Сайттар байқауынан үздік шықты «Маңғыстау облысы бойынша үздік сайттардың интернет-жүлдесі»



Дата12.03.2018
өлшемі26,38 Kb.
#38958
Сайттар байқауынан үздік шықты
«Маңғыстау облысы бойынша үздік сайттардың интернет-жүлдесі» - Маңғыстау облысының және де облысқа қатысы бар сайттар арасында екінші жыл өткізіліп отырған аймақтық онлайн байқау. Байқау «Грант Казахстан» корпоративтік Қорының бастамасымен және  «Mediana Services Limited» ЖШС АТ-компаниясының ұйыдастыруымен өтті.

Байқаудың басты мақсаты Маңғыстау облысында интернет-технологиясын жандандыру мен одан әрі дамыту және облысымыздағы интернет-қолданушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Интернет жүлде 1 қазаннан басталып, 3 кезеңнен өтті.

Бірінші кезең– сайт-номинанттарды тіркеуге қабылдау. Халықтық дауыс беру кезеңінің басталуы.

Екінші кезең – сарапшылардың сайттарды бағалау жұмыстары, номинанттарды анықтау.

Үшінші кезең – қазылар алқасының жұмысы, номинация жеңімпаздарын анықтау. Халықтық дауыс беру кезеңінің аяқталуы.

«Интернет-жүлде» байқауы осы жылы 12 негізгі және 4 қосымша номинациялар бойынша өткізілді.

Соның ішінде, «Мемлекеттік сектор» номинациясына Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарының веб-ресурстары ұсынылды. Бұл номинация бойынша 11 ұйым өз сайттарын жарысқа ұсынған. Үміткерлер арасынан «Маңғыстау облысының білім басқармасының сайты» (www.mangystau.edu.kz) үздік шықты.

«Білім беру, ғылым және тәрбие» номинациясы бойынша 21 білім беру ұйымдары өз сайттарын ұсынды. Сайттар арасынан «Маңғыстау облысының бірыңғай ақпараттық білім беру ортасы» (www.mektep.edu.kz) жеңімпаз атанса, Ақтау қаласының «Қарылғаш» балабақшасы үшінші орынды иеленді.



Сонымен қатар, Маңғыстау облысының бірыңғай ақпараттық білім беру ортасы (www.mektep.edu.kz) «Тақырыптық және ақпараттық ресурстар мен порталдар» номинациясы бойынша да жүлделі бірінші орынды иеленді.

«Маңғыстау облысының бірыңғай ақпараттық білім беру ортасы» (www.mektep.edu.kz) – мұғалімдер мен басқарушы және бақылаушы қызметкерлердің жұмысын жетілдіруге және жеңілдетуге септігін тигізеді. Мектеп пен жұртшылық, мектеп пен ата-ана арасындағы электрондық байланысты жүзеге асырады. Сонымен бірге, әрбір оқушыны өз бетімен білім алуға дағдыландырады.



«Интернет-жүлде» байқауы арасында қосымша номинациялар бойынша қолданушылардың дауысын ең көп жинаған «Жаңаөзен қаласы, №17 орта мектебі» (www.17.orta-mektep.kz) «Қазақша нұсқасы қарастырылған ең үздік сайт» номинациясынан бірінші, ал, Ақтау қаласының «Балдәурен» балабақшасы үшінші орынға ие болды.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Облыстағы білім беру жүйесінде – сайттардың ақпараттық қорын дамыту мақсатында веб сайт құрудағы мақсатын, ондағы жаңылықтар мен мәзірлер, дайын шаблондардың мазмұны жағынан тиянақты, қазіргі таңда қолданылатын веб –скрипттерді енгізуін, яндекс, гугл, т.б. жүйелердің ганжеттерін (әлемдік карта) қолдануын, баннерлерді шебер топтастыруын, екі тілде жасақталуын, дизайны келбетіне өте үлкен мән беруін басты назарда ұстанған жөн.
Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
docfiles -> Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет