Салтанатты кеш



Дата28.01.2018
өлшемі149,38 Kb.
#34085
түріСценарий
0«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Қ.Абдуллаев



Салтанатты кеш.

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»



Қосымша білім беру педагог:Әзі Ботагөз Ысқаққызы

Үйірме оқушылары: 3-8

Мерзімі: 14.12.2017ж

Уақыты: 1600

Өтілетін орын: АКТ залы

Тексердім:

ДТІЖО:

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»



Сценарий мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып,жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Барысы:
1 - жүргізуші:


Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2- жүргізуші:Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаңабаева Ықпал апайға беріледі.


Оқушылардың көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.




Ән: «Алға Қазақстан»

Орындайтын : Иманберди Нұрдаулет

1- жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,


Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Бастауыш сыныптардың «Тәуелсіздікке 26 жыл» толуына байланысты. Өлең жолдарын тамашалаймыз.

2- жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

Ән : «Туған жер»

Орындайтын: Серикбаева Алиса

1 - жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп.
Өмірдің сырын ашып жүрегіме,
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік.
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға,
Тербеліп ырғағына тамылжиық.

Бақытым - Республикам Қазақстан,


Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.


Алдарыңызда 8 «А» бишілер тобының орындауында «Ұлттық би»

2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады.
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па,
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

Ән: «Туған жер» Орындайтын: Амет Ақнәзік

1- жүргізуші:

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.



Би: «Қазақша би»

Орындайтындар: 8 «Ә» Сынып қыздары


2- жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.


Ән: «Алматы мен Шымқала»

Орындайтын: Бердібай Назерке

1-жүргізуші:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира,
Құрбаны болған жаланың.
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды,
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып.

2 - жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық,
Ұлы достық,
Нұрлы достық,
Күн достық.
Достық деген қасиетті ұранға.
Кең даланың жүрегі де үн қосты,
Биші қыздар биімен де үн қосты.

«Қамажай» биі. Орындайтын 8 «А»- сынып қыздары.

1 - жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,


Туған тілім шұбарланба жарқыра.
Тарихымызда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата баба рухына.

2- жүргізуші:
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана,
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Елім менің»

Орындайтын: Дулат Сая
(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)


2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
26 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет