаграмма /күрек, ұшақ/

ІV. Сергіту сәті

«Дұрыс па, бұрыс па» ойыны

/Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса отырып қалады/
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
- Сөйтіп, бауырсақ әндетіп домалап келе жатса, алдынан қу түлкі шығады.

Түлкінің тапсырмасы:

* Аспазшы деген кім?

* Мақал – мәтел жалғастыру



Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың.................. тәтті.
Еріншектің.................... бітпес.
Ердің атын...................... шығарады.
Еңбек етсең ерінбей,


...................................................

Еңбек түбі - ...............

- Балалар, түлкінің қу, айлакер екенін білесіңдер, ол бауырсақты жібермей тағы да тапсырма бергелі тұр.

- Не істейміз? Бауырсақты құтқарамыз ба?

- Олай болса келесі тапсырмасын алайық.

* «Құрылысшыға көмектес» ойыны

Сөйтіп бауырсақты түлкіден құтқардық. Бауырсақ сендерге көп – көп рахметін айтып жатыр.

V. Қорытындалау

- Сонымен бүгін қандай мамандықтармен таныстық?

- Оқушылар. өздерің өскенде кім болғыларың келеді? Ендеше, сыныбымыздағы болашақ дәрігер, солдат, аспазшыны ортаға шақырайық. /Шапағат, Мейіржан, Жаннұр/ /Болашақ мамандықтары жөнінде әңгімелейді/

Шапағат:

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді Өзім жақсы көремін.

«Дәрігермін» мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп – көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең», - деймін.

Мейіржан:

Ар – намысын сақтаған,

Жүректе сыр жаттаған.

Жан тәніммен ел қорғап,

Солдат болғым келеді

Жаннұр:

Балаларға, сәбиге,

Тәттілерді беретін.

Ас даярлап күн сайын,

Мен аспазшы боламын.

- Оқушылар, біз күнде мектепте қандай маман иелерін көреміз? Ал балабақшада қандай маман иелері қызмет етеді? Сендердің ата – аналарыңның мамандығы қандай?



- Осындай әртүрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып көп нәрсені үйрену қажет. Білімді болу керек екен. Осындай мамандықта жұмыс жасап жүрген үлкен кісілердің, аға- апалардың, ата-аналарыңның еңбегін бағалап, құрметтеуіміз керек.

Мамандық алғың келе ме?

Мамандық өзі немене?

Айналаң толған мамандық,

Айналаң толған өнеге.

Тыңдайық, кәне, ойлайық,

Білімге терең бойлайық

Оқыған маман шын маман,

Мамандық алмай қоймайық.

Үйренем десең жалықпа,

Мамандық сырын анықта

Қолыңнан жұмыс келмесе

Тие ме пайдаң халыққа?

Еңбектің бәрі мамандық,

Жер көктің бәрі мамандық

Білуге бәрін талаптан,

Танытып нағыз адамды, - деп сабағымызды аяқтаймыз. Бүгін сабаққа барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. Сол үшін сендерге мынандай жұлдызша таратып беремін.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет