Сабыржан Нұрсұлтан



Дата19.02.2020
өлшемі14,06 Kb.
Алғашқы ұстаз - әр адамның жүрек түкпірінде мәңгі-бақи сақталатын, санасына білім нәрін егуші, естен кетпес жан. Ал, бүтін бір ұлттың ілім-білімге деген талпынысына жол ашқан, көкірек көзін ашып, болашақ тек білімдінің қолында екен көрсеткен жан ше?! Ол еш уақытта да ұмытылмайды.

Ыбырай мұражайына барамыз деген сәттен-ақ жүрек түкпірінде ерекше бір сезім пайда болды. Табалдырықтан жүрексіне аттап, әсем ғимарат ішіне қызығушылықпен көз тастадық. Қазақ даласын «білім» нәрімен сусындатқан тұлғаның өмір жолы, көрген қызығы мен қиыншылықтары көз алдымыздан бейне бір кино кадрларындай жылжып өтіп жатты. Өз қолымен жазылған дүниелері, хаттары, күнделікті тұрмыста қолданған мүліктері бәрі-бәрі де ерекше әсер береді. Мұражай ішіне енген сәттен бастап өзге тылсым әлемге енгендей күйде боласың. Әр сурет өзінше сыр шертіп тұрғандай. Әсіресе алғашқы мектептің салыну тарихы жайлы суретті көргенде еріксіз бас шайқайсың. Осыншама қиындық көрсе де алған бетінен қайтпай, «балаларды оқытуға аш қасқырша» ұмтылған Ыбырай атамыздың алдында бас иесің. Қайтсемде қазақты білімді етем, қатар жұрттардан кем қылмаймын, ғылымға деген құлшынысын оятам деп жанталасқан, «қараңғы қазақ көгіне күн болуға» тырысқан зиялы жанның бейнесіне сүйсіне қарайсың. Таң-тамаша боласың. Бар ғаламатты мұражайдың екінші қабатына көтерілгенде көрдік. Онда Ыбырай атамыз бен оның сырлас досы Н. Ильминскийдің портреті орналасқан екен. Кезінде өзінің қайтсемде білімді жұртқа айналдырам деген арманының орындалып, жұртының қатарға қосылғанына риза болған кейіпте күлімсіреп отыр. Өзіне тағзым ете, еске алып келген жас өркендерге «айналайын жұртым, нағыз жолды тапқаныңа шүкір, енді осыныңнан айныма» деп батасын беріп тұрғандай...

Керемет әсерге бөленгеніміз сонша, мұражайды қалайша аралап шыққанымызды да білмей қалдық. Кететін уақытта таяп қалды. Атамыздан үлкен өсиет алғандай ерекше бір күйге бөленіп, осынау ғимаратпен қимай-қимай қоштастық.

Сабыржан Нұрсұлтан



Филология Департаменті. 2 курс. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет