Сабақтын мақсаты: 1 Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу



Дата15.09.2017
өлшемі54,45 Kb.
#32461
түріСабақ
Жеті атаңды білесіңбе?

Сабақтын мақсаты:

1 Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу.

2 Оқушыларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

-Халқымыздың мақал-мәтелдерің қазақша тілек айта білуге баулу, арқылы тілін дамытып еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу,түсіндіру, тақпақ, мақал-мәтелдермен жұмыс ойын.

Көрнекті құралдар:

1.Нақыл сөздер Қазақтар –әдет-ғұрып,сат-сана, тіл жағынан бір тұтас ұлт В.В.Радлов.

2 «Ата мұраң-асыл қазынан», « салт-дәстүрін ел бұзбас, уәде –сертін ер бұзбас»

3.Сөзжұмбақ

Сабақтың барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Құрметті, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың өз халқымыздын сәлемдесу рәсімімен бастайық деп тұрмын.

Сәлем берудің қандай түрлерін білесіңдер?

Оқушылардын жауабы:

Ассалаумахалейкум

Уахалейкумассалам

Сәлеметсіз бе

Амансыз ба

Қалыңыз қалай

Дұрыс айтасындар. Ал қанеки қазақтың салтымен бір-бірімізбен төс қаңыстырып амандасайық.

Тыныштық сәтті.

Балалар тынышталайық

Құрметті қонақтар,оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлерінен үлгі алу арқылы жеті атасын білуге үйрету.

Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері – салт-дәстүр, әдет-ғқрып үлгілері мен өнегелері сонын айғағы. Қазіргі,сіздерге осы айтылғандардың шағын болсада, куәсі боласыздар.

1.Бақытжан;

Туған соң адам боп

Білімсізден жаман жоқ

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабан ардақты

Жмандыққа бармапты

Ардай тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.



  1. Кәусар

Бауырласқан тәніміз ,

Бұзылмаған антымыз.



  1. Аружан

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.



  1. Арнұр

Өзге ұттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Жақсы балалар, мінеки сендер мерекеміздің шымылдығын өлең жолдарымен аштындар. Біздің бүгінгі тәрбие жұмысымыздың тақырыбы Жеті атанды білесің бе? деп аталады .

Жеті ата. Әр адам өзінің жеті атасын білуі керек көргенділік пен білімділігін танытады. Білмесе жеті атасын білмеген жетісіз деп айтқан.

Ойнап –күліп жүру керек,

Ойнап – күліп тұру керек.

Жеті жасқа жетпей бала,

Жеті атасын білу керек

Қанеки,кім маған жеті атаны айтып береді?

-ата,әке,бала,немере,шөбере,немене,шөпшек

Дұрыс айтасындар.

Міне жеті ата деген үлкен-үлкен бір шаңырақ. Енді ең алдымен балалар шаңырақ құрып алмаймызба. Ол үшін атанның үйіне үлкен шаңырақ басын құрып алайық. Балалар естеріне түсірңдерші біз наурыз айында үлкен мереке өткіздік. Сол мерекеде біз далаға не құрдық?

-Әрине, киіз үй

Ата бабамыз бізге дейін киіз үйде өмір сүрген. Киіз үй қазақтың ең бірінші панасы шаңырағы болған. Сондықтан бізде бүгін киіз үй құрайық. Шаңырықтың ең үлкені ,ең тамыры-АТА

Ата өз отбасының ақылшысы ғана емес, ол отбасы бірлігін,тұрмысын болашағын байқап отыратын дана.

Атадан кім тарайды?

ӘКЕ

Ата әкенің әкесі. Әке –ұрпақ иесі,үй басшысы,асыраушысы. Жанұя мүшесі әкені тындайды. Міне шаңырығымыз құрулы. Енді осыдан жалғасып жатқан ұрпақтарды таратайық.



Шаңырақ не нәрсе?

УЫҚ


Дұрыс айтасындар. Ендеше уықты құрайық .

Балалар бұл жерде тек қана әке туралы емес,шеше туралы да айта кеткен жөн. Шеше сені өмірге әкелген,түн ұйқысын төрт бөлген, ақ сүт берген. Ана ол отбасының берекесі,ырысы, ақылшысы.

Кім әке-шеше туралы мақал – мәтелдер біледі?


  1. Әке көрген – оқ жонар

Шеше көрген -тон пішер

  1. Әкеге қарап ұл өсер

Шешеге қарап қыз өсер

  1. Әке - асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ

Бала – жағасындағы құрақ

Балалар тақтада жазылған нақыл сөздер бар – соған көңіл аударайық .

Әкеден кейін кімді қоямыз?

Бала ,дұрыс –бала .Бұл атаға немере болады.

Балалар,мен сендерге ән тындатам. Қазақтын салт-дәстүрлері –ай

Баладан кейінгі ұрпақ қалай аталады?

Немере.

Міне өздерін жаңа естіген әннен қазақтын қаншама салт-дәстүрлерін атап беріндер.

Оқушылардың жауабы: шілдехана,бесік той, тұсау кесер, сүндет той, сырға салу, бет ашар т.б.

Енді біз дүниеге келген немеремізді бесікке салайық . ол тапсырманы бізге анау алыстан келген Гүлназ салады.


  • Келіңіз Гүлназ апа.

  • Балалар,мына тұрған нәрсе қалай аталады?

  • Бесік

  • Дұрыс

Бесікке салу рәсімін көрсету.

Сергіту сәтті.

Міне, балалар,біз киіз үйіміздін жартысын құрап болдық. Шаршаған сияқтысындар. Тезірек киіз үйіміз құрылсын. Ортаға шығымыз

Шаңырық құру

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп .

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

Шөбере


Немене –коррекциялық ойын .

Шөпшек. Қазақтын ұлттық ойындарын атап беріндер.

Ендеше ортаға шығамыз қазақтын ұлттық ойыны Теңге алу ойнайық

Ойын барысын түсіндіру.

“Қара жорға” әнімен билеп жүріп жерде жатқан теңгені алу.Теңгені жерден алған адам

Жеңімпаз атанады.Міне балалар үлкен бір шаңырақты құрып сол шаңырақтын ішінде болатын дәстүрлерді өзіміз шамамыз келгенше алдық.Енді үлкен атамыздан барып бата алайық.

Я,Құдайым оңдасын,

Еш жамандық олмасын.

Малды қылсын,жанды қылсын,

Абыройлы бақытпен

Өз қатарыңның алды қылсын!

Атаңа-ар бол,

Анаңа-нәр болсын,

Жақсыға жал бол,

Жаманға зәр бол,

Халқыңның қуанышы бол,

Қуаныштың тұрағы бол!

АЛЛАҺУ АКБАР!

Қорытынды.

Ал енді балалар айтыңдаршы бүгінгі сабағымызда не білдіңдер,нені үйрендіңдер?

Балалар жауабы:

Соңында сендерге айтатыным

Бір үйдің баласы болма

Көп үйдің сапасы бол.

Бір елдің баласы бол,

Бір елдің данасы бол!Төле би бабамыз жырлағандай ата-бабамыздың Осылай ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған асыл мұра салт-дәстүр үлкен бір тәрбие мектебі,ендеше кішкентайымыздан ойымызға елін,жерін сүйіп,ата-салтын қастерлеуге ұмтыла білейік.



Сабағымыз аяқталды.

Назарларыңызға рахмет!
Каталог: uploads -> doc -> 0539
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0539 -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Масса және заттың тығыздығы. Сабақтың мақсаты : Білімділік
0539 -> Номинациясы: «Интерактивтік жабдықты қолданатын үздік бастауыш сынып мұғалімі»
0539 -> Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көгөністер Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет