Сабақтыңмақсаты: Білімділік : Сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді табуға, түрлерін ажырата білуге үйрету



Дата26.06.2018
өлшемі16,5 Kb.
#44661
түріСабақ
Сабақтыңтақырыбы: Қайталама қос сөздер.
Сабақтыңмақсаты:
Білімділік :Сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді табуға, түрлерін ажырата білуге үйрету .
Дамытушылық: Ауызша,жазбаша тілдерін дамыту,логикалық ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Бір- біріне әрқашан көмекке дайын болуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану,математика.
Сабақтың көрнекілігі: сызба,кестелер,оқулық,
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық көңіл-күй, оқушылар бір-біріне жақсы тілек білдіру;
Поэзия минуты:
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым , дара тілім!
-Міне,балалар, қазір бізге кемеңгер, ғұлама ақын-жазушыларымыздың өлең-жырларына арқау болған тіл – туған тіліміз, қазақ тілі сабағы .
II . «Ой қозғау» Үй тапсырмасын тексеру:
** Жаттығуды тексеру;
** Ереже сұрау;
* Қос сөз дегеніміз не?
* Қос сөздер қалай жасалады?
* Сызбамен жұмыс;
Қызығушылықты ояту ***Баққаным әр іқұс , әрі түйе. ***Екі сөз бірігіп қалайша сайрайды? ***Екі қазанның бірі сатылып кеткенде, неше қазан қалады? ***Менің әжем ай сайын « біріккен сөз» алады. ***Менің әжем ай сайын маған дәмді «біріккен сөз» сатып алып береді.Ол не? ***Нені қазып қала болған? ***Суы да ала ,тауы да ала, Бар ма екен осыны білетін бала?
«Мағынаны тану» Жаңа сабақты түсіндіру: --Үнтаспадан ән тыңдау арқылы сабақ тақырыбы ашылады.(Әнші Жанар Дұғалова туралы айтылады.)
--Қайталама қос сөздердің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы айырмашылығын таныту ; мысалдарды салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың бір сөздің қайталануы арқылы жасалған қос сөздерге мысалдар келтіруі; Қайталама қос сөздердің мағынасы жеке тұрған кездегі мағынасымен салыстырылады;
--Өлеңді оқы
Қора-қора қой жатыр, Қарын-қарын май жатыр,
Түйе-түйе жүк жатыр, Ауыл-ауыл ел жатыр
Қос сөздерді ата. Олар қалай жасалған?
Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. Өлеңді оқып,көшіріп жазу; Сылдыр-сылдыр бұлақтар,
Сыбдыр-сыбдыр құрақтар,
Күрт-күрт орып құр аттар,
Сырт-сырт ойнар лақтар.
Қос сөздердің астын сызып,олардың екі сыңарын бір-бірімен салыстыру жұмысы орындалады. Логикалық тапсырма:
а)Ұршық сөзіндегі әріптерді ауыстырып, қайталама қос сөздер жаз: шыр-шыр; құр-құр;шық-шық
ә) Кезек сөзін бір рет жазып,екінші рет оқып,қандай қос сөз жасауға болады? қайталама қос сөз
2-жаттығу. (ауызша)
Сергіту сәті: Мағынасына қарай бір-біріне өзара үйлесімді қос сөздердің сыңарын табу:
3-жаттығу Тақтада орындалады; Алуан-алуан, түрлі-түрлі;
Кір-кір, лас-лас; Ала-ала, жолақ-жолақ;
Оқтын-оқтын, жиі-жиі; Тоз-тоз, өрім-өрім;
Ой толғаныс: «Сандар сыр шертеді»
1-қатар: 1неше айдан кейін Наурыз тойын тойлаймыз. Әлсін-әлсін көже ішеміз.
2-қатар: Бұл мерекеде бәріміз 6бақан тебеміз. Оған екі-екіден тұрып ән айтамыз. 3-қатар:Ұлттық ойын 9құмалақ ойнаймыз. Топ-топ болып жарысамыз . 4-жаттығу Мәнерлеп оқыту; 5-жаттығу Өз бетімен жұмыс: үй жануарлары жайлы өлеңдер айту; Сабақты қорыту.

Бағалау.


Үйге тапсырма: 110-бет, 6-жаттығу

Алғабас орта жалпы білім беретін мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың тақырыбы:

«Қайталама қос сөздер»

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 4 «а»



Өткізген: Кубашева Шамшия Муканбеткалиевна

2016 жыл
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет