Сахаба әйел Әсмә Умайсқызы (Аллаһ оған разы болсын) туралы қисса



Дата02.07.2018
өлшемі2,48 Mb.
#45501




Сахаба әйел Әсмә Умайсқызы (Аллаһ оған разы болсын) туралы қисса

قصة الصحابية أسماء بنت عميس رضي الله عنها


>Қазақ тілі – Kazakh –< كازاخي



إسماعيل بن عمر بن كثير

Исмаил ибн Омар ибн Касир



فريق اللغة الكازاخية بموقع دار الإسلام
Islamhouse.com сайтының қазақ тілі бөлімшесі

ӘСМӘ УМАЙСҚЫЗЫ

(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН)

«Сендер от басы, ошақ қастарыңда туыстарыңа қарайласып, бір-біріңе жәрдемдесіп, Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) жанында болдыңдар. Ал біз болсақ Аллаһ үшін жат жұртта жүрдік».

Әсмә белгілі сахабалардың бірі Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) көкесінің ұлы Жағфар ибн Әбу Талибпен (Аллаһ оған разы болсын) бас қосып, тұрмыс құрған. Әуелгілердің қатарында иман келтіріп, күйеуі екеуі Хабаша жеріне қоныс аударушылардың алғашқы легінің арасында болған. Олар сол Эфиопия топырағынан тікелей Мәдинаның өзіне көшкен.

Сол кездегі мұсылмандар – Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары (Аллаһ оларға разы болсын) сауапты іс жасауда дәреже тұрғысында бір-бірімен бәсекеге түсетін. Бір күні Омар (Аллаһ оған разы болсын) Әсмәға: «Ей, Хабашия! Мына біз Аллаһ елшісімен (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) бірге қоныс аудардық», – деп мақтанады.

Мәдиналықтар Эфиопия жеріне қоныс аударған мұсылмандарды «хабашилер» деп атайтын.

Сонда Әсмә оған: «Сендер от басы, ошақ қастарыңда туыстарыңа қарайласып, бір-біріңе жәрдемдесіп, Аллаһ елшісінің жанында болдыңдар. Ал біз болсақ Аллаһ үшін жат жұртта жүрдік», – деп, оның сөзіне өкпелеп қалады. Кейін Омардың айтқанына шағымданып, Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) алдына келеді. Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) Әсмәні: «Аллаһ жолында олар бір рет қоныс аударса, сендер екі рет: әуелі Хабаша жеріне, сосын маған қоныс аудардыңдар», – деп жұбатады (Ибн Сағд, Табақат: 281). Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) бұл сөзіне Әсмәнің көңілі көтеріліп, марқайып қалады.

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) ылғи да жас Исламның алғашқы өкілдеріне, діндерін қорғауда мүшріктермен арпалысып, имандарын шүберекке түйіп жүрген мұсылмандарға жандарына медеу болар сөздер айтып, қолтықтарынан демеп, қайраттандырып отыратын. Әсіресе олардың Аллаһ жолында атқарған еңбектерін елеп-ескеріп, игі істеріне мақтау білдіріп көңілдерін көтеретін.

Уақыт ағын судай зымырап өте береді. Мәдинада Әсмә мен Жағфардың отбасында үш перзент тәрбиеленіп жатқан еді. Бір күндері Жағфар қосалқы қолбасшылардың бірі ретінде Мута шайқасына қатысады. Алдыңғы қолбасшы мерт болған соң, Жағфар әскер басшылығын өз қолына алып, Ислам туын мықтап ұстап, қайнаған күш-қайратпен ерен ерлік көрсетеді. Кескілескен ұрыста екі қолы кесіліп, аттан құлап түскенше Ислам туын жерге түсірмей, оны иегімен қысып ұстап тұрады. Ол осы өжет ерлігінің сыйы ретінде «Самғар Жағфар» дәрежесіне қол жеткізеді. Өйткені Аллаһ тағала оның Мута шайқасында кесілген екі қолын жаннатта екі қанатпен айырбастап берген. Ол осы қанаты арқылы жаннаттың өзі қалаған жерінде ұшып жүре алады. Бұл Аллаһтың оған Қияметке дейінгі берген сыйлығы ғана. Ал Қиямет күнгі сыйы неше есе көп болады – ол бір Аллаһқа ғана аян.

Мута шайқасында Жағфармен қатар Исламның біртуар батырлары Абдуллаһ ибн Рауаха, Зәйд ибн Харисалар да өлтіріледі, Аллаһ оларға разы болсын! Жағфар шәһид болғанда, Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) оның қазасы жайлы уахи келеді. Бұл жайтты Әсмә Умайсқызы былайша әңгімелейді:

«Бір күні балаларымды жуындырып, шайындырып, майлап-сылап, жақсылап ас әзірлеп отырғанмын. Үйге Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) жүзі жабырқаулы күйде кіріп, менен: «Жағфардың балалары қайда?» – деп сұрады. Сосын оларды алдырып, құшағына алып жылай бастады». Мұны көріп үрейленіп, қорқып қалған Әсмә: «Жағфар жайлы бір хабар алдың ба, уа, Аллаһтың елшісі?» – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Иә, ол Аллаһ жолында шәһит болды», – дейді. Әсмә төбесіне жай түсірген қайғылы хабарды естіп, дауыстап жібереді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Олардың жоқшылық көруінен қорықпа, дүние-ақыреттегі қамқоршылары мен боламын», – дейді (Ахмад, Муснад: 3/192-194).

Әсмәні жұбатуға мәдиналық әйелдер жиналады. Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға: «Жағфардың отбасына тамақ әзірлеп беріңдер, оларға қайғы келді», – дейді (Ахмад, Муснад: 3/194).

Әрине, Жағфар сияқты ерден айырылу Әсмәға оңай тиген жоқ. Кез келген әйелге күйеуінен айырылу аса ауыр, әсіресе Жағфардай күйеу болғанда.

Арада біршама уақыт өткеннен кейін Әсмә жер бетінің ұлыларының бірі тіпті Исламда Пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) кейін тұратын кісі Әбу Бәкірге (Аллаһ оған разы болсын) тұрмысқа шығады. Әсмә Әбу Бәкірдің дәрежесін құрметтеп, жетім қалған балаларының осындай ұлы кісінің тәрбиесінде өсуін қалап, онымен шаңырақ көтереді. Бұл некенің нәтижесінде, дүниеге Мұхаммед ибн Әбу Бәкір келеді. Мұхаммед Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салардан бұрын туылған-ды. Әсмә Әбу Бәкірмен ол көз жұмғанша бірге болып, әр кез оның жанынан табыла білген.



Әбу Бәкір жарық дүниемен қош айтысқан соң, Әсмә сүйікті жары Фатимадан (Аллаһ оған разы болсын) айырылған Әли ибн Әбу Талибпен (Аллаһ оған разы болсын) тұрмыс құрады. Оларға Аллаһ тағала Яхия және Аун атты ұл перзенттер сыйлаған. Исламның ұлыларын алақанында аялап, үш арыстың ұрпағын жалғастырған Әсмәға Аллаһ тағала разы болсын! Әсмә Умайсқызынан туылған алты ұлдың бәрі де Исламдағы танымал, ізгі кісілердің сапынан орын алған.
Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет