Саймагамбетова айнур онгарбековна ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі388,03 Kb.
түріДиссертация
  1   2
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ӘОЖ 330.161 (574) Қолжазба құқығында



САЙМАГАМБЕТОВА аЙНУР ОНГАРБЕКОВНА

Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде)

6M051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы


бойынша экономика магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Рефераты

Қызылорда, 2012



Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды




Ғылыми жетекші:




экономика ғылымдарының кандидаты,

доцент Әбдімомынова А.Ш.






























Ресми оппонент:




экономика ғылымдарының кандидаты

Темирова А.Б.





















Диссертация 2012 жылы « » күні сағат 10.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика магистрі академиялық дәрежесін алу үшін диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А, 408 к.


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кез-келген мемлекет үшін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашанда өзекті болып, заман талаптарына сай күрделене түсіп, мемлекет және қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын жүйелі саясатқа айналды. Жаһандану үрдісі күшейген сайын ұлттық қауіпсіздік мәселесі, әсіресе экономикалық қауіпсіздік бағыты ерекше орын алды. Өйткені әлемдік қауымдастықта егеменді ел ретінде әрекет ету мемлекеттің экономикалық қуаттылығы, ал түбінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің бірден-бір көрсеткіші – ұлттық экономикалық даму деңгейі болады.

Қазіргі ұлттық экономиканың қуаттылығы өндіргіш күштердің даму деңгейімен ғана анықталмай, бірінші кезекте мемлекеттің сол өндіргіш күштердің немесе ұлттық экономиканың белсенді дамуына жағдай жасап, ұлттық мүдделерді анықтап, оларды қорғау мүмкіндігімен көрінді. Жаһандану үрдісінің ұлттық экономикаға тигізетін оң ықпалын барынша тиімді пайдалану мен оның теріс әсеріне тойтарыс беру мемлекеттің белсенді іс-әрекетімен жүзеге асады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасын талқылауда «Қауіп-қатерлерді алдын-ала анықтап, жоюға, тұтастай алғанда елдің дағдарысқа қарсы әлеуетін арттыруға бағдарланған тиімді де осы заманғы ұлттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру қажет, бұл ретте аталған жүйе халықаралық қауіпсіздік саласындағы осы заманғы әлемдік үрдістерге бейімді келіп, икемді, қауіпсіз ішкі және сыртқы ортаны қалыптастыру жөніндегі белсенді іс-әрекетке қабілетті болуы тиіс» деп көрсеткен.

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі елдің ұлттық мүдделерінің нақты және әлуетті қатерлерден қорғалған жағдайында өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ашық экономика бағытында дамып келе жатқан Қазақстан Республикасына, осы жағдайларда ұлттық экономикалық мүдделерді қалыптастыру, оны қорғау мен жүзеге асыру қажет. Ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру мен оларды қорғаудың дәстүрлі құралы протекционистік саясат. Әлемдік рыноктағы шиеленісті бәсеке барысында талаптарына сай түрленгендіктен, біздің еліміздің алдында әлемдік тәжірибеге сүйеніп, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүмкін болатын шаралар жүйесін жасақтау өзекті болып табылады. Себебі, әлемде ғаламдану үрдістері кең құлашын жайып отырған кезеңде, Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануынсыз өтуі мүмкін емес. Интеграция барысында ел экономикасы оң нәтижелерін, ұтымды тұстарын, қауіпсіздігін жоғалтып алмауы керек. Осы тұрғыдан елдің экономикалық қауіпсіздігін макро-, мезо-, микродеңгейлерде қамтамасыз ете білу бүгінгі күннің өзекті талабы болып отыр. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізуге үлес қосылады.

Мәселенің зерттелу дәрежесі. Экономикалық қауіпсіздік тұжырымдамасы және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету теорияларының қалыптасып, дамуы бірқатар шет елдік және отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің негізі болып табылады. Атап айтқанда, зерттеліп отырған тақырыптың теориялық негізін түсіну үшін мына ғалымдардың еңбектері өте пайдалы болды: А.Смит, А.Маршалл, Д.Рикардо, Р.Столлер, Э.Оукли, С.Аманд және т.б.

Рыноктық экономикаға көшуде мемлекеттік экономикалық қауіпсіздік шектерін бағалауды әдіснамалық жетілдіру мәселесі шет елдік экономистер арқылы кеңінен зерделенген. Олардың қатарында Л. Абалкин, С.Афонцев, Л.Гайгер, В. Гантман, С. Глазьева, А. Гусаков, А. Илларионов, П.Линдерт, А.Колосов сияқты ғалымдардың еңбектері ғылыми құндылықтар болып табылады.

Сонымен қатар, аталмыш мәселенің ғылыми тұрғыдан жасақталуына мол үлес қосқан қазақстандық ғалымдарды да ерекше атап өту керек: К.Арыстанбеков, Р.Елемесов, Е.Жатканбаев, А.Қошанов, С.Молдабаев, А.Рамазанов, Е.Садыков, М.Спанов, М.Тулегенова және т.б.. Мәселеленің әлеуметтік аспектілері К.Мухтарова, Ө.Шеденовтың еңбектерінде қаралған.

Дегенмен, экономикалық қауіпсіздіктің ұлттық негіздерін қамтамасыз ету және оның ұлттық күш-қуатты нығайтудағы маңызы жете зерделенбеген. Қазақстанда ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің теориялық негіздері мен тәжірибелік қамтамасыз етілуін нақты белгілеп берген зерттеулер жоқтың-қасы.

Осылайша, ұлттық экономикалық қауіпсіздік мәселесінің терең талданбауы, «экономикалық қауіпсіздік индикаторларының» қолдану аясы мен деңгейінің анықталу жолдарының белгіленбеуі диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Диссертациялық зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін талдай отырып, ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі экономикалық мәселелердің шешімін табуға бағытталған теориялық және тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:



  • экономикалық қауіпсіздік категориясының мазмұнын ашу және оның қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін факторларды жіктеу;

  • «ұлттық экономикалық қауіпсіздік», «экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің механизмі» т.б. ұғымдарға түсініктеме беру;

  • экономикалық қауіптерді белгілері мен шекті мәндері бойынша жіктеу;

  • Қазақстан Республикасының ішкі экономикалық даму көрсеткіштері мен сыртқы сауда балансына талдау жасау;

  • ұлттық экономиканы тұрақты дамыту бағытында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік құралдары мен іс-шараларын жасақтау.

Зерттеу жұмысының пәні мен нысаны. Зерттеу нысаны – Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасы.

Зерттеу пәні – мемлекеттің экономикалық саясат шеңберінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік іс-шаралар мен құралдарын қолдану тиімділігін жоғарылату үрдісі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негіздеріне талдау жасай отырып, оны жетілдіру бағыттарын ұсынумен анықталады. Диссертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде мынадай нәтижелер алынды:



  • теориялық ережелерді жинақтап, қорытындылау негізінде «экономикалық қауіпсіздік» және «экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» түсініктеріне авторлық ұғымдық-мазмұндық және әдіснамалық дәлелдемелер берілді;

  • еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне әсер етуші мәселелер мен оларды жою мүмкіндіктері талданды;

  • ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік әдістер мен құралдардың бағыттары ұсынылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет