«саналы ұрпақ жарқын болашақ» Күні 09. 19



Дата21.10.2019
өлшемі41,3 Kb.
«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»

Күні 2.09.19




Тақырыбы

Саналы ұрпақ―жарқын болашақ

Мақсаты

Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру

Күтілетін нәтижелер

• оқушылар еліміздің ертеңі―білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді

• оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, идеяларымен жұмыс жасауға дағдыланады

• барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді

• оқушыларға еліміздің даму бағытын ұқтыру, болашақ білімде екенін түсінеді



Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, бейнежазбалар

Көрнекі құрал-жабдықтар

Филипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер,қаламдар суреттер, клей,қайшы, интербелсенді тақта

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру


«Менің есімім»


-Әрбір қатысушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді
-Келесі ойыншы ол лебізді қайталамауы тиіс

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады


Топқа бөлу


Әрбір топқа қимақағаздар тарату арқылы 4 топқа бөлу


Сыныптағы тыңдаушылар топқа бөлініп отырады


Сабақ барысында көңіл-күйді анықтау



Геометриялық фигуралар

Оқушылар бір парақ ақ қағаз алып, екіге бөліп бірінші жартысына көңіл – күйін бейнелейтін суретті салады (смайлик түрінде немесе жыл мезгіліне сәйкес)



Топпен жұмыс

Ой қозғау

1.Қазақстан рәміздері


2.Оқу құралдары
3.Отан-ана
4.Табиғат

Әр топ өз тақырыбын ашу керек. Сұрақтарға жауап береді.



  • Не үшін Қазақстан рәміздері қажет?

  • Не үшін оқу керек?

  • Не үшін Отанды қорғау, құрметтеу керек?

  • Не үшін табиғатты қорғау қажет?

Ми шабуылы


«Қазақстан» сөзінің әріптерін қолдану арқылы бірнеше сөз жазу. (Әр сөз 10 ұпай)

Қаз, қазақ, тас, ана, наз, қас, қат, қан, ақ, сақ, саз, тақ, қант, ант.
Видеороликтер көрсету

«Менің Қазақстаным»

Нұсқау:

Интерактивті тақтадан бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтады.



Сұрақ:




Оқушылар өз ойларын түйіндейді


Топ көшбасшылары шығып өз тобының негізгі идеяларымен алмасады


Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл



  1. «Отан.» өлеңі М.Мақатаев

  2. Бейнеролик ұнады ма?

  3. Не туралы деп ойлайсыздар?

Оқушылар роликті тамашалайды, өз ойларымен бөліседі





Болашақта өздеріңізді қалай елестетесіздер?


Өз ойларыңызды постерге бейнелеңіздер

Постер жасап, әр топ өз жұмысын қорғап шығады






Бағалау-формативті

Топтар бірін-бірі бағалайды

Сабақ барысындағы көңіл-күйді анықтау




Оқушылар сабақтың бірінші жартысына көңіл күйін бейнелейтін суретті салған суретті аяқтайды. (смайлик түрінде немесе жыл мезгіліне сәйкес) Бұл іс-әрекет қатысушының көңіл- күйін білдіреді

Рефлексия

Қорытындылау

―Балалар біз сіздермен ойлана отырып ойлауды және топ бойынша бірлескен түрде ынтымақтастықта жұмыс жасадық. Топта бір –бірімізге сенім білдіріп бір кемедегі теңізшілер терізді жұмыс жасасақ, биік жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Бүгінгі жаңа оқу жылымыздың алғашқы сабағыға белсенді қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет. Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын менің алтынға тең оқушыларым!!!



Смайликтер

Кері байланыс.



  1. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

  2. Сабақ сен үшін қызық өтті ме?

  3. Жаңа тақырып бойынша өзіңе керекті мәліметті тапдың ба?

  4. Бүгінгі алғашқы сабақтан үйренгенлеріңіз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет