Садық деректі фильмнен үлкен киноға дейін астана 2004 ж. Садық М



бет9/13
Дата25.12.2016
өлшемі3,11 Mb.
#5252
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

І. Жалпы ережелер

Еуропа мемлекеттерінің авторлық құқық саласындағы заңнамаларының бір-бірінен айырмашылықтары бар. Бірақ кез-келген жағдайда сценарий Авторы мен Продюсер арасында авторлық шарт жасасу өзара құқықтар мен міндеттерді анықтау үшін қажет.

Осы ұсыныстар Продюсер мен Автордың келесі санаттарына, яғни, сценарий авторлары, сценарийдің тең авторлары, диалогтардың авторы мен бейімделу авторлары арасында шарт жасасуға қатысты.

Кейбір елдерде (мысалы, Германияда немесе Швейцарияда) дыбыс-бейнежазу туындысына қатысты алғанда сценарий бұрын жасалған туындының мәртебесіне ие болады. Басқа елдерде, нақтылап айтқанда, Франция мен Италияда сценарий авторы мен диалог авторы дыбыс-бейнежазу туындыларының тең авторлары болып есептелінеді. Бұл мәселеге қатысты заңнамалардың айырмашылықтары, әсіресе қолданыстағы заңнамаларда дыбыс-бейнежазу туындыларын пайдалану құқықтарын Продюсерге заңды түрде беру немесе мұндай жол беру туралы ережелері бар елдер үшін өте маңызды. Бұл жол беру әдістері бұрын қолданылған туындыларға таралмайды. Қолданылған жағдайда шектеулер қойылады.

Авторлық шарт автор мен дыбыс-бейнежазу туындысын дайындаушы-компания (көбіне заңды тұлға болып табылатын өкілетті продюсер) арасында жасалады.

Аталған шарт Автордың тек сценарийдің Авторы немесе тең авторы, әйтпесе диалогтардың немесе бейімделу авторы ретіндегі құқықтарына ғана қатысты болады. Егер Автор бір мезгілде дыбыс-бейнежазу туындысының режиссері болып табылса, онда бұл жөнінде онымен бөлек шарт жасалады.


ІІ. Сценарийді әзірлеу, фильмді жасау
Бұл бөлімде әдетте туындыны жасаудың шарттары мен оның міндеті анықталады.

а) Жасалатын дыбыс-бейнежазу туындысының сипаттамалары.

Негізгі пайдалану аясы: кино, телевидение, бейнефильмдер және басқалар.

Дыбыс-бейнежазу туындысының түрі: қысқа метражды фильм, бір немесе көп сериялы фильм, сериал, телевизиялық фильм.

Тақырып.

Дыбыс-бейнежазу туындысының (алдын-ала немесе түпкілікті) атауы.

Түпнұсқа версиясы _______________ тілінде және/немесе ____________ тілінде.

Тасымалдаушы, формат

түрлі-түсті / ақ-қара түсті.

дыбыс-бейнежазу туындысының болжамды ұзақтығы.

Жобалаушы бюджет.

ә) Автордың үлесі.

Синопсис

Әдеби сценарий

Адаптация

Диалогтар

Сценарий (1-ші, 2-ші, 3-ші версия, түпкілікті версия)

б) Сценарийге басқа да үлестер

Бұрын жасалған туынды (әдеби немесе драмалық)

Бұрын жасалған басқа да туындылар (синопсис, әдеби сценарий, сценарий версиялары)

Адаптация

Диалогтар

в) Дыбыс-бейнежазу туындысына басқа да үлестер туралы ақпарат

Композитор (сазгер)

Режиссер

Негізгі рольдерді орындаушылар


ІІІ. Сценарий авторының құқықтары мен міндеттері
Автор сценарийді немесе сценарийдің белгілі бір бөлігін (әдеби сценарий, сценарийдің 1, 2 және т.б. версиялары) жазып беруге міндеттенеді. Жасалатын туындының сипаттамалары ІІ бөлімнің ережелеріне сәйкес анықталады. Шарт орындалмаған жағдайларда Продюсердің орындалмаған жұмысты қабылдаудан бас тарту мерзімі белгіленуі тиіс.

Шартта:


Продюсердің сценарийге өзгерістер енгізуді және қанша көлемді енгізуді талап ету мүмкіндігі (өзгерістер енгізгендігі үшін Автордың қосымша сыйақы алудан үміт ету мүмкіндігі);

- кандидатурасын екі тарап бірлесе отырып таңдайтын тең авторды Продюсердің шақыру мүмкіндігі нақты анықталуы тиіс.

Тең автор пайда болған жағдайда Автордың V бөлімде белгіленген қаржылық жағдайы өзгеріссіз қалады.

Автор Продюсерге дыбыс-бейнежазу туындысына қосқан үлестеріне барлық құқықтардың иесі екендігіне кепілдік береді.


ІV. Құқықтардың көлемі
Бұл бөлімде Автордың Продюсерге беретін дыбыс-бейнежазу туындыларына құқықтары анықталады.

Құқықтардың екі түрін: Автордың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын ажыратқан жөн.

Мүліктік емес құықтарға авторлық ету құқығы жатады. Авторлық құқық иеліктен шығарылмайды.

Ал, мүліктік құқықтарды алсақ, шартта берілетін құқықтар мен дыбыс-бейнежазу туындысын пайдаланудың рұқсат етілген түрлері дәл және егжей-тегжейлі сипатталуы қажет. Туындыны пайдаланудың әрбір түрі үшін берілетін құқықтардың көлемін аталған мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес дәл анықтау керек.

Продюсерге:


  • дыбыс-бейнежазу туындысын жасау барысындағы қажетті қайта өңдеулерді ескере отырып, соның негізінде дыбыс-бейнежазу туындысын жасау үшін сценарийді пайдалану құқығы;

  • сценарий негізінде түсірілген дыбыс-бейнежазу туындысын шартта белгіленген барлық форматтарда, рұқсат етілген барлық техника құрылғыларында қолдану түрлерінде және сол сияқты жағдайларда пайдалану құқығы беріледі.

Авторға:

  • сценарийге оны дыбыс-бейнежазу тұрғысынан пайдаланумен байланысты емес, барлық құқықтарды (мысалы, фильм бойынша кітап шығару, сценарийді басып шығару, аудиотаспаларды шығару және т.б.);

  • “римейк”-ке құқықтарды;

  • сценарийдің негізінде жасаған дыбыс-бейнежазу туындысын қосалқы пайдаланудың (кабельді телевидение, жеке көшірмелеу, даналарды жалға беру, пайдалануға ұсыну және т.б.) барлық түрлеріне құқықтар мен сыйақыны өзіне қалдырады.

Дыбыс-бейнежазу туындыларының даналарын жалға беру немесе оларды пайдалануға ұсынуға қатысты Еуропалық қауымдастықтың нұсқауына сәйкес, Автор өзінің бұл құқықтарын Продюсерге бере алмайды. Осы нұсқаудың 29-тармағына сәйкес бұл талаптардың кабельді телевидениеге де тең дәрежеде қатысы бар.

Шарттың мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқару жөніндегі қоғамдардың пайдасын көздейтін ескертпесі болуы тиіс; бұл ескертпеде, басқасын былай қойғанда, туындыны бастапқы пайдалану құқықтары (мысалы туындыны эфирге беру арқылы тарату құқығы) ұжымдық басқару тиесілі ме, жоқ па деген мәселе анықталуы және ең бастысы, еріксіз немесе ұжымдық лицензиялар кезінде (V бөлімді де қараңыз) автордың үлесін қамтамасыз ету қажет. Ескертпені шартқа енгізу дыбыс-бейнежазу туындысын тиісті пайланушыларға (мысалы, телехабарларын тарату ұйымдарын) Авторға сыйақы төлеуге міндетті екендіктері жөнінде хабардар етіп отыру үшін Продюсерді міндеттеу мақсатында қажет.

Шарт бойынша Автордың Продюсерге тікелей берілмеген барлық құқықтары Авторға тиесілі болады. Көптеген елдерде туындыны пайдалану құқықтарын шарт жасалған кезге дейін белгісіз болған, бірақ болашақта ойлап табылуы мүмкін әдістермен беруге тыйым салынады.

Заңнамаларын мұндай тыйым салушылық жоқ мемлекеттердің өздерінде мұндай жол беру күмән туғызуы мүмкін.


V. Сыйақы
Шартта Авторға тиесілі қаламақы түрлері: бір жағынан, жалпы тиесілі қаламақы сомасының есебіне кіретін аванс, кепілді ең төмен соманың сыйақы мен қайтарылуға жатпайтын басқа да сомалары; екінші жағынан, дыбыс-бейнежазу туындысын пайдаланғандығы үшін сыйақының арасындағы айырмашылықтар көрсетілуі тиіс.

Сыйақы:


  • туындыны эфирге беру жолымен пайдаланғандығы үшін теледистрибьютерлер тікелей Автордың өзіне немесе құрамына Автор кіретін, құқықтарды ұжымдық негізінде басқару жөніндегі қоғам арқылы төленетін сыйақыдан (немес эфирге екінші қайтара және барлық келесі берілімдері үшін қосымша сыйақыдан);

  • құқықтарды ұжымдық пайдалану жөніндегі ережелерді сақтай отырып, Продюсердің дыбыс-бейнежазу туындысын пайдаланудың барлық өзге түрлерінен тапқан табысының есебінен берілетін үйлесімді сыйақыдан құралады. Егер мүмкін болса, осы үйлесімді сыйақы туындыны пайдаланудың барлық жағдайдағы барлық жиынтық түрлерінен тікелей немесе жанама тапқан табысының бүкіл сомасынан төленуі тиіс.

  • Үйлесімді сыйақының мөлшері үлкен болуы тиіс.

  • Туындыны пайдаланудың әр алуан түрлері үшін пайыздық төлемдер әр түрі үшін жеке келісіледі. Бұл ретте пайдаланудың кейбір түрлеріне қойылатын пайыздық төлемдер қалғандарына қарағанда үлкен болуы ықтимал.

  • Фильмді барлық аумақтарда пайдаланудан түскен табыстардан Автор үйлесімді сыйақы алып отыруы үшін дыбыс-бейнежазу туындыларын бірлесіп жасаудың немесе пайдаланудың барлық ерекшеліктерін ескеруі қажет.

  • Продюсер үшінші тұлғалармен дыбыс-бейнежазу туындыларына қатысты келіссөздер жүргізгенде және шарттар жасасқанда, Автордың мүдделерін сақтауы, туынды мен болжамды рыноктың сипаттамаларын ескере отырып, қолайлы шарттарды көздеуі тиіс.

  • Сценарийді қосалқы пайдаланғаны үшін сыйақы алу құқығын Автор ғана иемденеді және ол қандай да болсын жағдайда бұл сыйақыны Продюсерге тіпті ішінара да бермеуге құқылы.

Осы шартта көрсетілген барлық ақшалай сомалар салық мөлшеріне сәйкес және аталған мемлекеттің аумағында қолданылатын заңнамада көзделген тәртіппен Қосымша құн салығы (ҚҚС, НДС) сомасына көбейтілуі тиіс.

Шартта төлемдердің мерзімдері белгіленеді.


VI. Мерзімі
Авторлық құқықтың әр мемлекеттің ішкі ұлттық заңнамасында белгіленген әрекет ету мерзімінен басқа, шартта Продюсердің дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалану құқығы болатын мерзімі белгіленгені жөн. Қазіргі уақытта бұл мерзім әр елде әртүрлі анықталған.

Дыбыс-бейнежазу туындысын түсірудің ең ақырғы мерзімін ойластырудың мәні бар. Бұл мерзім бұзылған жағдайда Автор толық іс-әрекет еркіндігін алып, оған барлық авторлық құқықтар қайтарылады. Бұдан басқа, Автор сыйақының өзіне төленіп үлгерген бөлігін сақтап қалуға емес, сонымен қатар айып шаралары есебінде шартта көзделген сыйақының қалған сомаларын алуға да құқылы.


VII. Продюсердің құқықтары мен міндеттері
Егер дыбыс-бейнежазу туындысы бұрын жасалған туындылардың негізінде немесе оларды пайдалану арқылы дүниеге келсе, онда Продюсер бұл туындыларға құқық иелерімен жаңа туындыны жасау мен пайдалану үшін қажетті құқықтарды беру жөніндегі шарт жасасқаны жөн.

Продюсер өзіне дыбыс-бейнежазу туындысын ойдағыдай таратып-танытуға (мысалы, оны әртүрлі фестивальдардың конкурстық бағдарламаларына қатыстыру) қажетті барлық шарттарды, фильмді кәсіби дәстүрлерге сай келетіндей етіп нақты және адал пайдалануды қамтамасыз ететін міндеттеме қабылдайды.

Дыбыс-бейнежазу туындысы туралы кез-келген жарнамалық немесе басқа да ақпаратта Автордың аты-жөні шартта белгіленген ережелерге сәйкес көрсетілуі тиіс. Қандай аты-жөнімен (бүркеншек атпен) көрінгісі келетінін тек Автордың өзі шешеді. Автор өзінің аты-жөнін алдырып тастауға және оны пайдалануға тыйым салуға құқылы.

Продюсер белгілі бір мерзім өткен сайын, жылына бір реттен кем емес, Авторға дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалану жөнінде барлық растайтын қаржы құжаттарын қоса тіркей отырып, есеп беруге тиіс. Продюсер, Автордың туындыны пайдалануға қатысты кез-келген сауалына жауап беруге міндетті. Автор Продюсердің аталған туынды жөнінде үшінші тұлғалармен жасасқан барлық шарттармен танысуға, туындыға қатысты барлық бухгалтерлік құжаттарды қарап шығуға құқылы. Автор сенімді тұлғаны тағайындап, оған жоғарыда көрсетілген құқық әрекеттерін жүзеге асыру барысында Продюсердің алдында өзінің өкілі болуды тапсыра алады.

Продюсер дыбыс-бейнежазу туындысына құқықтарды үшінші тұлғаларға берген жағдайда, Автормен жасасқан шартқа сәйкес барлық міндеттемелер оның мойынында қалады және Продюсер Автордың алдында өзіне алған барлық міндеттемелер бойынша жауапкершілік алады.

Продюсердің дәрменсіз болуы (банкротқа ұшырауы) жағдайында, Автор аталған мемлекеттің қолданыстағы Заңнамасында тыйым салынбаған реттерде, шартты бұзуға құқылы.


VIII. Ұжымдық негізде басқару
Продюсер шарт жасалған кезге тиесілі болған немесе берілген барлық құқықтарды, Автор мүшесі болып табылатын, мүліктік авторлық құқықтарды ұжымдық негізде басқару жөніндегі қоғамдарға немесе Автор көрсеткен ұйымдарға берілуі мүмкін не берілетін құқықтарды да мойындауға міндетті.

“Қосалқы” деп аталатын барлық (жеке көшірмелеуге, бір мезгілде кабель арқылы тартуға берілетін сыйақы, туындының даналарын жалға беру) құқықтар ұжымдық негізде басқару жөніндегі қоғамдардың айрықша заңды мәртебесіне қатысты болады және Автордың тарапынан Продюсерге берілмейді.

Шарт құқықтарды ұжымдық негізде басқаруға міндетті түрде орындалатын жағдайда жасалады.

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқарудың мүмкіндігін қамтыған шарт авторлық-құқықтық қоғамдардың дыбыс-бейнежазу туындыларының соңғы пайдаланушыларымен байланыс жасауына мүмкіндік береді.


ІХ. Айып салу жағдайлары
Шартта тараптар өздеріне алған міндеттемелерін орындамаса, айыптарды қолдану, алдын-ала көзделуі тиіс. Продюсер өзінің шартта көрсетілген міндеттемелерін бұзған жағдайда, Автор шартты бұзуға құқылы. Нәтижесінде авторға іс-әрекет еркіндігі мен өзі жасған туындыға барлық құқықтар қайтарылады.

Продюсердің тарапынан ескертулер болған жағдайда, ол міндеттемелерді ақылға сыйымды мерзімде орындау жөніндегі талабын Авторға жазбаша түрде беруі тиіс.


Х. Қорытынды ережелер


  • Қолданылатын заңнама;

  • Сотта қарауға жататын іс;

  • Келіспеушіліктер немесе соттың іс қарауы туындаған жағдайдағы рәсімдер айқындалады.

Келесі келтірілген шартты ерекше деуге болады. Өйткені оны құрастыру барысында тараптар дыбыс-бейнежазу туындысын жасауға арналған шарттың Қазақстан Республикасының АҚ және СҚ туралы заңы 13-бабының 2-тармағында көрсетілген үлгісін жоққа шығарған және аталған шарт бойынша продюсер өзінің бастамасын әрі өзінің жауапкершілігімен жасалған дыбыс-бейнежазу туындысын пайдаланудың айрықша құқықтарын иелене алмаған жағдайлар қамтылады. Бұл - іс жүзінде өндірісте, фильмді таратуда тәжірибесі жоқ кездейсоқ адамның Продюсер болуымен байланысты сирек кездесетін жағдай. Ал енді авторды алсақ, ол бір мезгілде әрі сценарийші, әрі режиссер болып, құқықтардың толық болуының арқасында, жалға берудің сәтті жолын қамтамасыз еткен.



ШАРТ

(ынтымақтастық туралы)
Астана “____” ___________ ж.

Жарғы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі қарай “Продюсер” деп аталатын ______________________________ атынан Президент және бұдан әрі қарай “Автор” деп аталатын азамат ______________________________ төмендегі шартты жасасты:




  1. Шарт нысаны

Осы шарттың нысаны болып “________________ ” деген шартты атауы бар көркем фильмді (сценарий авторы мен режиссер - Автор) жасау мен пайдалану жөніндегі бірлескен қызмет болып табылады.


2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Продюсер фильмнің жалпы сметасына сәйкес, фильмді жасау мен оның қажетті көшірме данасын дайындау ісін қаржыландыруға міндеттенеді. Фильмнің жалпы сметасын Автор жасайды және оны тараптар бірлесе отырып бекітеді. Қаржыландыру Автор ұсынған күнтізбелік-қойылымдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Продюсерге смета _______ жылғы “______” _____________ күнтізбелік-қойылымдық жоспар _______ жылғы “_____” _________________ кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

Бұдан басқа, Продюсер Авторды мемлекеттік сақтандыру ережелеріне сәйкес сақтандыру, тараптардың бірлескен қызмет жөніндегі осы шартты жүзеге асырумен байланысты телефон сөйлесулерін, факстің және тағы басқа хат-хабар алмасу қаражатын төлеуге, фильмді түсіруге немесе пайдалануға орай (соның ішінде фестивальдарға да) Автор тұрғылықты мекен-жайынан cапарға шыққан жағдайда оған көлік пен қонақ үй шығындарын және тәулікақыны тараптардың қосымша келісіміне белгіленгендей түрде төлеуге міндеттенеді.

2.2. Фильмді жасап шығару, жалға беру және басқа да пайдалану жөнінде осы шарттың 1-тармағында көрсетілген міндеттемелерді тараптар өздеріне бірлескен түрде жүктейді.

Автор бірлескен қызметтің шығармашылық жағын: түсіру тобын, актерлерді іріктеуді, фильмді фестивальдар мен кино нарықтарына ұсынуды өз мойнына алады.

Продюсер Автордың ұсынуы бойынша түсіру тобының мүшелерімен авторлық және еңбек шарттарын жасауға, бірлескен қызметтің барлық техникалық жағын: павильондар мен жабдықтарды жалға алу, пленка сатып алу, көшірмелерді дайындау және тағы сол сияқтыларды ұйымдастыруға міндеттенеді.

Тараптар, түсірулерді бастауды ________ жылғы “____” _______________ кешіктірмеуге міндеттенеді.

Тараптар, түсірулер басталған сәттен бастап, бір жыл ішінде шығармашылық-өндірістік процесті жүзеге асыруға міндеттенеді.

2.3. Продюсер осы шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметті тіркеуді және ол бойынша есеп беруді бөлек теңгерімде көрсете отырып жүргізеді.

2.4. Фильмді пайдалану жөніндегі осы шарттың 1-тармағында көрсетілген барлық құқықтар Авторға тиесілі болады.

Нақ осы тармақ аталған шартқа ерекше сипат береді. Аталған шарт бойынша дыбыс-бейнежазу туындысына құқықтар заңға сәйкес кімде пайда болса, сол тұлғада қалады. Бұл ретте осындай жағдай орын алуы әбден мүмкін, өйткені автор аталған фильмнің әрі сценарийшісі, әрі режиссері болып табылады. Сонан соң егер де фильмге арналған музыка бұрын шығарылмаған “түпнұсқа” болса, онда сазгермен қатынастарды сауатты реттеу ісі ғана қалады.

Аталған фильмге авторлық құқықтарға байланысты барлық даулар мен үшінші тұлғалардың талаптарын Автор өз бетінше, Продюсерді қатыстырмай шешеді.

Продюсер түсірілген материал мен біткен фильмді талқылауға қатысуға құқылы. Бірлескен қызметтің шығармашылық жағына қатысты келіспеушілік туындаған жағдайда Автордың пікірі шешуші болып табылады.
3. Ақы төлеу
3.1. Продюсер фильм жасағандығы үшін Авторға жалпы сметада көзделген сыйақыны төлейді. Сыйақы осы шарттың 2.4.-тармағының 2‑ші абзацында көрсетілген келісімге сәйкес Автордың есеп шотына аударылады.

3.2. Фильмді автордың жаратуы арқылы пайдаланудан түскен табыс Продюсердің есеп шотына аударылады және салық төленіп, басқа да төлемдер жасалғаннан кейін тараптар арасында мынадай мөлшерде бөлінеді:

Продюсерге __________ %

Авторға ______________% .


4. Шарттың мерзімі
4.1. Шарт оған екі тарап қол қойған кезден бастап күшіне енеді.

4.2. Шарт фильмге авторлық құқықтың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде қолданыста болады.


5. Тараптардың жауапкершілгі, дауларды шешудің тәртібі
5.1. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе ойдағыдай орындамаған жағдайда айыпты тарап қолданыстағы Заңнамада көзделген тәртіппен жауапкершілік алады.

Осы шарттың 2.2.-тармағының 4 және 5 абзацында көрсетілген мерзімдерді бұзған жағдайда айыпты тарап осындай бұзушылықтың салдарынан екінші тарапқа келтірілген шығындарының бәрін өтейді.

(Бірақ, міндеттемелердің бұзылуына кінәлі екендігіне қарамастан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, фильмге авторлық құқықтарды, оның ішінде фильмді пайдалану құқығын автордан зорлықпен алып қоюға болмайтындығы жөнінде Продюсерге ескертілген).

5.2. Тараптар осы шарт бойынша туындайтын дауларды келіссөздер арқылы шешуге күш салуға міндеттенеді. Осы шарттан туындайтын және тараптар келісімімен реттелмеген барлық даулар қолданыстағы заңда көзделген тәртіппен қаралады.


6. Шартты өзгерту және тоқтату
6.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу екі тараптың ортақ келісімі негізінде жүзеге асады және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жазбаша түрдегі қосымшалар арқылы ресімделеді.

(Ескерту. Тараптар АҚ және СҚ туралы заңның 15-бабының 1.2-тармақтарына сәйкес, фильм авторлары (сценарий авторы, режиссер және фильм үшін арнайы шығарылған түпнұсқа әуенінің авторы), шығармашылық топтың мүшелері (қоюшы-оператор және басқалар) кез-келген уақытта фильмді жасауға қатысудан, бас тартуға құқылы. Нәтижесінде шарттың бірқатар талаптары өзгеріп кетуі ықтимал. Бұған ұқсас барлық өзгерістер тараптар жағынан келісілуі және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жазбаша түрдегі қосымшалар арқылы ресімделуі тиіс).

6.2. Шарт екі тараптың келісімі негізінде бұзылуы мүмкін. Мұндай реттерде өзара есеп айырысу мәселесі тараптардың жазбаша түрдегі қосымша келісімімен шешіледі. Продюсер бірлескен қызметке әрі қарай қатысудан бас тартқан жағдайда ол Авторға 3.1.-тармақта көрсетілген сыйақыны төлеуге міндетті.


7. Басқа шарттар
7.1. Фильмнің титрінде оның Продюсердің қатысуымен түсірілгендігі көрсетілді. Автор авторлық құқық жөніндегі халықаралық конвенцияның талаптарына әрі АҚ және СҚ туралы заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес, сценарий авторы және режиссер, сондай-ақ авторлық құқық иесі ретінде фильмнің әр данасында көрсетіледі.

7.2. Осы шарт 2 дана етіп жасалады, оның бірі Продюсерде, бірі Авторда болады.



Тараптардың мекен-жайлары, банк деректемелері, қолдары қойылып, мөрлері басылады, шарттың жасалған орны мен уақыты көрсетіледі.


Режиссермен жасалатын шарттар
Режиссермен жасалатын шарт дыбыс-бейнежазу саласындағы ең күрделі және көп түрлі келісімдердің бірі болып табылады. Бұл мынадай бірқатар себептермен түсіндіріледі: біріншіден, ең соңғы уақытқа дейін студиялар режиссерлермен авторлық шарт жасасу тәжірибесін қолданған жоқ. Өйткені оларды еңбек қатынастары байланыстыратын. Екіншіден, көптеген кинематографиялық кәсіптерден айырмасы бар режиссердің еңбегі авторлық-құқықты реттеуді талап етіп қана қоймайды. Сонымен қатар еңбек заңнамасының бірқатар нормаларының әрекет ету ықпалына түседі. Шынында да, егер сценарийші, сазгер немесе суретшінің шығармашылық қызметін қай уақыт мезгілінде жүзеге асыратындығы аса маңызды емес, тек қана сценарийді, музыкалық туындыны немесе нобайларды Продюсерге шартта белгіленген мерзімде ұсынғаны жетіп жатыр. Фильмнің түсірілуіне басшылық жасайтын режиссер нақты айқындалған уақыт ішінде әрекет етеді. Бұл үшін шартқа еңбек қатынастары сипатындағы нормалар енгізіледі. Мұнан басқа, режиссердің міндетіне негізгі құжаттар – жалпы сметаны және күнтізбелік-қойылымдық жоспарды жасауға қатысу кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет