Сабақтың түрі: Конференция сабақ Сабақтың мақсаты: Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру



Дата22.08.2017
өлшемі72,75 Kb.
#24101
түріСабақ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Сыныбы: 4 Пәні: Ана тілі
Тақырыбы: Әлемді білегінде ойнатқан палуан.
Ана тілі 4 – сынып

Тақырыбы: «Әлемді білегінде ойнатқан палуан»

Сабақтың түрі: Конференция сабақ

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

Дамыту мақсаты: Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы толық деректермен таныстыру.

Тәрбиелік мақсаты: Алып күш иесін құрметтеуге және спортты сүюге баулу.

Көрнекілігі:


  1. «Әлемді білегінде ойнатқан палуан» (суреттер жиынтығы слайд арқылы)

  2. Қажымұқан өнер көрсеткен жерлерінің сызба – картасы

  3. Қалқаман Әбдіқадіров «Қажымұқан» кітабы

Сабақтың әдісі: Оқушылар өздері жинақтаған дерекетерді ортаға сап, қорғау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Балалар, бүгін біз ана тілі пәнінен конференцияны бастамас бұрын Дильназға сөз кезегін берейік.

Дильназ:

  • Қайырлы таң, құрметті бүгінгі конференцияға қатысушылар. Бүгін біз сіздерге биыл 140 жасқа толған қазақ палуаны Қ. Мұңайтпасовтың өмірімен толық таныстырамыз. Себебі, оқулықта палуанның бір сайыстағы өнерімен танысу мәтіні берілсе, біз ізденіс жұмысымен айналысып тапқан деректерімізді ортаға салмақшымыз. Сіздерді жоспармен таныстырып өтейін.

Конференция тақырыбы: Әлемді білегінде ойнатқан палуан.

Жоспары:


І. Кіріспе. Үй тапсырмасын тексеру

ІІ. Негізгі бөлім.



  1. Қазақтың Қажымұқаны қандай ғұмыр кешкен?

  2. Қажымұқан Мұңайтпасов кім?

  3. Батырға бағынған белестер.

  4. Балуанның Абаймен өзін салыстыруы.

  5. Өзін көргісі келгендерге жауабы.

  6. Қажымұқанның май жегіштігі.

  7. «Мен бақсы – балгер емеспін» деп ашулануы.

  8. Қорытынды бөлім

ІІІ. Суреттер сыр шертеді

І. Кіріспе бөлімі. Үйге қандай тапсырма беріліп еді? «Жиб – жица күресі». Мәтінді оқып келгендіктерінді тексеру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып шығайық.

1. Қажымұқанның Харбин қаласына күреске келуі.

2. Жапон балуаны – Сар – Кек – Ки.

3. Сар – Кек – Кидің талабы.

4. Күреске ешкімнің шықпауы.

5. Күреске Қажымұқанның шығып, екі палуанның кілемге келуі.

6. Екі палуанның күресі.

7. Басқарушының елді тәртіпке шақыруы.

8. Қажымұқанның Сар – Кек – Киді жеңуі.

9. Қажымұқанның емделуі.

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Танирбердин Қ.А. – на сөз берейік.



  • Жапонның Жиб – жица күресіне ұқсас қазір «Бой без правил» немесе «Ережесіз күрес» деген спорт түрі бар. Бұл күреске шыққандар аяқ – қолын бірдей жұмсап күреседі. Бір – бірінің денелеріне зақым келтірсе де жазаланбайды.

Енді Қажымұқан мен Сар – Кек – Киге байланысты Венн шеңберін толтырып өтейік.

Қажымұқан Сар – Кек – Ки




ІІ. Негізігі бөлім.

Оқушылар осы тақырыптар бойынша сөйлейді


  1. Қазақтың Қажымұқаны қандай ғұмыр кешкен? Дильназ

  2. Қажымұқан Мұңайтпасов кім? Мадина

  3. Батырға бағынған белестер. Дильназ

  4. Балуанның Абаймен өзін салыстыруы. Мадина

  5. Өзін көргісі келгендерге жауабы. Қымбат

  6. Қажымұқанның май жегіштігі. Бейбіт

  7. «Мен бақсы – балгер емеспін» деп ашулануы. Досжан

  8. Қорытынды бөлім. Берікжан

Мұғалімнің толықтыруы:

  • Мұқанның анасы Кәбира ол өмірге келгенде қайтыс болады да, әжесі Айсары 16 жасқа дейін өзі өсіреді. Жас кезінде Мұқан басқа балалардай айғайлап жүгірмейтін, ауыр жүк арқалағандай жайлап қана жүретін болған. Өзге балалар асықпен ойнаса, ол сиыр, жылқының топайын жинап өз алдында жеке ойнатын болған. Басқа балаларға тиіспейтін, ал өзіне тигенді аямайды екен. Балпаңдап қаша да алмайтын бала болыпты, ал ересектер ұрысып, ұрса жыламай тек көзінің қиығымен қарап тұра беретін болған. Жас кезінде бойы 1м86см, салмағы 130 кг. болса, қартайғанда салмағы 178 кг, бойы 1м 98см болған екен.

Берлинде жуан сым темірді мойынына галстук, беліне белбеу етіп байласа, Парижде өзі сахнаға мініп шыққан түйесін мойынына көтерген. 75 пұт (75*16 1200кг) жүк салынған арбаны тісімен сүйреп сахнаға шығарса, кеудесіне 20 пұт, яғни 320 кг тас қойғызып, оны 2 пұттық балғамен ұрғызып уақ таттырған. Ғажап көпір деген номер болған. Палуан көпір жасап тұрып үстінен жүк машинасын өткізген екен. 15 жасынан бастап 70 жасқа дейін күресіп әлемнің 59 еліне барып өнер көрсетті.

ІІІ. «Суреттер сыр шертеді» (слайд көрсетіледі)



  1. Әлемді білегінде ойнатқан балуан.

  2. Әйелі поляк қызы Надежда Николаевна Чепковская – Батима апа (мешітке апарып мұсылман дініне кіргізген) Батима ападан туған ұлы Халиолланың қызы Разия мен жолдасы Хамза.(палуанның немересі мен шөбересінің суреті)

  3. Палуанның мазары. 70тен асқанда туған ұлдары Айдархан мен Жанәбілдің анасы Мінәйім апа.

  4. «Күш атасын танымас» палуанның өнер көрсетуі кезіндегі суреттер.

  5. Палуанның мұражайы,ескерткіштері.

  6. Кино өнерінде Қажымұқанның ролін сомдаған актер Әлеухан Бекболатов.

  7. Қажымұқанның өнер көрсеткен елдерінің сызба картасы.

  8. Қажымұқанның қартайғандағы суреті.

IV. Қорытынды.

Конференцияда айтылған деректерге тоқтала ассосациялық аймақ құрайық.



Инсерт әдісі бойынша сабағымызды тағы бір қорытындылап өтейік.



Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Қажымұқанның Нұрлы палуанмен және жапон палуаны Сар-Кек-Кимен күресі туралы білдім. Мұқанның 1 шана шөпті үстіне атты салып сүйреп әкелуі туралы мәтінмен танысқанбыз.

Өмірі туралы, өнер көрсеткен жерлері, 56 медалі бар екенімен, әлемнің 59 елінде болғанымен, 55 жыл күреспен айналысқаны, Ұлы Отан соғысы кезінде 100 мың сомға А.Иманов атындағы ұшақ жасатқаны, тамақты қалай жейтіндігін, 5 әйелінен 20-дан астам ұрпағы бар екенін, мұражайы мен мазарын, ескерткішінің қайда екенін танып білдік. Биыл 140 жасқа толғанын білдік.

Ұрпақтарының қазіргі кезде қайда екендігімен, мұражайында не бар екендігімен танысқым келеді. «Қажымұқан» кітабын оқығым келеді.

V. Үйге тапсырма.

Сызба картадан Қажымұқанның өнер көрсеткен жерлерінің аттарымен танысу, есте сақтауға тырысу. Ауызша әңгімелеуне дайындалып келу.

VІ. Конференцияны аяқтау.

Дильназ: Біз конференция сабағымызды С.Сейфуллиннің және С.Мәуленовтың «Қажымұқан» өленімен аяқтаймыз. (кезекпен жатқа оқу)

Дильназ: конференцияға дайындалу барысында Айгөлек журналын, «Егеменді Қазақстан» (20-21 ақпан,1997 жыл,2011 жыл, 31 қазан 2007 жыл) «Ана тілі» газеті 27 ақпан 1997 жыл, Қазақ әдебиеті газеті №5 30 қаңтар 1996 жыл, №7 8 ақпан 1996 жыл. «Ұлан» газеті №22 9 маусым 2009 жыл. «Семей таңы» газеті №5 1 ақпан 2007 жыл пайдаландық.



Осыдан кейін сөз кезегі конференцияға қатысқан қонақтарға берілді.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет