Сабақтың түрі: жобалау сабағы Көрнекілігі : Нақыл сөздер, схемалар



Дата11.01.2017
өлшемі23,84 Kb.
#7312
түріСабақ

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері,
  • классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, кластары,
  • таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте
  • отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру.
  • - Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі
  • типтері мен факторлары туралы түсінік беру
  • - Кәсіптік бағдар беру
  • - Кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру
  • - Кәсіптік мамандықтарға деген ынта- ықыластарын
  • анықтау және т.б.
  • Сабақтың түрі: жобалау сабағы
  • Көрнекілігі: Нақыл сөздер, схемалар.
  • Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест , тренингтер.
  • Сабақ барысы:
  • І.Ұйымдастыру кезеңі:
  • Сәлемдесу, түгендеу, сыныпты 2-топқа бөлу.
  • 2. Кіріспе: Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл
  • сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына
  • қайтып оралады екен.Осыған қарап мынадай сұрақтар туындайды.
  • Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма?
  • Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар?
  • Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?
  • Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі сабақта шешімін аламыз деген сенімдемін.
  • «Мамандық» сөзіне анықтама беру.
  • Профессия- латын сөзінен шыққан ,
  • “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді
  • білдіреді.
  • Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып
  • табылатын және қандай да бір дайындықты,
  • жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің
  • маңызды бөлігі.
  • Мамандықтарға сұраныстың тұрақтылық көрсеткіші әр мамандықтардың жұмыс орын санының артуына байланысты. Өз мамандықтарын таңдауда мақсатқа жету әр адамның еркіне, өмірге құштарлығына байланысты.
  • Мамандық таңдау кезінде мұқият болған жөн,себебі ол сіздің болашақ өміріңізді анықтайды.
  • Сондықтан, мамандықты таңдау кезінде жеке қызығушылығыңыз бенᅠ болашақ жоспарларыңыздың негізінде таңдағаныңыз тиіс және де тек қана бір мамандықты таңдау керек.
  • Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
  • Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады.
  • Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.
  • Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандық -тары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілік- ті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.
  • Сонымен қатар мамандық таңдау факторларына мыналарды жатқызуға болады:
  • «Білгім келеді» - (қызығушылық, бейімділік).
  • Қызығушылық- қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге ,
  • оны зерттеуге деген құмарлық.
  • Бейімділік - қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.
  • «Қолымнан келеді» - (қабілет, денсаулық жағдайы).
  • Қабілет- адамның қандай да бір қызметті орындаудағы жеке -дара
  • қабілеті, шығармашылық мүмкіндігі.
  • «Маған керек»- (қажеттілік, сұраныс)
  • Қоғамға әр түрлі саланың мамандық иелері қажет. Мамандық таңдауда өзіннің мамандығынның еңбек рыногындағы сұранысын білу мен қатар, болашақта өзіңнің еңбекке араласу мүмкіндігінді білу керек.
  • КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
  • Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:
  • Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер.
  • Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
  • Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер,училищелер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.
  • Жоғары кәсіптік білім: ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.
  • Кәсіптік оқу орындары туралы ақпараттарды алуға болады:
  • Оқу орындарына түсушілерге арналған анықтамалық
  • оқулықтардан;
  • INTERNET желісіндегі компьютерлік ақпараттық- ізденіс
  • бағдарламаларынан;
  • Жарнамалық хабарландырулардан;
  • Кітапханалардан;
  • Кәсіптік бағдар беру және жоспарлау бөлімдерінен;
  • Оқу орындарының ашық есік күндеріне қатысу және жекелей бару
  • арқылы;
  • Мектеп бітіруші түлектермен кездесу арқылы.
  • ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІПТІК МАМАНДЫҚТАРДЫ ТАҢДАУ ТИПТЕРІ:
  • Реалистік (R),
  • Зерттеушілік (I),
  • Артистік (А),
  • Әлеуметтік (S),
  • Кәсіпкерлік (E),
  • Дәстүрлі (С).
  • 1. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РЕАЛИСТІК ТИПІ (R)- Адамдармен жұмыс істегеннен гөрі, еңбектің басқа да маңызды обьектілерімен, механизмдерімен жұмыс істегенді ұнатады.
  • Негізгі бағыттары:
  • Техникалық білім,
  • Ауылшаруашылық білімі,
  • Орман шаруашылығы,
  • Табиғатты қорғау,
  • Әскери мамандықтар.
  • 2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ТИПІ (I)- Ғылымға және ғылыми зерттеулерге, ашылуларға, жаңалықтарға және идеяларды іске асыруға бағытталған.
  • Негізгі бағыттары:
  • математика,
  • физика,
  • биология,
  • биомедициналық инженерия,
  • генетика.
  • 3. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АРТИСТІК ТИПІ (А)- Өзінің әсемдікке деген сүйіспеншілігін, мүмкіндігін ашуды көркем- өнерде, артистік ортада жұмыс істеуді ұнатады.
  • Негізгі бағыттары:
  • Өнер,
  • Музыка,
  • Театр,
  • Билер,
  • Тілдерді оқу, меңгеру,
  • Жобалау және дизайн
  • 4. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТИПІ (S)- Адамдармен қарым- қатынасқа бағытталған. Адамдарға көмектескенді және олардың мәселелерін шешкенді ұнатады
  • НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
  • Өнер,
  • Әлеуметтік қызмет,
  • Социология,
  • Кеңес беру,
  • Коммуникация,
  • Мектепалды тәрбие және балалардың дамуы.
  • 5. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТИПІ (E)- Адамдарға ықпал етуге, қорғауға, ұйымдастыр уға және олардың негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталған.
  • Негізгі бағыттары:
  • бизнес-білім,
  • басқару,
  • маркетинг,
  • құқық.
  • 6. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТИПІ (С)- Мәліметтерді, бақылауларды өңдеумен жұмыс істегенді ұнатады және ақпараттар жүйесін басқарады.
  • Негізгі бағыттары:
  • Бухгалтерия,
  • Статистика,
  • Финанс,
  • Компьютерлік технология,
  • Іс қағазын жүргізу.
  • Мамандықтар кластары
  • Диагностикалық
  • Қалыптастырушы
  • Ізденісті
  • тану
  • айыра білу
  • анықтау
  • ажырату
  • бағалау
  • тексеру
  • жұмыс қабілеті
  • қалыптасыру
  • өңдеу
  • тізбектеу
  • реттеу
  • ұйымдастыру
  • ықпал ету
  • іздену
  • ойлап табу
  • жаңалық ашу
  • есептеудің жаңа тәсілін табу
  • Мамандықтар тобы
  • Қолмен айналысатын
  • Механикалық
  • Автоматты
  • Функционалды
  • Классификациялық белгілері
  • Мамандықтар типтері
  • Адам -Техника
  • Адам- табиғат
  • Адам- адам
  • Адам- жүйе
  • Адам-
  • көркем бейне
  • Еңбек мақсаттары
  • (тану, айыру, анықтау, бағалау, тексеру)
  • (құрастыру, өндеу, реттеу, ұйымдастыру, әсер ету, )
  • (ойлап табу, құрастыру, шешу жолын табу)
  • Еңбек құралдары
  • ҚОЛ ЕҢБЕГІ
  • МЕХАНИКАЛЫҚ
  • (машиналарды, механизмдерді басқару)
  • АВТОМАТТЫ
  • (станоктарды, құрылғыларды басқару)
  • ФУНКЦИО
  • НАЛДЫ
  • Еңбек шарттары
  • Материалдық жауапкершілік деңгейін арттыру шарттары
  • Ерекше еңбек шарттары
  • Тұрмыстық тип шарттары
  • Ашық ауадағы жұмыс
        • Топтық тапсырма:
  • І- топқа:
  • Мына мамандықтарды классификациялық белгілері бойынша жікте:
  • Археолог , құрылысшы
  • Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:
  • Мұғалім,дәрігер
  • Мына берілген сөйлемді аяқта,қандай сөйлем екенін анықта:
  • Бала кезімнен дәрігер мамандығын ұнатқандықтан, ... .
  • Бір мамандыққа байланысты диалог құрастыру.
  • ІІ- топқа:
  • Мына мамандықтарды классификациялық белгілері бойынша жікте:
  • Артист, көлік жүргізуші
  • Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:
  • Металлург, аспазшы
  • Мына берілген сөйлемді аяқта,қандай сөйлем екенін анықта:
  • Мен құрылысшы болғым келеді,себебі ...
  • Бір мамандыққа байланысты әңгіме құрастыру.
  • Психологиялық сәт:
  • "Психогеометрия"- өзін- өзі тану:
  • Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
  • ІҮ. Қорытындылау:
  • 1. «Мамандық», «Қабілет», «Білім»
  • сөздеріне ой тұжырымдау.
  • 2. Мамандықты дұрыс таңдамауда қандай
  • қателер жіберілуі мүмкін?
  • Ү. Үйге: “Менің болашақ мамандығым”тақырыбына жоба дайындап келу.
  • ҮІ.Өз-өздерін бағалату.
  • Тренинг “Сиқырлы қарындаш”: Менің қолымдағы сиқырлы қарындаш кімнің қолына түссе, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы және кемшіліктері туралы айтып өз-өзіне баға қояды.
  • Талдау:
  • Осы күннен не алдыңыз?
  • Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
  • Бүгінгі сабақты мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
  • Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
  • Масқатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
  • Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
  • Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
  • Арым- таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
  • Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер үлкендердің айтқан ақыл кеңестерін жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Каталог: uploads -> doc -> 0e0f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e0f -> Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов
0e0f -> Сабақтың тақырыбы: «Камзолға өрнек таңдау»
0e0f -> Атырау-2015ж. Тақырыбы: Сыныптан тыс тәрбие жұмысы Дайындаған
0e0f -> Күні: 26. 02. 2014 Топ: Жұлдыздар Білім беру саласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет