Сарсембаева Нұргүл Аманкелдіқызы



Дата31.12.2019
өлшемі98,65 Kb.
#55000


Сарсембаева Нұргүл Аманкелдіқызы,

Атырау облысы Мақат ауданы Мақат поселкесі МКҚК «Болашақ»

бөбекжай-балабақша психологы


Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясына

құм терапиясының әсері
Жоспары:


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

а) құм терапиясының маңыздылығы

ә) үлестірмелі жоспар үлгісі

б) балабақшада құммен ойналатын ойындар

3. Қорытынды

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік –экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында , соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. Осы мақсатта оқыту мен тәрбиелеу жүйесіндегі жаңа бағыттағы білім беру үрдісі- баланы интеллектуалды дамыту. Яғни , қоғамның сұраныстары бойынша жаңа ғасырдың адамы жан-жақты креативті, өз-өзіне сенімді, терең ойлы тұлға болып қалыптасу керек. Бұл ретте,мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын дәстүрлі әдіс-тәсілдерді өзгерту қажет. Неміс ақыны Гете «Біліп қою - аз, сол білгенді өмірде қолдана білуің керек. Ниеттену ғана аз, сол ниетінді іске асыруың керек» деген қанатты сөзімен толық келісемін, себебі педагог-психологтың ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізуде қоғамға бейімдеудің қиындықтары жетерлік.

Мектеп жасына дейінгі кезең өте сақтықты, қателеспеуді, , сауатты тәрбиелеуді қажет ететін және бала эмоциясының нәзік кезеңі. Қазіргі психологиялық-педагогикалық теорияда балангвың жағымды эмоцияларын дамыту тек кәсіби психологтарға байланысты емес, тәрбиешілердің жеке дербес қасиеттеріне де байланысты болмақ.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың интеллектуалды, эмоционалды, ерік-жігерлік аясын дамытуға аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгтің «Құм терапиясын» балабақшадағы балалармен жұмыс жүргізіуді жөн көрдім.

«Құм терапиясы» қағидасы аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен ұсынылған. Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі, оның құрылысы осы идеяны ұсынуға себепші болған шығар. Себебі көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында – жаһандағы Өмірді көреді. Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ  ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Бәрімізге таныс бұл зат жай ғана – құм. Бірақ шын мәнінде бұл таңғажайып керемет материал. Құм әр түрлі болады. Жеңіл және құрғақ, ауыр және сулы, ол әр түрге ыңғайланады. Бірақ бұл құмнан жасалған фигураларда шашылып , тіл алмай қоюы да мүмкін. Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.  

Құм терапиясының  маңыздылығы:

Құм бір сөзбен айтып  жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады. Құм терапиясын 3 жастағы  балалармен бастауға болады..



Балабақша психолог болып жұмыс  істеу барысында балалардың  байланыстырып сөйлеуі және сөздік  қорларының  кемшіліктері басым болуда, сондай-ақ шамадан тыс белсенді , агрессивті балалар көптеп кездесетінін тәжірибемде байқап жүрмін. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі  өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік  шыдамдылық танытпауы басым. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы және қоғамда тудырылатын мәселелер: өмірдегі және теледидардағы қатыгездіктің өсуі, дұрыс тамақтанбау және ата-аналардың денсаулыққа қайшы келетін қылықтары, қиын отбасылардың көбеюі. Ата-аналардың көбі балалармен қарым-қатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмейді және ниеттері жоқ, оларда  бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету. Балаларға ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компьютер мен теледидар алмастырады.Осындай келеңсіздіктердің нәтижесі балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, интелектуалды қызығушылақтарының төмендеуі,  байланыстырып сөйлеуін және сөздік қорларының аздығын болдырады, коммуникативтік дағдыларының дамуын тоқтатады. Осы орайда, тәрбиеші-педаготарға, психологтарға түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Мен өз тәжірибемде балалардың  сөздік қорларының дамуына және жалпы өзін -өзі ұстау жұмыстарына, жағымды көңіл-күй қалыптастыруға назарымды аударамын.  Қазіргі жаңа технологиялық ақпараттар, әдістердің көмегімен бала тәрбиелеуде нәтижеге жетіп, тәрбие шешімін табуға негіз бар деп есептеймін. Осы жұмыстарды шешудің бірден-бір жолы  «Құм терапиясы». Біз топта жыл бойы құмды қолданамыз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», түрлі пішіндермен, ойыншықтармен ойнауды әдетке айналдырған. Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.

Сонымен, құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын  жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың  бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі  туады да, ол тілдік және коммуникатвті дамуына жағымды әсерін тигізеді. Қыс мезгілінде де біз құммен ойындарымызды тоқтатпаймыз.

Балалар сағат сайын үйлер, фигуралар жасап немесе жай ғана құмның үстімен жүруіде мүмкін. Арнайы құм салынған ыдыста балалар өздеріне ұнаған фигуралармен суды пайдалана отырып, әр түрлі композициялар жасаған. Балалар өзерінің жасағандарын «менің әлемім»деген екен және Ловенфельд өзінің техникасын «Әлемнің құрылуы» деп атаған екен.Қазіргі заманның құм суретшілері құмнан портрет, пейзаждар, мультфильмдер жасайды. Құммен сурет салу техникасы қазір өте танымал. Құм өнері барлық әлемге кең таралған. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат.  Құмның су өткізгіш қасиеті бар. Мамандардың айтуынша құм адамның жағымсыз психикалық энергиясынан тазартып, эмоционалды жағдайын қалпына келтіреді.

Біріншіден, балалар үшін құм терапия - өзін-өзі білдіру үшін үлкен мүмкіндік, баланың шығармашылық бейімділігі дамыту, сондай-ақ өз сезімдерін, эмоция, сезімдерін білдіруге үйрену үшін қарапайым және тиімді тәсілі болып табылады. Психолог ретінде құммен ойындар ойнату арқылы баланың ішкі эмоционалды әлемін қалыптастыру, қимыл белсендігін бәсеңдету, бойындағы сенімсіздік, қорқыныш сезімін жеңе білу үшін түзету-дамыту жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бала үшін құм терапиясы – өзін танытуға мүмкіндік. Су, құм , жануарлардың  мүсіндері, заттар балалардың кейде сөзбен айтып жеткізе алмай ашылуына көмектеседі және сезімдерін білдіруге ықпал етеді. Құм терапиясы баланың ішкі күйзелісінен арылуға, өзін ретке келтіруге көмектеседі. Құм терапиясының сеанстары  толық еркіндікті және қорғаншылықты береді.

         Құм терапиясы бұл шын мәнінде ойын. Себебі бұл ойын балаларға қатарластарымен және сыртқы әлеммен қарым-қатынасты орнатуды, өз сезімдерін білдіруге көмектеседі. Мамандардың айтуынша құм адамның жағымсыз психикалық энергиясынан тазартып, эмоционалды жағдайын қалпына келтіреді. Құммен сурет салу – бұл балаға деген кішкентай мейрам, себебі оны балабақшада, үйде, басқа жерде өткізуге болады.Қазіргі таңда құм анимациясы өте танымал және сонымен қатар оған маңызды себептері де бар. Құммен сурет салу өнері –жай, қолжетімді, аса қымбат емес қызықты іс.  Балалардың белсенді, толыққанды дамуына құм өте қажет. Бұл материалды қандай пішінге келтірем десеңізде ол оңай көндіге кететін зат. Құм – бұл керемет психотерапиялық материал. Ол адамның қиялын оятып, барлық сезім мүшелеріне әсер етіп, тыныштандырып, жандандырады.Әйнек бетіне құммен сурет салу таңғажайып әдемі . Құммен сурет салу өте қызық іс болғандықтан, мен өзім  бірнеше  жұмыстар жасап көрдім. Мен осы зерттеу бөлімінде,  балалармен ойын ұйымдастыру барысында құм терапиясын әр түрлі тәсілдермен қолдануға болатынымен таныстым

        Құм балалардың тілектерін білдіруге, жағымсыз әсерлерді шығаруға, қорқыныштарын сейілтуге әсерін тигізеді. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі. Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.

Сонымен,мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігі қоршаған орта туралы білімі,сенсорлық мәдениеті,олардың қолдану біліктілігі,дағдысы және тәжірибесінің жиынтығы.Дегенмен,мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігінің қалыптасу ерекшелігі зерттелуі күрделі мәселе болып табылады. Құммен кез-келген ойындар ойнауға, суреттер салуға болады.  Олар маған өте қызықты болып көрінгендіктен, мен сіздермен бөліссем деймін.


Жылдық жоспар үлгісі




                            Жүргізілетін жұмыстар

 Мерзімі

1

Құмның қасиеттерімен және ойын ережелерімен таныстыру

Маусым

Тамыз


2

Топта құм ойындарын дамыту орталығын  жасақтау

Қыркүйек

3

Құрғақ құммен жұмыс

Қазан

4

Дымқыл құммен жұмыс

Қараша

5

Құм ойындарының картотекасын жасақтау

Желтоқсан

6

Әйнекке сурет салу

Қаңтар

7

Дидактикалық құм ойындарын сабақта және сабақтан тыс уақытта қолдану

Жыл бойы

8

 Тақырыптық ашық сабақтар ұйымдастыру

Оқу жылы ішінде

9

Балаларға құммен сурет салғызу

Наурыз

10

Құммен сурет салуды ата-аналарға  мастер-класс ұйымдастыру

Сәуір

11

«Көңілді саусақтар» сайыс

Мамыр

12

Балалармен құм терапиясы бойынша өткізілген жұмыстарды қорытындылау.

Мамыр


Ересек тобы балаларымен 2016-2017 оқу жылының

«Құм терапиясына» ойындарына арналған жылдық жоспары




Ойынның тақырыбы

Мақсаты

Орындалу уақыты

1

«Сезімтал алақандар»

Ой-қиялдың ,көрнекі,бейнелік және шығармашылық ойлаудың , тактильдік кинестетикалык сезімталдық пен қолдардың ұсақ маторикасын дамыту; Түс пен форманы жетілдіру;

Балаларға өзінің топқа қатыстылығын сезінуге мүмкіндік беру, вербальдық және вербальдық емес құралдарды қолдана отырып, Іс-тәжірибелік қарым-қатынастың дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.


Қыркүйек


2

«Күн баласы»

Тактильдік қабылдауды, көрнекілік- әрекеттік, сөздік логикалық шығармашылық ойлауды дамыту.Қарым-қатынастың вербальдық және вербальдық емес, элементтерін қолдану дағдыларын, үйретуді,әртурлі заттарды, суреттерді «тірілту» негізінде шығармашылық қиялдың элементтерін дамытуды жалғастыру;

Балаларды белсені әрекетке тарту, эмоционалдық жағдайын тұрақтануына ықпал ету.


Қыркүйек


3


«Мишканың таңқурайы»

Сенсорлық-персептивтік саланы,(сезіну мен қабылдау) психомоторлық саланы (мимиканы, қолдардың моторикасын), ертегімен жұмыс істеу, әртүрлі материалдардың көмегімен «тірілту» негізінде шығармашылық қиялды, ойлауды дамыту;

Вербальдық және вербальдық емес құралдарды , логоритмиканың элементтерін қолдана отырып, практикалық қарым-қатынастың біліктілігімен дағдыларын жетілдіруді, психологиялық қорғаныс тәсілдеріне үйретуді (тыныштық сезімін өткеру, өзінің ойымен басқару қабілетіне ие болу)жалғастыру;



Қазан


4

«Құм еліндегі күз» немесе «Біз сиқырды қалай жеңдік»

Балалардың танымдық, интеллектуальдық, эмоционалдық ерік-жігерлік аясын кеңейту, сөздік қорларын дамыту; Шығармашылық ойлау-қабілеттерін дамыту;

Балаларды қиын жағдайдан шығатын жол іздеуге, олардың өзгеру тәсілдеріне үйрету, демалу гимнастикасының техникасымен таныстыру.

Танымдық және психикалық процестерді дамыту; ( форманы, түр түсті , тұтастықты), есте сақтау, назар аудару, қиял,шығармашылық және логикалық қиял, кеңістік ұғымдары, тактильді-кинестетикалық сезімталдық және қолдың ұсақ маторикасын қалыптастыру;

Вербальдық және вербальдық емес құралдарды пайалана отырып, практикалық қарым-қатынастың біліктілігімен дағдыларын, жетілдіру;

Балаларды белсенді әрекетке тарту, эмпатияның көрініс беруіне ықпал ету.

Қазан


5

«Күз сандықшасы»

Танымдық және психикалық процестерді дамыту; (форманы, түр түсті , тұтастықты), есте сақтау, назар аудару, қиял, шығармашылық және логикалық қиял, кеңістік ұғымдары, тактильді- кинестетикалық сезімталдық және қолдың ұсақ маторикасын қалыптастыру; Вербальдық және вербальдық емес құралдарды пайдалана отырып, практикалық қарым-қатынастың біліктілігімен дағдыларын, жетілдіру;

Балаларды белсенді әрекетке тарту , эмпатияның көрініс беруіне ықпал ету.



Қараша

6

«Нан қайдан келді»

«Қабылдауды жекелендіруді» (заттар мен көріністерді өзіндік көру), кинестетикалық сезінуді, назар мен ойлауды белсендіруді дамыту; Шығармашылық ой- қиялды дамыту тәсілдеріне үйретуді ( әдеби мәтінмен жұмыс істеу негізінде), сөздік қорды толықтыруды ,өзінің эмоционалдық жағдайын анықтау және көрсету қабілетін дамыту; Топта жағымды эмоционалдық климатты қалыптастыру.

Қараша

7

«Бауырсақ»

Балалардың танымдық, интеллектуальдық, эмоционалдық ерік-жігерлік аясын кеңейту, сөздік қорларын дамыту; Шығармашылық ойлау-қабілеттерін дамыту;

Балаларды қиын жағдайдан шығатын жол іздеуге, олардың өзгеру тәсілдеріне үйрету, демалу гимнастикасының техникасымен таныстыру. Қабылдауды (форманы, түрлі түсті), көру есту арқылы есте сатауды ,назарды, ой қиялды, кеңістік түсініктерін,тактильді-кинестикалық сезімталдықты және қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;Әртүрлі мәтіндермен жұмыс істеу процесіне лексикалық және сөздік қорды кеңейту,талқылай білу, жалпылауыш сипаттамаларды қолдану;

Қарым-қатынастың позитивтік мотивациясын қалыптастыру, балаларды проблемалық жағдаяттарды шешуге үйрету.


Желтоқсан

8

«Сиқыршылар ертегі әлемін жасайды »

Тактилдік, көру арқылы қабылдауды, вербальдық логикалық, креативтік ойлауды, есту, көру бейнелік есту, назарды, сөйлеуді дамыту; Психобұлшықеттік қауырттылықты алу тәсілдеріне, релаксация әдіс-тәсілдеріне үйретуді жалғастыру; Балалар ұжымында ынтымақтастық сезімін нығайту, келісілген түрде әрекет ете білу.

Желтоқсан

9

«Сиқырлы гүл»

Ойлау дербестігін, тұрақтылықты, назарды, есті, сөйлеуді орнықтыуды дамытады. Жағымды эмоционалдық атмосфера жасау, басқаларға позитивтік қарым-қатынасты қалыптастыру, эмпатияның көрініс беруіне ықпал ету.

Қаңтар



10

«Ойыншықтар қалашығы»

«Кеңістікте және құм тақтайшасында» бағдарлануды, назарды, сонымен бірге балалардың ой-қиялы мен ойлау қабілеттерін дамыту; жаңа идеяларға бастайтын өзара байланыс көруге, шығармашылық түрде ойлауға үйрету.

Қаңтар

11

«Бәлішті түлкі пісірді»

Балалардың шығармашылық ықтималдығын, шығармашылық қиялдың элементтерін (ертегімен жұмыс істеу негізінде) вербалдық есту, көру, жадысын қабылдауды (формасын, түсін, тұтастығын) назарды дамыту. Құммен жұмыс істеудің көмегі арқылы ертегі эпизодарын «тірілтуді» ертегі кейіпкерлерінің эмоционалдық жағдайын, мимикалық мәнерлілікті, қарым-қатынастың қарапайым ережелерін тануды үйрету. Топқа қатыстылық сезімін қалыптастыруды жалғастыру.

Ақпан

12

«Көңілді музыканттар қалашығы»

Тактильді көру арқылы қабылдауды, назарды шоғырландыруды, көрнекі –бейнелік ойлауды, сөздік-логикалық шығармашылық қиял элементтерін, сонымен қатар, қолдарының ұсақ моторикасы мен тактильдік-кинестетикалық сезімталдығын дамыту, эмоционалдық жағдайды тұрақтандыру.

Ақпан

13

«Ақылды тышқан туралы ертегі»

Тактильдік жалпы қабылдауды (ассоциативтік байланыс, логикалық байланысты түсіну, себеп-салдары) есте сақтаудың барлық түрлерін, кеңістік ұғымды, қиялды, сөйлеуді вербальді және вербалді емес құралдарды қолдана отырып дамыту. Басқа адамдардың ертегі кейіпкерлерінің сезімдері мен эмоцияларын түсінуді жақсарту, қабілеттілігі арқылы балалардың ішкі әлемін байыту, бірге күйзелуді үйрету

Наурыз

14

«Тауға гномдарға саяхат»

Есте сақтауды, шығармашылық ойлауды, тактильді сезінуді, өзіндік реттелуді, ұжымдық іс-әрекетте еркін назарды, ой-қиялды дамыту, мәнерлі қимыл-қозғалыс техникасына, себеп-салдарлық байланысты белгілеу тәсілдеріне үйрету жалғастыру, қарым-қатынастың жағымды мотивациясын қалыптастыру, өзіндік айқындалу үшін мүмкіндіктер жасау.

Наурыз

15

«Күн көзінде қонақта»

Логикалық және шығармашылық ойлауды, есті, қабылдауды, қолдардың ұсақ моторикасы мен тактилдік –кинестетикалық сезімталдығын дамыту. Айналасындағылармен эмоционалдық оң қарым-қатынасты дамыту, өзіндік айқындалу үшін жағдай туғызу, қарым-қатынастың жағымды мотивациясын қалыптастыру.

Сәуір

16

«Квак көлбақаның оқиғасы»

Репрадуктивтік қиялды , шығармашылық элементтері бар ойды (ертегімен жұмыс істеу негізінде) байланысты сөйлеуді, сөздік қорды, түр-түстік тактилдік қабылдауды, ой-өрісті кеңейтуді, назарды шоғырландыруды дамыту. Топта эмоционалдық климатты қалыптастыру, эмпатияның көрініс беруіне ықпал ету.

Сәуір

17

«Алтын балықтың саяхаты»

Назарды қабылдауды (материал, түс, форма бойынша заттардың өзіндік ерекшеліктерін), есті, кеңістік түсініктерін дамыту. Қауырттықты алу үшін релаксация тәсілдері мен таныстыру, сезімнің соңғы көріністерін айыруға және моделдеуге үйрету. Эмоцианалды жайлылықтың , сонымен бірге бір-бірін топқа қабылдаудың жағдайын қалыптастыру.

Мамыр

Осындай құм терапиясы ойындары мектеп жасына дейінгі балалар үшін пайдалы әрі қызықты. Балабақшада барлық балаларға құм сабақтары өтуі тиіс және ол ойын түрінде өткізіледі, және міндетті түрде ертегі кейіпкерлерін ензізуге болады. Құм ойындарымен айналысу арқылы балалар даңдылары ұқыпты, дұрыс, әдемі және жылдамдыққа қалыптасады. Сонымен қатар, кіші жастағы балалардың ұсақ қол моторикасының дамуына септігін тигізеді, сол арқылы шығармашылық, бейнелік ойлау қабілеттері көрініс табады. Құммен ойындарды қысқы маусымда да тоқтатпаймыз. Балабақшамызда құмзар алаңы арнайы топта орналасқан. Біз оны оқу әрекеттерінде, балалармен бірлескен әрекеттерінде, дербес ойындарда және шығармашылық жұмыстарда қолданамыз. Құммен ойындарт арқылы баланы қайта өзгертпеу, қайта жасамау, оны қандай да бір арнайы мінез-құлық машығына үйретпеу, балаға өзімен өзі болуына мүмкіндік беру. Құм терапиясының міндеттері Өзін-өзі бағалауды дамыту және өзіне деген сенімге ие болу. Танымдық психикалық үдерістерді дамыту. Өз іс-әрекеттері мен қылықтарында жауапкершілікті қалыптастыру. Өзін қабылдау қабілеттерін дамыту. Өзіне сенім арту. Бақылау сезіміне ие болу. Босаңсу өнеріне үйрену. Балалармен жұмыс істеу кезінде құм терапиясын қолдану бала үшін құммен ойнау – өзі және өз проблемасы туралы айтудың, эмоциялық күйзелісті жеңудің, өз эмоциясын көрсете және оларды игере білудің ең бір табиғи жолдарының бірі. Құммен ойнау кезінде жанасу арқылы сезінуге акцент жасалады, сезуге «мануалдық зейін» дамиды. Дәстүрлі оқыту және дамыту жаттығуларын құм салғышқа ауыстыру қосымша әсер береді. Бір жағынан, баланың сабақтарға деген уәжі артады, екіншіден – танымдық үдерістердің дамуы неғұрлым қарқынды және үйлесімді жүретін болады.

Қорытынды.

Қорыта айтқанда «Құм терапиясының» негізін қалаушы Карл Густав Юнг «Қиялдау - ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы  сыртқы және ішкі  дүние бірге қосылады» деген. Демек бала қиялындағы сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүниесін құмға түсіре алатындығына көзім жетті. Бала қолымен және табиғатпен жасалған шынайы, тартымды және тартымсыз  пішіндерді қолданады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.

   Құм терапиясы арқылы балалардың интелектуалды қабілеттерін, эмоциялық тұрақты көңіл-күйін, белсенді балалардың зейін тұрақтылығын, тұйық балалардың белсенділігін қалыпөа келтіріп, жағымды көңіл күй қалыптастыруда нәтижеге жетуге үлесімді қосқаныма сенемін. Себебі, құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балалардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастарын қалыптастыруда  маңызды рөл атқарады.

Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, қойылған міндеттерді іске асыруда жеке тұлғаны жан - жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін табады. Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан - жақты дамуына «Құм терапиясының» тигізер үлесі өте зор.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет