Сабақтыңмақсаты: а білімділік: Оқушыларға үндестік заңын, тоғыспалы ықпал түсіндіру



Дата27.08.2017
өлшемі87,73 Kb.
#29847
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:

Сабақтыңмақсаты: а) білімділік:Оқушыларға үндестік заңын , тоғыспалы  ықпал түсіндіру

ә) дамытушылық: Оқушылардың ауыз екі сөйлеу тілін дамыту,пәнбойыншаалғанбілімдерінжүйелітүрдеқолданабілугедағдыландыру

б) тәрбиелік: Оқушылардыңпәнгедегенқызығушылықтарынояту, әдебитілдекөркемсөйлеугетәрбиелеу.

Сабақтыңәдісі: топпенжұмыс, сайыссабақ, жаттығужәнеталдау, сұрақ-жауап, ой сергітуойындары.

Сабақтыңтүрі: аралассабақ.

Сабақтыңкөрнекілігі: слайд, Абай портреті, дидактикалықтоптамалар, түрлісюжеттісуреттер,  тестсұрақтары.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.

Сабақтыңбарысы:

І. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу, кезекшімен сұхбаттасу, оқушыларды тексеру. Психологиялық дайындық.

Өзіне қарама қарсы оқушының есімінен басталатын тілек айтады.

ІІ.Бүгінгі сабақтың құрылымымен таныстыру.

Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады. Журналдың әр парағында тақырыптар берілген:1. Қайталау-оқу анасы;2. Жаңасабаққұпиясы; 3. Кітап-досың, ақылшың; 4. Білімдімыңдыжығар; 5. Жетіжұрттыңтілінбіл. 6. Біліміңдібайқапкөр.

Әр беттегі тақырыпты аша отырып, тапсырмаларды орындаймыз.

Бағалау парақшасы

Сабақты бастамас бұрын топ басшыларына бағалау парақшасын таратамын.Топ басшысы оқушлардың сабаққа белсенділігіне қарай бағалап отырады.


Құрметті білім алушы оқушылар, бүгін біздің сабағымызда халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өлең жолдарын бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде аламыз. «Ғылым таппай мақтанба»  атты өлеңіндегі бес асыл іске қатысты етіп топтың атын аламыз. Жарысқа кіріспес бұрын әр топ өзін таныстыру қажет. Ал сайысты бастайық!

Топтың аттары жазылған белгіленген партаға қойылады. Әр топ жетекшісі өздерінің тобын төмендегі шумақтарарқылы таныстырады.



  1. «Талап» тобы.

Талабыңболсатайсалма,

Өзіңді-өзіңбайқа да,

Талаптансаңжеңесің

Қиындықтықашанда.



  1. «Еңбек» тобы.

Еңбекетсеңерінбей,

Еңбегіңқалмаскөрінбей.

Зортабысқакенелтер

Құлшынаеткенеңбекқой.

3-топ Терең ой

4-топ Қанағат

Қайталау-оқу анасы. Өткен сабақтарды үй тапсырмасын сұрауда алғашқы «Қайталау-оқу анасы» парағы ашылады.

1-топ оқушылары бірлесіп, дауысты дыбыстар бойынша тірек сызбасын салады, түсіндіреді, ережесін айтады.

2-топ оқушылары бірлесіп, дауыссыз дыбыстар бойынша тірек сызбасын салады, түсіндіреді, ережесін айтады.

3-топ оқушылары бірлесіп,буын түрлері бойынша тірек сызбасын салады,түсіндіреді,ережесін айтады.

4-топ оқушылары бірлесіп,буын үндестігі бойынша тірек сызбасын салады,түсіндреді,ережесін айтады.

Жаңа сабақты түсіндіруде «Жаңа сабақ құпиясы» парағын ашамыз.а) 1.Дәптерлеріне бүгінгі күнді, айды жазғызу.

Бүгін кандай күн

Дүйсенбі


Дүйсенбі сөзінің айтылуы мен жазылуынан қандай өзгеріс байқап отырсыңдар

Бүгінгі өтетін сабағымыз осы заңдылыққа байланысты



Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауысыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады.

Дыбыс үндестігі.

-Сонымен ,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-Дыбыс үндестігі.


 Дыбыс үндестігі

                     

                                 ілгерінді                     тоғыспалы

                                                     кейінді



Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз: тас-тан, жаз-ға, адам-нан. Ілгерінді ықпал бойынша сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымша қатаңнан басталады. Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан, ал соңғы дыбыс дауысты немесе үнді дауыссыз болса, қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады.

Аш- са –     аш – ша.                                    ш-с =  шш

 

Қара қой – қара ғой.                                    а – қ = ағ.



 

Жас бала –  жаспала.                                   с – б =сп



Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз. Мысалы: Тарақ   +    ы     –     тарағы.                         қ – ы =  ғы.  

                 

Күрек  +  і –    күрегі.                                    К – і =  гі. 

 

Жан + бады – жамбады.                               Н – б = мб


Қатар тұрған екі дыбыстың бір-біріне бірдей ықпал етуін тоғыспалы ықпал дейміз.

  1.Аман  келді- Амаң - гелді.          нк-ңг

 

                2.Қан  қызыл- қаң  ғызыл              нқ-ңғ



 

                3.Мен  келдім-мең гелдім             нк-ңг

 

                4.Дос   жаран- дошшаран              сж-шш



Ал балалар жаңа сабақты қаншалықты түсінгендеріңді білу мақсатында Тапсырма. Бос орынға тиісті сөздерді қойып сөйлем құраңдар. (3 минут)

1-топ. ___бен ________жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауысыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі ______деп аталады.

2-топ. Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін __________дейміз .Ілгерінді ықпал бойынша сөздің соңғы дыбысы _____болса, оған жалғанатын _____қатаңнан басталады..

3-топ. ___бен _____жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін ______ықпал дейміз.

4-топ. Қатар тұрған екі дыбыстың бір-біріне бірдей ___етуін _____ ықпал дейміз.

«Кім жылдам?» Тапсырма: Берілген сөздердің айтылғанда өзгеріске ұшырайтынын топ болып көрсету керек.
1 - топ: көп бала (ілгерінді ықпал - көп пала)
2 - топ: сөзсіз (кейінді ықпал - сөссіз)
3 - топ: Досжан (тоғыспалы ықпал - Дошшан)
4 - топ: ала қап (ілгерінді ықпал – ала ғап)

Жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін «Кітап- досың, ақылшың» парағы ашылады.



1-тапсырма.329- жаттығу
1-топ Қосымшасы Қатаңнан басталатын сөздерді теріп жазу

2-топ Қосымшасы жуаннан басталатын сөздерді теріп жазу
3-топ . Қосымшасы жіңішкеден басталатын сөзерді теріп жазу

4-топ Қосымшасы ұяңнан басталатын сөздерді теріп жазу

2-тапсырма.330-жаттығу

1-топ Ілгерінді ықпалды табу

2-топ Кейінгі ықпалды табу

3-топ Ілгерінді ықпалды табу

4-топ кейінгі ықпалды табу

«Білімді мыңды жығар»

Сурет бойынша ертегі құрастыру

1-топ


Айкерім,Аякөз,көйлек,үй

2-топ


Болатбек,ата,әже,мысық

3-топ


Жүнісбек,қасқыр,мылтық,қоян

4-топ


Бақытгүл,Айнамкөз,қуыршақ,сегіртпе

Сергіту сәті ретінде «Жеті жұрттың тілін біл» парағы ашылады.

Оқылған мақалдағы айтылмай қалған сөзді тауып айту, орысша баламасын тап.

а) Жігітті намыс өлтіреді, … қамыс өлтіреді (қоян-заяц)

ә) Баланың тілі … ( бал-мед)

б) Оқусыз … жоқ, … күнің жоқ (білім-знание)

г) Өнералды-қызыл … (тіл-язык)

ғ) Көпсөз-көмір,

Аз сөз- …(алтын-золото)

д) … –оттан да ыстық (Отан-Родина)

е) … өссе-жердің көркі (гүл-цветы)

… өссе-елдің көркі (қыз-девушка)

з) Айтылған ..-атылғаноқпентең (сөз-слова)

Бекіту сұрағын беру үшін «Біліміңді байқап көр» парағыашылады.



Тест тапсырмасы бойынша тексеріледі.

  1. Қай сөзде ілгерінді ықпал барын белгілеңіз.

А) Жауып

Ә) Сабағы

Б) Жазса

+В) Ашса


Г) Көнбеді

  1. Кейінді ықпалды сөзді белгілеңіз.

А Елге

Ә Төнбеді +

Б Есбай

В Ашса


Г Оқулық

  1. Қай сөзде кейінді ықпал барын белгілеңіз.

+А) Сөзсіз

Ә) Қашса

Б) Көрікпай

В) Сәтбай

Г) Ала көз


  1. 4. Ілгерінді ықпалды табыңыз

А) Бесігім

+Ә) Сәтпай

Б) Тарағым

В) Теуіп


Г) Тауып

  1. Кейінді ықпалды тап.

А) Тастан

Ә) Жазғы


+Б) Кітабым

В) Тасжарған

Г) Шайтанкөл


  1. Ілгерінді ықпал деген не?

А) Дауыстыдыбыстардыңбіріңғайжуан не жіңішкеболыпүндесуі.

+Ә) Алдыңғыдыбыстыңкейінгідыбысқаәсеретуі.

Б) Соңғыдыбыстыңалдынғыдыбысқаәсеретуі.

В) Қатартұрғанекідыбыстыңбір-бірінеәсеретуі.

Г) Дауыстыдыбыстардыңжуан, жіңішкеболыпараласыпкелуі.


  1. Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

А) Оқушы

Ә) Жолдасым

Б) Ойыншық

+В) Қашса

Г) Аңшы


  1. Кейінді ықпалды белгілеңіз.

А) Келекөр

+Ә) Жанпейіс

Б) Ішсе

В) Ала көз



Г) Ашса

  1. Кейінгі ықпалды табыңыз.

А) Тану

Ә) Арбакеш

+Б) Сөзшең

В) Қасен


Г) Өсу

Бағалау парақшасын топ басшыларыннан жинап алу

 Сабақты қорытындылау. (3 минут)

- Бүгінгі сабағымызды «Бес бармақ» әдісі арқылы қорытындылаймыз.



Үйге тапсырма:   ықпалдарды қатыстырып мәтін құрап, жазып келу.

Бағалау: бағалау парағы арқылы оқушылар өздерін-өздері бағалайды.
Каталог: uploads -> doc -> 0720
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0720 -> Практикум 4сынып (оқу-әдістемелік құрал) Құрастырған: Талапова Д. М
0720 -> Сабақ реті: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карменова Галина Нураждаровна
0720 -> Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернет маған не үшін керек? Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет