«Салауатты өмір салтын дәріптейік» атты сайыс сценарийі. Дастенова Лайля-валеология пәні мұғалімі Сыныбы: 7



Дата15.12.2016
өлшемі156,07 Kb.
#3950
«Салауатты өмір салтын дәріптейік»

атты сайыс сценарийі.
Дастенова Лайля-валеология пәні мұғалімі
Сыныбы: 7а,7б
Сайыстың мақсаты: «Бірінші байлық-денсаулық »деп айтылғандай,

«Қазақстан-2030»бағдарламасында көрсетілгендей,

өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы

мықты,хал-ақуалы жақсы болу үшін зиянды

әдеттерден ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктен

сақтандыру,олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау

екендігін түсіндіру.
Тәрбиелік мәні: зиянды заттардан аулақ болуға,денсаулық және дене

тәрбиесін дұрыс сақтауға тәрбиелеу.



Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғы.
Өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Кіріспе бөлім.
Жүргізуші:
Халқымыздың алаулап,оттай жаны,

Қанымызда қаншама кек қайнады,

Еркін елміз,біз бүгін ерікті елміз,

Көтерілген көгінде көк байрағы,-деп ақындар жырлағандай,еліміз еркіндік алып,өз алдына отау тігіп,ерікті ел,тәуелсіз мемлекет болғанына да міне 16 жыл толды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында,Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты,хал-ақуалы жақсы болуы тиіс,-деп атап көрсеткен.

Сол бағдарламаға орай бүгінгі мектебіміздің 7-сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Салауатты өмір салтын дәріптейік»атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыздың мақсаты «бірінші байлық-денсаулық»деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден-ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктен сақтандыру,олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру,өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.Олай болса,егеменді еліміздің тұтқасы болар,болашақ сол жас ұрпақты қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық:


7а-сыныбынан «Болашақ»тобы.

7б-сыныбынан «Денсаулық сақшылары» тобы.



Сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3.

Сайысымыздың шарттары:
1.Таныстыру.(Әр топ өздерін таныстырады,төс белгілерін қорғау.)

2.Бірінші байлық-денсаулық ( зиянды әдеттер тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерден жарыс ұйымдастыру)

3. «Денсаулық-зор байлық» ( денсаулыққа зиянды нәрселер туралы әзіл өлеңдер айту)

4. «Тәні - саудың, жаны - сау» (зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру)

5. Уланбасын өмірің (зиянды әдеттердің алдын-алу шараларын дәріптейтін көрініс көрсету).

6.Ситуациялық жағдайлардан шығу.

7.Сұрақ-жауап (СПИД-ке байланысты конверттің ішінде 22 сұрақ берілген,осы сұрақтың 11-і дұрыс,11-і дұрыс емес болу керек).

Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
ІІІ. Негізгі бөлім
Жүргізуші:

Көк түтінге жас өкпеңді ыстама,

Ащы суға өзіңді-өзің қыстама,

Ер жетудің белгісі деп бұл да бір,

Әуес көріп ұстамасты ұстама!,-деп жас жеткіншектерді салауаттылыққа үндейтін 7а-сыныбынан ұйымдастырылған «Болашақ»тобын сайысымыздың алғашқы шарты «Таныстыру» кезегіне шақырамыз.

Жүргізуші:

Иманыңды,дидарыңды,

Тазалап ал,қазағым,

Ұрпақтарың,ұл-қыздарың,

Түзу бассын қадамын!,-деп келешекке келелі азамат ретінде баруды көздеген 7бсыныбының «Денсаулық сақшылары»тобын ортаға шақырайық.

Жүргізуші:

Жігерің бар,талабың бар,қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын,

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын,-дей отырып,жаман әдеттерден жирендіретін,денсаулыққа зиянды нәрселерге байланысты мақал-мәтелдер айтудан 2 топ мүшелері сайысқа түседі.

Жүргізуші:

Жағымсыз иістен аулақ бол,

Жақсы іске жақын бол,

Темекімен жау болып,

Адамдыққа асық бол,-дей отырып, «Денсаулық-зор байлық»айдарымен сайыскерлерді әзіл өлеңдер айту шарты кезегіне береміз.

Ал,шәкірттер алды-артын оңдасын,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын,

«Ол кім», «Бұл не?»бөлімінде,

Танымдықпен,білгірлікпен

Жауаптары тыңдалсын-

деп келесі «Тәні саудың,жаны сау» бөліміне тоқталайық.

Шарты:зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру.



Болашақ тобына сұрақ:

  1. С.А.Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар?

(Ұстаздан ұлағат)

  1. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай?

(Отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы)

  1. Құрамында этил спирті бар. Ол не?

(Ішімдік)

  1. Темекі құрамындағы улы зат?

(Никотин)

  1. Туберкулезге қарсы күрес күні?

(24-наурыз)

6. СПИД неліктен қорқынышты?

(Ауырғаннан кейін ең көбі 5-7жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ)



Денсаулық сақшылары тобына сұрақ:

1.. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы?

(Парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)



2.СПИД нашақорларға қалай жұғады?

(ортақ пайдаланған ине арқылы)

3.«Пассивті темекі шегу» деген термин нені білдіреді?

(Темекі шегетін адамның айналасындағы темекі шекпейтін адамның темекінің түтінін жұтуы. Темекі шегетін адамның кесірінен басқа адам жапа шегеді)



4.Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні?

(1-желтоқсан)



5. Шылымның зияны тиетін мүше?

(Өкпе)


6.Есірткінің ең көп тараған түрі?

(анаша,кокаин,апиын,ең көп тараған түрі-героин)



Жүргізуші:

Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда,ей,жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

Уланбасын өмірің»бөліміне өтеміз.Шарты зиянды әдеттердің алдын-алу шараларын дәріптейтін көрініс көрсету.

Жүргізуші:

Дүниеде дерт боп әркез жетеді,

Әдет болып жаман нәрсе кетеді,

Жаман әдетке жақ болсаң,

Өмірің қор боп өтеді,-келесі бөліміміз ситуациялық жағдайлардан шыға білу.

«Болашақ»тобына:

Бір спортсмен өзі әйгілі болады.Жақсы жұртқа танымал.Бірақ табыс көзі онша болмайды.Енді ол отбасын асырау үшін «арақ»заводына жұмысқа тұрады.Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз-аздап ішіп,араққа бойы үйреніп кетеді.Енді жұмысты тастайын десе,ақша керек,тастамайын десе,ішіп қоя береді.Ситуациядан қалай шығуға болады?



«Денсаулық сақшылары»тобына:

Темекі тартпайтын планетадан келген қонаққа темекі деген не және оны адамдар не үшін тартатыны жайлы түсіндіру қажет.(қонақтың ролін бір оқушы ғана орындайды,қалған оқушылар темекі туралы оған түсіндіреді



«Болашақ» тобына:

Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің,жоқ әлде қойдырудың жолын іздестірер ме едің?



«Денсаулық сақшылары»тобына:

Бастықсыз:Сіздің қол астыңыздағы жұмысшыңыз күнде спирттік ішімдік ішетіндіктен өз жұмысын орындай алмайды,себебі ол түскі үзіліс кезінде де ішеді.Ол жаңа ғана түскі үзілістен ішіп келіп тұр.Не істейсіз?


Жүргізуші:

Басталады кім тапқыр деген сайысың,

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Жылдамдығың,алғырлығың сыналар,

Қане,шәкірт көрінеді қай ісің.
СПИД-ке байланысты конверт ішінде 22-сұрақ берілген.Осы сұрақтың 11-і дұрыс,11-і дұрыс емес болуы қажет.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші:
Шешілмейтін жұмбағы,сұрағы көп,

Бұл өмірге келген соң бір-ақ рет,

Қалу керек өмірдің бұлағы боп,

Қалу керек өмірдің шуағы боп,

Денсаулықты сақта,түзу өсесің,

Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің.

Көрген күнің қараң ғой дерт шалса,

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің!-


деп сайысымызды аяқтай келе әділқазылар алқасына сөз береміз.

Жүргізуші:

Ата-анамыз,ұстазымыз,

Бір тілек айтарымыз,

Берекелі заман болсын,

Балаңыз аман болсын,

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын,

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын-дей келе

-Кімде-кім өзіне өмір беріп,әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе,соларға адал боламын десе......................



Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім сүйікті жар боламын десе...............



Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім өз ұлына өнегелі әке боламын десе..........



Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім өз ұжымына қадірлі боламын десе...........



Хормен: Арақ ішпесін!

Кімде-кім өз қоғамыма пайдалы азамат боламын десе.....



Хормен:Арақ ішпесін!

-Денім сау болсын десең.............



Хормен: Темекі тартпа!

Әнші болғың келсе..........................



Хормен: Темекі тартпа!

Ғалым болғың келсе.........



Хормен:Темекі тартпа!

Білімді,ақылды азамат болғың келсе..........



Хормен:Темекі тартпа!


Қадірлі ұстаздар және оқушылар!

Міне бүгінгі 7 сыныптар арасында өткен «Салауатты өмір салтын дәріптейік» атты сайысымыз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.Баршаңыздың дендеріңізге саулық тілейміз.


Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектептің 7бсыныбында ұйымдастырылған

«Менің денсаулығым-менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатының бағдарламасы.


Валеология пәні мұғалімі: Дастенова Лайля

Сыныбы: 7б

Тақырыбы: Менің денсаулығым-менің болашағым.
Мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты

байлығы,денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы-

зиянды,жат қылықтардан аулақ болып,салауатты өмір сүру

екендігін ұғындыру,денсаулықтың қадірін түсіне,сақтай білуге

тәрбиелеу,ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеген

әлдеқайда тиімдірек екендігін түсіндіру,дене

тәрбиесіне,салауаттылыққа дағдыландыру.
Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғылар.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың қатысуын түгелдеу,назарларын тақырып аясына шоғырландыру.


ІІ. Негізгі бөлім.
1 Кіріспе сөз.

2. «Денсаулық-байлықтан қымбат»тақырыбындағы баяндама.

4. «Есірткінің зобалаңы» көрініс.

5. Сергіту сәті.

6. «СПИД құрбаны» монолог-көрініс.

7. «Мені жалғастыр» ойыны

ІІІ. Қорытынды.

«Алтын қақпа» ойыны


1-жүргізуші:

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда,

Денсаулық терең байлық деген сөзді.

Құр айтпаған кешегі бабамыз да.
2-жүргізуші:

Армысыздар,құрметті қонақтар,ұстаздар,мектеп оқушылары!

Бүгінгі біздің Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің қара шаңырағында бүгінгі күннің өзекті мәселесі-темекі,арақ,есірткі,СПИД ауруларына қарсы 7бсыныбында ұйымдастырылған «Менің денсаулығым-менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар,ол оны қолынан шығарып алады,бұдан кейінгі күні «тар жол,тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да,ең қымбатты-ол оның мәнді де,сәнді өмірі.

Ал,осы өмірінің мәнді де,сәнді өтуіне оның басты байлығы-денсаулығы тікелей әсер етеді.

2-жүргізуші:

«Денсаулық-зор байлық», «Дені саудың-жаны сау»деп дана халқымыз бекер айтпаса керек.Өкінішке орай,адамзатпен ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» бірге аяқ басты.Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп,дүние салып,талай ауруларға ұшырады.Сондықтан да,елімізде салауатты өмір сүруге дабыл қағып,әр-түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.

1-жүргізуші:

«Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеген» әлдеқайда тиімдірек.

Егер әр адам ақылға салып,табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып,гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе,денсаулығына зиян келтірмей,ұзақ өмір сүрген болар еді.Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысып,есірткілерді,темекі мен ішімдікті пайдаланбауымызға бағытталған.



2-жүргізуші:

Салауатты өмір сүрудің басты шарты-темекі,нашақорлық,маскүнемдіктен арылу.Маскүнемдік,шылымқорлық,нашақорлық-ұлтымыздың ертеңіне қауіп төндіруде.Оның қасіреттілігі сол-денсаулықты нашарлатып-адамды аздыруда.



1-жүргізуші:

Кешіміздің алғашқы бөлімінде «Денсаулық-байлықтан қымбат» тақырыбындағы баяндаманы сыныбымыздың озат оқушысы Асарбай Гүлзат оқиды.



2-жүргізуші:

Маскүнемдікпен,нашақорлықпен,шылымқорлықпен жеке аудан,қала,не облыс бойынша күресу мүмкін емес.Жеңіске жету үшін бүкіл қазақты көтеру керек.Барлық қазақ арақтың,нашаның,темекінің ата-жаулар екенін түсініп,оған қарсы аттандап шығуы керек.

Келесі кезекте «Уланған ұрпақ өспейді» атты әдеби-монтаж.

1-жүргізуші:

«Салауатты өмір»Қазақстан-2030 жолдауында шылым шегу терең ойластырылып,қоғамдық өмірден ығыстырылуы қажет делінген.Сонымен,қатар ғасыр қасіреті нашақорлыққа,маскүнемдікке жол бермей спортқа көп көңіл бөлейік.



2-жүргізуші:

Жігерің бар,талабың бар қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын,

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі жайнайтын,-дей отырып, «Есірткі зобалаңы» атты көріністі тамашалайық.

1-жүргізуші:

Күтін балам алдыңда өмір сүбелі,

Ақылды алсаң тиер саған көмегі,

Ешбір затпен уламай жас денеңді,

Бағытталған мол қозғалыс керегі.

2-жүргізуші:

Ендеше оқушылар,келесі кезекте сергіту сәтіне кезек берейік.Ұстаздар,сіздердің де қалыс қалмай қатысқандарыңызды қалаймынз.



1-жүргізуші:

Темекі тартпайтындар орындарынан тұрсын.



2-жүргізуші:

Ертеңгі жаттығумен күнделікті айналысатындар оң қолын көтерсін.



1-жүргізуші:

Таңертеңгілік және кешке үнемі тісін тазалайтындар сол қолын көтерсін.



2-жүргізуші:

Арақты зиян дегендер екі қолын төмен түсірсін.



1-жүргізуші:

Ешқашан ауырғысы келмейтіндер бір орнында тұрып жүгірсін.



2-жүргізуші:

Бақытты да,ұзақ жасағысы келгендер,алақандарын соқсын.



1-жүргізуші:

«Денсаулық-басты байлық»дегенді қолдайтындар орындарына отырсын.

(Рахмет)

2-жүргізуші:

Қазақпын мен жеті жұтты өткерген,

Аман-есен өтіп келген өткелден,

СПИД деген аждаһа бар сақ болшы,

Дүниені орап келер беткейден.

1-жүргізуші:

Обасы ол жиырма бірінші ғасырдың,

Айырмаған досың менен қасың кім?

Мың миллиондап жеп келеді жегі құрт,

Қиылуда қыршынынан қанша гүл

Келесі кезекте «СПИД құрбаны»атты монолог-көрініс.



2-жүргізуші:

Өмірің болсын десең,сенің сәнді,

Ойланып айналаңа қара мәнді,

Адам бол!Білімі тасқын,өнері асқан,

Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

Қанеки оқушылар,енді денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табатын «Мені жалғастыр»ойынына кезек берейік.



1-жүргізуші:

Ауырып ем іздегенше,........................................... жол ізде.



2-жүргізуші:

Темекі ақшаның жауы,............................................бақшаның жауы.



1-жүргізуші:

Арақпен достасқаның,..............................................қоштасқаның.



2-жүргізуші:

Шылымды әр тартқаның,.........................................темір шеге қаққаның.



1-жүргізуші:

Шылым шеккенің іші де күйеді,..............................күйеді.



2-жүргізуші:

Араққа сәлем берсең,..................................................қош бол де.



1-жүргізуші:

Есірткі тартса баласы,................................................ата-анасы.



2-жүргізуші:

Есірткімен достасқаның,..............................................қоштасқаның.



1-жүргізуші:

Әуестенсең есірткіге әу бастан,..................................деген науқастан.



2-жүргізуші:

Адамның үш жауы бар,.................................................



1-жүргізуші:

Аурудың жақсысы жоқ,.................................................тәттісі жоқ.



2-жүргізуші:

Шарап сіңіп тынар,..........................................................құрып тынар.



1-жүргізуші:

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда мәнді, салауатты өмір сүргенге не жетсін! Бұл біздің қолымызда ағайын. Еліміз егемендік алып, енді ғана еңсесін көтеріп келе жатқанда темекі, есірткі, арақ деген пәлекет жағамыздан алмасын деп тілейміз.



2-жүргізуші:

Елдің елдігін, азаматтың ажарын ашатындай жақсы қасиеттерді үлгі, мұра етіп қалдыра гөр,-дей отырып:

Айналайын жастарым,

Өн- бойыңды әрдайым,

Дәл осындай кеселден,

Сақтай жүрші ылайым!-дегім келеді.


Қорытынды: Міне оқушылар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтанда өмірлеріңіздегі ең жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің саулығына бүгінен бастап қамқор болыңыздар. Жастық шақтарыңның тамырына анаша, ішімдік, темекі балта шабылмасын. Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті: наша, темекі сияқты зиянды ұлы түтінге әуес, құмар болмайық дей келе, ашық тәрбие сағатымызды «Алтын қақпа» ойынымен қорытындылайық.

(«Көңіл толқыны» әуенімен) Өтеген Жарбол

«Менің Республикам» мәнерлеп оқу

1-жүргізуші: Ия, ата бабам аңсаған азаттық таң.

2-жүргізуші: Ата-баамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкте желбіреді.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік үшін білектің күшімен, найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған желтоқсан оқиғасының орны ерекше.

2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміз үшін жанын пида құрбан еткен азаматтарымыздың, ерен еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың,

Тәуелсіздік -ұлтың менен ұраның.

2-жүргізуші:

Шартарапта аттығындай азаттың,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

1-жүргізуші:

Көк байрағы, елтаңбасы, бірілігі,

Шалқи берсін әнұраны қазақтың. (әнұран)
2-жүргізуші: Еліміздің елдігін, бірлігі мен тірлігін ойлаған ата-бабамның ұлтарақтай жері үшін, туған елі үшін жанын берді.

1-жүргізуші: Халықтың татулығын, кең байтақ жерінің тәуелсіздігін, елінің мұраты мен келешегінойлаған ата-бабам толарсақтан саз кешіп, ат үстінде елін қорғады. (көрініс)

Ән. Хор: «Егеменді Қазақстан»



2-жүргізуші: Қазақ халқы ханын ақ киізге салып, көкке көтеріп, басы жерге жеткенше сыйлап өткен.

1-жүргізуші: Татулық пен бірлікке шақырған билердің шешіміне, тоқтамына келісіп,ақыл кеңесіне құлақ түрген. Қара қылды қақ жарған әділ билердің шешіміне тоқтаған.

(Билер көрінісі)



Ән. Хор:

2-жүргізуші: Ата-бабамыз аңсаған азаттыққа, тәуелсіздікке қолымыз оңай жеткен жоқ.

1-жүргізуші:Халықтың басынан небір дүрбелең өтті.

2-жүргізуші: Ғасырлар бойы бабаларым армандағантәуелсіздіктің туын тігуге-желтоқсан оқиғасы Ақ жол, нұрлы бастау болды.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік - халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі.

2-жүргізуші:Тәуелсіздік – елдіктің киелі кепілі, келесі келешегіміздің, ұлттық татулығымыздың нышаны.

1-жүргізуші:

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,

Шуағын күн төгеді енді көктен.

2-жүргізуші:

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуіелсіздік жалауын желбіреткен.
1-жүргізуші:

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,

Ақбоз аттың алдынан шалды үмітте.

2-жүргізуші:

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке.

1-жүргізуші: Міне, 2 жарым ғасыр бойы күресіп, қан төгіп 200-ден астам рет бас көтеріп, көтеріліс жасау, бостандыққа жетіп отырған қазақ халқы үшін «Тәуелсіздік» мәні ерекше. («Тәуелсіздік сөз» ер балалар)

Хор: «Атамекен»

1-жүргізуші:

Қарыштай бер Қазақстан шың басына,

Айналып Орта Азия барысына.

Талапты ел атанып, табысты ел,

Асты даңқың мұхиттың ар жағына!

2-жүргізуші: Мемлекеттік нышандары айқын, болжам парасатын пайымдаған мемлекет аталуымыз елбасының сардарлы да салиқалы саясатының нәтижесі.

1-жүргізуші: Әрбір жыл мемлекетімізге өзіндік өзгеріс енгізгені баршаңызға айқын.

1991 жыл. ҚР-ның тәуелсіздік алған жыл

1992 жыл ҚР-ның рәміздері бекітілді.

1993 жыл ҚР-ның төл теңгелері айналымға түсті.

1994 жыл- ҚР-ның жаңа парламенті өз жұмысын бастады.

1995 жыл. ҚР-ның ата заңы конституция қабылданды.

1996 жыл. Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

1997 жыл. Ел ордамыз Астанаға көшірілді, осы жылды «Татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып жаияланды.

1998 жыл. ҚР-сы үшін «Халықтар бірілігі мен ұлттық тарих» жылы

1999 жыл. ҚР-ның «Ұрпақтар білігі мен сабақтастығы» жылы

2000 жыл.ҚР-да «Мәдениетті қолдау» жылы болып жарияланды

2001 жыл. ҚР-да «Тәуелсіздік пен достық» жылы болып жарияланды.

2002 жыл. ҚР-да «Денсаулық жылы»болып жарияланды.

2003-2005 ж.ж. «Ауыл жылдары» болып жарияланды.

2006 жыл. ҚР-да сазгер Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды.

Осы жылы Қазақстан Республикасы алғаш өз жер серігі «Kazsat» -ғарыш кеңістігіне ұшырылды.

2007 жыл. Қазақ тілін қолдау жылы.

Қазақстан үшін әрбір жыл жетістікке толы болмақ.

Хор:

1-жүргізуші:



Бейбітшілік ұраны,

Жарқыраған алтын күн.

Ақ қанатты қыраны,

Азаттығы халқымның.



2-жүргізуші:

Паш еткен даңқын,атағын,

Қазақстан –Отаным.

Нұрға бөлеп елімді,

Ақ таңың боп атамын.

1-жүргізуші:

Қазақстан –Отаным,

Туған жерім киелі.

Арттырып даңқын, атағын,

Туына бас иемін.



2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар егемендіктің елдігігін тәуелсіздіктің тірегін ту еткен қазағымның таңы мәңгі арайлы ата бермек!
1-жүргізуші: Азаттықтың айбарлы алдаспанын асқақтата адымдаған айбынды елімнің күні шұғылалы, туы биік желбірей бермек.
2-жүргізуші: Осымен «Өрлей бер өркениетке, өсер елім» атты тәрбие сағатымыз мәресіне жетті.. Келесі кездескенше күн нұрлы болғай!
Каталог: files -> download
download -> Редьярд Киплинг з ліверпульської гавані, завжди по четвергам
download -> Захист навчально-виховного творчого проекту
download -> № уроку Дата проведення Тема 1 2 3
download -> Практикум тема: "казкотерапія як інструмент психолога та педагога". ( вересень 2012р.) Теоретична частина
download -> Психологія на кожен день. Конспекти занять
download -> Програма для загальноосвітніх навчальних закладів з українською мовою навчання. − К.: Видавничий дім «Освіта», 2013
download -> Мостівський навчально-виховний комплекс «загальноосвітній навчальний заклад І-ІІІ ступенів – дошкільний навчальний заклад»
download -> Сабақтың мақсаты: «Көміртек және оның қасиеттері.»
download -> Сабақтың тақырыбы :Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары. Туристік объектілері
download -> Сабақ Пәні: география сыныбы: 7 уақыты: 22 ақпан 2013 жыл Тақырыбы: ОҢТҮстік американың табиғат зонасы мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет