Сабақтың түрі: саяхат сабағы. Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар



Дата26.08.2017
өлшемі37,02 Kb.
#28273
түріСабақ
Қазақ тілі

Тақырыбы:Түбір және туынды сөз

(пысықтау сабағы)

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық: сөз, сөздің құрамы жайында түсінік беру;

ә) коммуникативтік: түбір мен қосымшаның аражігін ажырату, сауатты жазуға үйрету;

б )проблеманы шешу: ой-өрісін, ақыл-ойын дамыту, жаттығулар орындау кезінде кездескен қиындықтарды жеңе білуге үйрету.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: білім беруді ізгілендіру, практикалық.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті, ұжымдық, ойын.

Пәнаралық байланыс: қоршаған орта, бейнелеу,әдебиеттік оқу.

Оқыту құралдары: интерактивті тақта, топшамалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

2.Үй жұмысын тексеру.

3.Өткенді пысықтау.

-Түбір дегеніміз не?

-Қосымшаның неше түрі бар?

-Жұрнақ дегеніміз не?

-Жалғау дегеніміз не?

-Күйшілер сөзін талдап бер.

4.Жаңа сабақ.

Ұйқасын тап:

Шай ішетін кеше,

Сатып алдық ..... . (кесе)

Аз да болса жауын,

Бітік өсті .... .(қауын)

Жорғалайтын көдеде

Құстың аты ..... . (бөдене)

«Астанаға саяхат» - Балалар, еліміздің астанасы қай қала?

-Астана қандай қала?

-Астана қаласына саяхат жасағыларың келе ме?

Олай болса, балалар, алған білімімізді пысықтау үшін Астана қаласына саяхат жасаймыз.

5.Ұшаққа міну

-Енді ұшаққа орналасайық.

-Ұшақты кім жүргізеді? (түбір мен қосымшасын ажырату).Келесі ұшағымызға міну үшін бізге билеттер керек болады. Билеттер алу үшін төмендегі сөздерге жұрнақ жалғайық:

1-билет:ән- .... .2-билет:жаңа- ... .3-билет: оқу-... .

4-билет: егін-... . 5-билет: сурет-.... .6-билет: жылқы- ... . 7-билет: орман- ... . 8-билет: ас-... .

9-билет: ойын-.... .

Сергіту сәті:

Ұшып келем, ұшып келем.

Ұшып келем мөлдір аспан төрінде.

Көкте жүріп қызығамын жердегі

Сонау-сонау өзім ұшқан өңірге.

6.Келбетімен сүйсіндірген ару қала- Астана.

-Ал ,балалар,Астана қаласына да келіп жеттік.(Астана қаласы жайында слайд көрсетіліп, түсінік беру)

-Астана қаласындағы қандай көзтартарлық ғимараттарды білесіңдер?

7. «Біз Бәйтеректеміз....»

-Бәйтерекке көтерілу үшін мына тапсырмаға жауап берейік:

-Түбір сөздерге қосымшалардың тиістісін жалға.

Түбір сөздер: қала, жұмыс, сый, біл, өнер,ұш, ойын.

Қосымшалар:-ді,-шы,-лық,-ты,-ті,-шық,-гіш,-ім.

-Балалақайлар, тапсырманы тапқырлықпен тауып, орындасақ, сұлу Бәйтеректі тамашаладық.

8. «Нұр Астана мешітін» тамашалау

-Ал ,балалар,имандылық ордасы.

-Әсем мешітке енуіміз үшін имам атамыз мынадай тапсырма беріп отыр.

-Сөздерді салыстыр:

Күй-күйші, балық – балықшы, құрылыс- құрылысшы, жылқы – жылқышы.

-Осы сөздерге сойлемдер құрастыр.

9. Жырым саған, Астана!

Оқушылар Астана туралы жаттаған өлеңдерін оқиды.

10.Сабақты қорытындылау

Сұлу қала Астанаға саяхатымыз аяқтала келген секілді. Олай болса, кері қайту үшін келген ұшағымызға мінейік. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік:

1.Не қылды, не істеді? Сұрақтарына жауап беретін сөз ойла, буынға бөл.

2.Сөйлем дегеніміз не?

3. Түбір дегеніміз не ? (мысал келтір)

4.Туынды сөз дегеніміз не ?(мысал келтір)

5.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

11.Үйге тапсырма: 4-жаттығу 10 бет. Ережелер қайталау.

12. Бағалау.

1-билет:ән- .... .

2-билет:жаңа- ... .

3-билет: оқу-... .

4-билет: егін-... .

5-билет: сурет-.... .

6-билет: жылқы- ... .

7-билет: орман- ... .

8-билет: ас-... .

9-билет: ойын-.... .

-Түбір сөздерге қосымшалардың тиістісін жалға.

Түбір сөздер: қала, жұмыс, сый, біл, өнер,ұш, ойын.

Қосымшалар:-ді,-шы,-лық,-ты,-ті,-шық,-гіш,-ім,-лі .

-Сөздерді салыстыр:

Күй-күйші, балық – балықшы, құрылыс- құрылысшы, жылқы – жылқышы.

-Осы сөздерге сойлемдер құрастыр.

1.Не қылды, не істеді? Сұрақтарына жауап беретін сөз ойла, буынға бөл.

2.Сөйлем дегеніміз не?

3. Түбір дегеніміз не ? (мысал келтір)

4.Туынды сөз дегеніміз не ?(мысал келтір)

5.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет